Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1520

Инклюзивті білім беру – заман талабы

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған 

мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім бе-рудің мақсаты — даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни, адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Мектептерде инклюзивті білім беру жағдайында қойылатын талаптар: 

-оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау; 

-кадрлармен (психолог, медбике) қамтамасыз ету;

- жалпы білім беру үдерісіне ендірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау,

-педагогтарға, мүмкіндігі шектеулі және сау балаларға, сондай-ақ мектептің 

техникалық персоналына кеңестер беру. Педагогика жүйесінде балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі балаларды мінез - құлқындағы кемшіліктерді ескере отырып оқыту, олардың ой - өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады.

      Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктері олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне, яғни оқу, жазу, ортаға бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен, құрдастарымен қарым - қатынасына кері әсер етеді. 

      Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен рымен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

     Осы жаһандық маселеге алем ғалымдары мынадай анықтама

береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни,жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. 

    Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.Демек,инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды окуда жетістікке жетуге ықпал етіп,жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады . Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы» , «Біліп беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы-барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.  Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының  Бас Ассамблея мақұлдап,БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілілген.

    Өзім білім беретін Абай атындағы #4 мектеп-лицейде де инклюзивті білім беру бағытында балалармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері бар. Ұстаз ретінде мен әрбір оқушымның кедергісіз білім алуына қолайлы жағдай жасаймын. Қазіргі таңда менің сыныбымды инклюзивті білім  алатын бір оқушы бар.

    Қорыта келгенде,педагогик  жүй елінде балалардың оқыту мен дамытудың маңыздысы құрамдас бөлігінің бірі-мүмкіндіктері шектеулі балаларды мінез-құлқындағы кемшіліктерді  ескере отырып оқыту,олардың ой-өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады. 

    Жалпы,мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктері олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне яғни оқу, жазу, ортаға бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып баланың үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. 

   Инклюзивті оқыту-барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту, оқушылардың  тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне,адамдармен  қарым-қатынасына қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Бастысы кедергісіз білім алып,дамуына ықпал жасайды.  Сондықтан инклюзивті білім беру қазіргі қоғамның талабына айналып отыр 

262 0
Акниет Алькенова, Абай атындағы № мектеп-лицейінің Бастауыш сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001926
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: