Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1519

Жамалдың тағдыры...

       Міржақып Дулатов шығарма негізінде алынған «Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе ескі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры еді. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің бақытқа жету жолындағы өмірінің соңына дейін күресі мен қиындыққа толы бейнесі суреттеледі. Шығарманың сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін иірімдерден бастап, қазақ қызының тағдырын шешкен әлеуметтік теңсіздік жағдайлары ашық көрініс тауып отыр. Сонымен қатар романда нақты қандай түйткілді мәселелер көтерілген? Қазақ қызының рухани өміріне қатысты қандай оқиғалар орын алады? Деген сұраққа сауал іздесек....

    Халық   тағдыры арқау болған 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туындыға айналды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман . Міржақып осы шығармасына арқау болған Т. Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С. Көбеевтің "Қалың мал", С .Торайғыровтың "Қамар сұлу", т.б. романдарына жол ашып көрсеткендей. Алайда, мұның бәрі де сол кездегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге айналып отырғандай. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы толықтай баяндалды. "Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі салт, әдет-ғұрыптың шырмауына түскен қазақ қызының тағдыры болатын. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы толықтай суреттеледі.

         Ерте заманның шырмауында қалған қазақтың көзін осындай қазақ қыздарының алдыға суырылып шығып, өз теңдігін сұрауы ашқандай болады. Алайда бұл шығармада тек қана ата-ана қарсылығы емес, сонымен қатар қызды адам емес  бір зат ретінде көретін, болмаса кедейліктің шырмауынан құтылғысы келетін, ақшаны көздеген оны қалыңмалға айырбастайтын ашкөз, сараң адамдардың бейнесі  де назардан тыс емес. Мәселен, өз әкесінің билік үшін қызының өмірін күлге айналдырғаны; оның сезімдерімен санаспай, бір бірін ұнатқан  қос ғашықты айыруын қателік деп, мен келіспес едім. Шығарма сол кезеңдегі, қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан бастау алады. Менің ойымша, Міржақып Дулатов өз туындысында Жамал қыздың тағдыры арқылы, тар заманның шынайы бет бейнесін, халықтың сол кездегі жағдайының бәрін ашып көрсеткендей. Себебі, романда  Сәрсенбай мен Жамал арасындағы, бай мен кедей деп бөлінген таптық өкілдердің арасында қарама қайшылықтар мен адамдардың  рухани жағынан емес, байлығына қарап бөлінуі, адами қасиеттерді бағаламауы шынайы көрсетіледі. Сонымен қатар, заманының кесірінен өзгерген  әке мінезі осыған дәлел болып отырғандай.  Жамал мен Ғали канша кашып жан сауғаласа да мунысынан ештеме шықпады. Түптің түбіне келе қасірет тағдырына қайта жолығып, соңы бақытсыздықпен аяқталды.

   Сөз соңына келе, халқының  халі үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер М. Дулатовтың романында сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен салт санасы бір адамның тағдырымен байланыс тапқандай. Жамал қыздың басынан өткен оқиғалары арқылы  біз, қазақтың сол кездегі рухани өсу жолы мен кері кеткен замана ащы шындығын көрсетіп отырғаны суреттеледі.

436 0
Манат Сындаркулова, «№49 орта мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001925
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: