Бөлім: | Дені саудың-жаны сау | |
Мұғалімнің аты-жөні | Баталова С | |
Күні: | 03.02.2022 | |
Сынып: 2 «Б» | Қатысушылар саны:24 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы | Қауіпсіздік ережелері | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс күнделікті өмірдегі қауіпіздік ережелерімен танысу | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: табиғаттағы, көшедегі, тұрмыстағы адам өміріне қауіпті жағдайларды анықтап, қауіпсіздік ережелерін айта алады. Көптеген оқушылар: қауіпті жағдайларға байланысты жағдаяттық сұрақтарға жауап бере алады. Кейбір оқушылар: қауіпті жағдайларда хабарлауға тиісті мекемелердің телефон нөмірлерін атай алады. |
Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/ уақыт 5-мин | Педагогтің әрекеті Сәлемдесу. Топқа бөлу 1-топ Көшедегі қауіпсіздік 2- топ Ормандағы қауіпсіздік 3-топ Үйдегі қауіпсіздік 4- топ Судағы қауіпсіздік Сабағымызды уәде беруден бастайық. Қолыма айнаны алып мен өзім сендерге уәде беремін. Бүгінгі сабақта белсене қатысқан .оқушыга медаль беремін. Уәде беремін Содан кейін оқушылар уәде береді | Оқушының әрекеті Айнаға қарап уәде береді | Бағалау | Ресурстар Айна | |
| Сабақтың басы 5 мин
5-мин
| Өткен сабаққа шолу «Алтын жебе» әдісі мен сұрақ-жауап арқылы жүреді. Тақтаға 1-ден 8-ге дейін сандар ілінеді Садақпен атып жебе тиген санды алып,сол жердегі сұрақтарға жауап береді. 1.Қандай пайдалы тағамды білесің? 2.Зиянды тағам түрлерін айт. 3.А дәрумені қандай тағамдарда болады? А дәрумені қандай пайдасы бар? 4. В дәрумені қандай тағамдарда болады? В дәрумені қандай пайдасы бар? 5. Д дәрумені қандай тағамдарда болады? Д дәрумені қандай пайдасы бар? 6. С дәрумені қандай тағамдарда болады? С дәрумені қандай пайдасы бар? 7.Тамақтану кезінде қандай ережелерді ұстанасың? 8.Сүт тағамдарын ата. Жарайсыңдар балалар сендер өткен тапсырманы жақсы түсініп алыпсыңдар. Оқу материалын жариялау Ал балалар, жер бетіндегі ең қымбат не деп ойлайсыңдар? -Әрине біздің өміріміз Өмір-бұл ұлы тіршілік.Өз өмірімізді үлкен құндылық ретінде қабылдап оны сақтауымыз керек. Бірақ адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларда кездеседі. Қауіп қатер бізге кез келген ортада кездесуі мүмкін. Ол мейлі көшеде, орманда ,қалада,судың жағасында тіпті үйімізде кездесуі мүмкін. Үйіміз ең қауіпсіз,сенімді жер болып саналғанымен үйдегі заттармен,техникаларға абай болмасақ,оларды дұрыс пайдаланбасақ өте қауіпті болуы мүмкін. Соның бірі газ. Газдан сақтану Газ,ол түссіз,көзге көрінбейтін улы зат. Мына жерде үстелде -Қандай заттар тұрғанын ата. -Бұл заттар туралы не білесің? -Қауіпті заттардан қорғану туралы не айта аласың? - Ендеше бүгінгі сабақта не туралы білетін боламыз? |
Сұраққа жауап беріп, тақырыпты ашады.
| Өзін-өзі бағалау
«Ауызша бағалау» «Жарайсың!» тб
|
Бөліктерге бөлінген қауіпті заттар суреті | |
| Сабақтың ортасы 25 мин
| (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады. А) Мәтінді оқып таныс. Ә) Сұрақтарға жауап бер: Суреттегі қыз баланың айналасынан қандай қауіпті заттарды көріп тұрсың? Оған қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Б) Суреттерге қарап жауап бер. Дескриптор: - Мәтінді оқиды. - Қауіпті заттар туралы әңгімелейді. - Жағдаяттан шығу жолын айтады.
Сергіту сәті: Балалар-ау,балалар Сіріңкеге қараңдар Өзі кішкентай болсада Бойында алып күші бар Абайсызда от шығар Соны есте сақтаңдар.
2- тапсырма «Зерттеп көр» әдісі арқылы жүреді. Сен көшеге шықтың делік. Бейтаныс адам сенімен сөйлескісі келді. Мұндай жағдайда сен не істер едің? А) Суретке қарап болған жағдайды сипатта. Мұндай жағдайда өзіңді қалай ұстар едің? 3- тапсырма Суретке қара. Су қоймасындағы қандай жағдай балалар үшін қауіпті? Неге? Б) Өзін-өзі ұстаудың қауіпсіздік ережелерін құрастыр. Дескриптор: -Болған жағдайды сипаттап, өзін ұстау жолын әңгімелейді. - Су қоймасындағы балалар үшін қауіпті жағдайларды атайды. Бірінші және ең негізгісі-суда жүзе білу. Тыйым салынған суда,су қоймаларында шомылуға болмайды. - Қауіпсіздік ережелерін құрастырады. Топпен жұмыс Әр топқа сурет беріледі,суретке қарап қауіпсіз ережелерін құрастырады.
Кейбір оқушыға: - Қауіпті жағдайларда хабарлауға тиісті мекемелердің телефон нөмірлерін ата. Өрт болған жағдайда 104 Жедел жәрдем 103 Полиция 102 Сәйкестендіру суретті сәйкестендіреді Дәптермен жұмыс Қауіпті жағдайда хабарлауға тиісті мекемелердің номерлерін жазамыз Топтық жұмыс Кім көп біледі? От,өрт туралы нақыл сөздер айтады 1.Сумен ойнама батарсың Отпен ойнама күйерсің 2.От тілсіз жау 3.От пен су тілсіз 4.Ұшқын түбі өрт 5.От жақпа ойын түбі өрт 6Сіріңкемен ойнағанмын Не боларын ойламадым 7.От жақпа күйерсің, Өртеніп жүрерсің 8.Түтінді түрткен ,өзі өртенеді От арық ,су семіз | - Мәтінді оқиды. - Қауіпті заттар туралы әңгімелейді. - Жағдаяттан шығу жолын айтады.
Сергіту сәті
--Болған жағдайды сипаттап, өзін ұстау жолын әңгімелейді. - Су қоймасындағы балалар үшін қауіпті жағдайларды атайды. - Қауіпсіздік ережелерін құрастырады.
| ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
| Оқулық,
Оқулық , дәптер
| |
| Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: «Қол белгісі» әдісі бойынша өтеді. Бас бармақ- өзімді қалай сезіндім? Балан үйрек- басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек- бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек- бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек- бүгін не үйрендім? Оқу тапсырмасы: Мәтінді оқып мазмұнда. | Тапсырма бойынша ой қорытып, сабаққа рефлексия жасайды.
|
|
| |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
АКТ қолдануда қауіпсіздік техникасын сақталуын қадағалау |