Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI152

ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ИННОВАЦИЯНЫҢ, ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

                                                                                                                         «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал

                                                                                                                           жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

                                                                                                                                                                        Н.Ә. Назарбаев

     Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты

міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық

ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп атап көрсеткен.

    Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы

білім беру үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз. Сондықтан ғылыми-

техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп,

нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Жаңа технологияның басты

мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше

шешім қабылдауға дағдыландыру. Білім беру саласының дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды

демократияландыру еліміздің колледждерде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен

педагогикалық және инновациялық әдістері мен педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану

қажет етеді. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру оқытушының студенттің өзін – өзі дамытуына қолайлы

жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс – әрекет ету даралық қабілеттерінің

артуына себін тигізеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер «белсенділік», «инновация», «әдіс», «тәсіл»,

«интерактивті оқыту әдісі», «педагогикалық технология» ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді.

Инновация білім беру саласында жаңалық енгізу, оқу және тәрбие мазмұны мен ұйымдастыруын

және олардың тиімділігін арттыру – білім беру процесін айтарлықтай өзгеретін білім саласындағы

жаңалық.

    Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен

тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің,

әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы. Студентке белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды

меңгертумен қатар дүниетанымын кеңейтіп, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі

күннің басты талабы деп отырмыз. Сондықтан, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа

технологияларын меңгермейінше, сауатты маман болуы мүмкін емес. Әрбір ұстаз барлық

жаңалықтардан хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп, оларды

тиімді қолдану жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамыта отыру қажеттілігі заман

талабына өзінен – өзі туындап отыр.

    Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары

жүзеге асырылуда. Инновация жаңаны өсірудің соңғы нәтижесі немесе тәжірибелік іс-әрекетте

пайдаланылатын технологиялық процесті жетілдіру ретінде қарастырылады.

   Педагогикалық еңбектерде инновациялық процестің кезеңдері:

   1. Жаңа ұғымды ашу, бұл жаңа идея немесе жаңалықтың тұжырымдамасының пайда болу кезеңі,

     ғылыми іргелі немесе қолданбалы зерттеулердің нәтижесі;

   2. Жаңаны ендіру, жасап шығу, яғни нақты материалдық немесе рухани құнды үлгіні ұсыну;

   3. Жаңа тәжірибеде қолдану кезеңінде жаңа ұсынысты алып, өңдеп, толықтырып, тұрақты,

     нақты тиімділігі анықталғанша сынақтан өткізу;

   4. Жаңаны тарату кезеңі;

   5. Жаңа нақты бір аумақты сынақтан өткізу кезеңі, осы кезде жаңа күнделікті әрекет ретінде

     қолданылады;

   6. Жаңа сипаттағы өзгерісті талдап, өндіруге байланысты, бұрынғы қалыптасқан процесті

     пайдалану аясы біртіндеп азая түседі.

   Инновациялық әдіс – педагогикалық еңбектің өнімділігін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа

үлгілерімен әдістерін құру үрдісі. Педагогикалық инновациялық әдіс келесі белгілермен сипатталады:

    -өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту,

     жетілдіру, қабылдау қабілеті;

    -жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының

     нәтижесін ұғыну;

    -жаңа ғылыми зерттеулерді оқып олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізу;

    -педагогикалық инновацияның жаңа әдіс-тәсілдерін өз бетінше қолдану;

   - педагогикалық кертартпалықпен, қайшылықпен, артта қалушылықпен күресе білу.

   Осы айтылған міндеттерді жүзеге асырған ұстаз сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп,

студент оқытуда инновациялық әдісті тиімді пайдаланады. Сонымен, инновациялық әдіс деп

оқытушының жаңа идеяларды, әдістерді оқу-тәрбие үрдісінде өз тәжірибесіне, студенттердің білім

дәрежесіне байланысты енгізіп, қолдануын айтамыз.

452 0
Бакыт ШАМЫГУЛОВА, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы Ұлы дала ұстазы № 000102
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: