Пән: Әдебиеттік оқу |
| |||||||
Күні:08.10.19 ж |
| |||||||
Сынып: 4 «Ғ» сынып |
| |||||||
Сабақ тақырыбы |
| |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||
Пәнаралық байланыстар |
| |||||||
АКТ қолдану дағдылары |
| |||||||
Бастапқы білім |
| |||||||
Сабақтың барысы |
| |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
| ||||||
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Сыныпты топқа бөлу.Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Топтық ережесін құрастыру
Өзін- өзі бағалау тапсырмасын түсіндіру Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Адами асыл қасиеттер тақырыбына шолу жасау. Қазақтың атақты билери туралы түсінік беру. «Айналмалы бекет» әдісі бойынша үй тапсырмасы сұралады. Шешендік сөздер дегеніміз қандай сөздер? Шешендік сөздер-терең оймен, шебер тілмен айтылатын халық шығармасы. Қазақтың атақты билери кімдер? Төле би. Қазыбек би,Әйтеке би туралы алған білімдерін,топта , жұпта ортаға салады. Би сөзі-көркем сөз өнерінің шынайы үлгісі.Халқымыз билерді қадірлеп олардың жағымды сөдерін есте сақтаған.Ел аузында Әйтеке жарып айтады,Қазыбек қауіп айтады, Төле тауып айтады деген ұлағатты сөз бар. Көрініс арқылы алдыңғы білімді қорыту. Алдыңғы сабақты топта бағалау. Жаңа сабақ Интербелсенді тақтада сурет көрсетіледі. Суреттегі адамды білеміз бе? -Оқушылар суреттегі адам туралы өз білгендерін айтады. - Жарайсыңдар балалар. -Дұрыс айтасыңдар бұл Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлы 1910-1982 жылдары өмір сүрген. Жазушы,әскери қолбасшы,халық қаһарманы. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген. «Кеңес Одағынығ батыры», «Хадық қаһарманы» атақтарын алған.Ерлікке толы ғажайып өмірі туралы естеліктер жазған. |
| ||||||
Сабақтың ортасы | Оқушылардан Бауыржан ата туралы білетіндерін сұрап, өз тарапымнан толықтырамын. Оқулықтағы ақпаратты пайдаланамын. «Түсініп оқы» айдары «Аялдамамен оқу» әдісі бойынша жүзеге асады. «Ұшқан ұя» мәтіні оқылып, оқу барысында аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік жүргіземін. Оқушыларға мәтінді оқытып . «Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына талдау жасатамын). «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. Сөздердің мағынасын ашу. Айттыру – құда түсіп, қыз алып беру «Бата жөні өзіңдікі» – «батаны өзің бергенің жөн» Шіл болма – бұл жерде: « кішкентай дәрменсіз құс сияқты болма» деген мағынада. «Пікіріңді айт» айдары бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін оқулықта берілген мақалдармен байланыстырады. 1. Мәтіннен жазушының отбасы мүшелеріне деген қандай сезімдерін байқадың? 2. Жазушы сәбидің дүниеге келуіне байланысты ұлттық дәстүрлердің қайсысын еске алған? 3. Өз отбасында қандай әдет ғүыптар бар? «Есіңе түсір» айдары – Қазақ халқында батаның түрлері көп. Мысалы, ел мен жерге берілетін бата, асқа берілетін бата, ақ бата, тағы басқа. Ақ бата – ата-ана мен ақсақалдардың, ел ағаларының ұрпақтарына білдірген тілегі. Батаның түрлерін естеріне түсіреді. Қандай жағдайда берілетініне қысқаша түсінік береді. Бата білетін оқушыларға бата бергізуге болады.
«Дәлелде» айдары бойынша Бауыржан отбасындағы қай бала болғандығы туралы дәлел келтіру. Бұрынғы Бауыржанның балалық шағы туралы оқыған әңгімелерін естеріне түсіреді. а) Тұңғышы ә) Ортаншысы б) Кенжесі
Дескрипторы: «Бауыржан отбасындағы қай бала?» деген сұраққа қатысты өз пікірін білдіреді. Пікірінің дұрыстығын дәлелдейді. Дәптермен жұмыс. Арнайы дәптерден берілген тапсырманы орындайды. Топтық жұмыс Мәтінді қалай түсінгендерін постерді қорғау арқылы көрсетеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Топтан бір оқушы шығып қорғайды.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі Үзіндіні 3-жақта (ол) өзгертіп оқиды. Оқушылар зат есімді 3 жақта тәуелдеу туралы қазақ тілінен алған білімдерін естеріне түсіреді.
«Момыш әкемнің айтуынша, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше желтоқсанның жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де хабаршы жіберіпті...» |
| ||||||
Сергіту сәті |
Сергіту сәті «Қызыл гүлім – ай»
|
| ||||||
Сабақтың соңы | «Қорытынды жаса» айдары бойынша жұмыс жүргізіледі. Интервью әдісімен сабақты қорытындылау. Әр топ өз топтарынан бір тілші,бір кейіпкер шығарады. Тілшілер бір сұрақ дайындайды.Кейіпкер сол сұраққа нақты,мағыналы жауап беруі тиіс. «Имаш атаның немересіне берген батасы, тілегі қалай орындалды?» деген сұрақ төңірегінде оқушылар өз ойларын топта ортаға салады. Қазақ халқының өмірінде батаның алатын орны туралы қорытынды жасайды. Мұғалім тәрбиелік мәніне назар аударады. Үй тапсырмасы: Ғаламтордан немесе отбасындағы үлкендерден батаның бір түрін жазып алып, жатқа айтуға дайындал. Рефлексия «Бағдаршам » әдісі.бойынша өз ойларын білдіре алады.
|
| ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
| |||||||
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
| |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
| |||||||
Қорытынды бағалау | ||||||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |