Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1526

Құмырсқа және бидай дәні

Сабақ: 

Пәні:  2- сынып әдебиеттік оқу

Күні:       23 .02.2022

Сынып:     2 «Ж»

Сабақ тақырыбы:

Құмырсқа және бидай дәні.

 Сабақ негізделген оқу

мақсаты

2.1.2.1*-шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін  мазмұндау, сахналау.

2.2.5.1-мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау.

2.3.3.1-шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну.
 

 

Сабақ  мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.. 

Оқушылардың басым бөлігі:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды

Кейбір оқушылар:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Шығарманың мазмұнын өз сөзімен жеткізеді, сахналық көрініс көрсете алады.

Көркем шығарманың оқиғаның басынан аяғына дейін мазмұнын саралай біледі.

Айтылым, жазылым, суреттер бойынша тапсырмаларды орындай біледі.

 

 

Тілдік мақсат

Оқушылар: мультфильм тақырыбындағы жаңа сөздерді дұрыс айтып және сөйлесім барысында дұрыс қолдана біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер:

 

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: 

 

Талқылауға арналған тармақтар:

 

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

 

Жазылым бойынша  ұсыныстар:

Бірі құмырсқа, екіншісі бидай болып сұхбаттасады.

Құндылықтарды баулу

 

 

Алдыңғы тақырып

 

«Сақина» ертегі

Жоспар

 

Жоспарлаған

уақыт

 

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)

 

 

Басталуы

 


 

10 минут

Миға шабуыл

 

Сәлеметсіңдер ме, балалар!
 Топқа бөлініп алады.

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

Психологиялық дайындық

  1. Аспанға қарап ай көрдім
  2. Төменге қарап жер көрдім
  3. Оңға, солға бұрылып
  4. Егеменді ел көрдім

Балалар ту мен Қазақстан сөздерін жоғарыға көтереді

 

«Сақина» ертегісін абзац бойынша бөліп-бөліп айтады.

I-Mektep сайтынан Ертегілер әлемінен үзінді көрсетіледі.

.

 

Ортасы

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

10 минут

 

 


Жаңа сабақ. Құмырсқа және бидай дәні

Егінді түгел жинап алғаннан кейін бидайдың жалғыз дәні жерде қалып қойған еді. Қыс түспей тұрып, өзіне топырақ астынан пана іздеуді ойлады. Осы кезде қасынан өтіп бара жатқан құмырсқа бидайдың дәнін көрді де, қуанғаннан бұл олжасын илеуіне қарай домалатып ала жөнеледі. Қабырғасы қайысып, көп азапқа түскен құмырсқаға бидай дәні:

  1. Әй, құмырсқа, сен бұлай бейнетке бата бермесең қайтеді. Мені таста да кете бер, - деді.
  2. Мен сені тастап кетсем, қыста азықсыз қаламын ғой. Біз көппіз. Осылай әрқайсысымыз бір-бірден дән апарсақ, қысқа көп азық жинап ала аламыз. Сонда бидай дәні аз ойланып тұрып, былай деді:
  3. Әй, еңбеккер, азапқор құмырсқа, менің сөзімді тыңдашы өзің. Құмырсқа арқасындағы ауыр дәнін түсіріп, дәннің сөзін тыңдап, демалып отырды. Дән айтты:
  4. Кел, құмырсқа, екеуміз шарт жасасайық. Менің бойымда ғажайып жасампаз ұлы күш бар. Менің игі мақсатым – өз бойымнан жаңа өмір туғызу. Егер мені илеуіңе апармай, далаға тастасаң, келесі жылы менен бір дәннің орына жүз дән аласың.
  5. Қалай сен жүз дән бола аласың? – деді құмырсқа сеніңкіремей.
  6. Құмырсқа, бұл өмір құпиясы. Мені топырақ астына көміп кет. Келесі жылы қайта оралсаң мен жүз дән болып өсіп тұрамын. Құмырсқа жыл өткізіп, қайта келсе, бидай өз сөзінде тұрған екен.

Тыңдалым.  Құмырсқа мен бидай  (Муравей и зерно) мультфильмін тамашалайды. 

Леонардо ва Винчи


Электронды оқулықтан:

тыңдатылады.

Айтылым. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы сұралады.


46-беттегі суретте ертегінің қай сәті бейнеленген? Әңгімеле.

Жазылым.

Жұптық жұмыс

Оқушылар құмырсқа мен бидайдың роліне енеді. Бірі құмырсқа, екіншісі бидай болып сұхбаттасады.

 

Айтылым. Бидай пікірінің дұрыстығын дәлелдеңдер 


Жазылым. Осы ертегінің  қай топқа жататынын белгілеп, сызбаны толтыр.

Сергіту сәті. Қыдырып қайтайық




 

Аяқталуы

 

5 минут

 

 

Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Үй тапсырмасы. «Құмырсқа және бидай дәні» ертегісін оқып, түсінік айту.

 

Қосымша ақпарат:      Өзін-өзітану 4-сынып  Бөбек-Алматы баспасы, 2014 жыл

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

 

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы 

Кері байланыс беру арқылы бағаланады.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа  сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:   

2: 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: 

2: 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 

Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.

 

423 0
Гүльжан Танкишова, №58 жалпы орта метебінің Бастауыш сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001932
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: