Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1512

Қазақтың ұлттық киімдерінің физикасы

«Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана  табысқа жетеді»             

                                                                                       Н.Ә.Назарбаев

 

Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін саяаси экономикалық реформалардан бөлек біртұтас ұлт ретінде сақталу үшін, ұлттық рухани жаңғыру қажет болды. Сол орайда тұңғыш елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы бүгінгі күні білім саласының басты нысанасына айналып отыр. Рухани жаңғыру – бұл ұлттық руханиятты түгелдеу, атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызды өзгертпей келешек ұрпаққа жеткізу, санасына қалыптастыру.

Заман ағымынан қалмай ілгері жүру мақсатында ақыл-ойдың алыбы ұлы Абайдың  «Ғылым іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» дегендей, тез жетілудің амалын, әдіс-тәсілдерін іздестірген абзал. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жолдары мен әдіс-тәсілдері, үздіксіз үрдістері, жаңа жобалары озық елдерде жасалынып, қолға алынып жатқаны мәлім, ендеше болашақ физика пәні мұғалімінің,оқытуда  ғылыми басқаруы  әбден қажет.

Абай шығармаларын физика пәнін оқыту үрдісінде қолдану-физика пәнінен білім беру жүйесін жүйелі түрде жаңарту деген сөз. Жүйелі жаңартудың мақсаты білім берудің жеке тұлға мәртебелілігін нақтылаудың дидактикалық, әдістемелік механизмдерін негіздеуді қажет етеді. Осы бағытта еліміздің жалпы физика пәнінен білім беру саласында жүріп жатқан жаңартулардың нәтижелілігі мұғалім қауымының ғылыми дүниетанымынның кеңдігіне, рухани дүниенің баюына, кәсіби әрекетінің жаңаша ұйымдастыруына байланысты.

Абай мұрасы арқылы мектептерде оқушылардың физикаға қызығушылығын арттырудың ұтымды әдістемелік жолы-оқу материалдарын олардың өз мамандығымен байланыстырып отыру болып табылады. 

Физиканы оқыту барысында пән аралық байланысқа ерекше көңіл бөлген жөн. Өз тәжірибемде физика сабағында оқушылардың таным белсенділігін шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында халқымыздың бай, озық мәдениетін ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрді, оқып меңгерген табиғат заңдарын бізді қоршаған ортада, яғни күнделікті өмірден екенін өздері көріп, біліп тануы үшін пәнаралық байланысты халық даналығымен ұштастыра отырып, сабақ берудің тиімді жолдарын қолданамын. Мысалы Абайдың «Ескілік киім» өлеңін оқып талдау арқылы физика пәнін әдебиет пәнімен кіріктіре отырып, этникалық тарихпен экономикалық әлеуметтік және табиғаттық жағдайларын қарастыруда оқушылар поэтикалық және прозалық көркем шығармаларды оқығанда физикалық құбылыстарды,заңдарды тауып пәндік білімдерін пысықтайды. Қазақтың сан түрлі салт-дәстүрінде, әдет-ғұрыпында қолданылған ақылды ой-өнегесін тәлім- тәрбиелік бағдарламаға енгізуі кезек күттірмейтін өзекті мәселе.Табиғатпен келісе өмір сүру салтын ата-бабаларымыздан қалған ақыл ретінде  физика сабағында қолданысы оның ғылыммен ұштасатынын көрсетеді. Қазақтың ұлттық   киімдерінің қасиеттерін физикалық тұрғыдан сипаттап қарауда: ата-бабамыздың мұралық артықшылығын, оның ежелден ақылмен тұрмыс құруға бейімділігін көрсету арқылы  оқушының бойында ұлтжандылық, патриоттық сезімін қалыптастырамыз және сөз қорын арттырып,  оқушының ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетін,логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

                                              Ескілік киім

Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап кигенім-шидем шекпен.

Жейде –дамбал ақ саннан, жарғақ шалбар,

Жырым балақ, матамен әдіптелген. 

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тондырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісе белімде жез салдырған,

Шақпағым дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп.  .

Енді көне мұраның физка ғылымымен сабақтастығын қарастыратын болсақ яғни физика тілінде талдасақ:

 

Киім түрлері

 

Киімнің ерекшеліктері мен атаулары

Физикалық түсіндірме

 


Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терілерінен тігеді сыртын матамен  тыстайды. Мысалы қасқыр ішік, түлкі, бөкебай, қарсақ, бұлғын ішіктер қыста, пұшпақ ішік, зорман ,жанат, елтірі ішіктер қара  күзде көктем айларында киеді.

Адам денесінің жылуы жүн талшықтарының арасындағы ауаның жылу өтімділігінің төмен дәрежеде болуының арқасында сақталады.


Сәукеле -  әйелдердің бас киімі, оны ұзатылатын қыздар киеді, аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеленің негізгі бөлігі тәж, төбе, құлақбау, және артқы бойы. Оның биіктігі 2-3 қарыстай, ал дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере бастайды, бұл шаңырақтың белгісін береді. Жоғарғы жағына үкі тағады. Сәукеле ең қымбат маталардан қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу, маржан, гауһар, мерует лағыл тастармен, матасына әшекей, шашақ тіксе, ал жиегін құндызбен көмкерген.

Адамның төбесімен бас киімінің арасында ауа жиналады. Ал ауа қабаты жылу изоляторының қызметін атқарады. Метеоқорғаныс.


Тымақ – аң терісінен тігілген қалың, құлағы түсінкі ұзын баскиім. Оны ерлер  аңшылыққа шыққан, тағы басқа жағдайда қысқы аязда киеді.

Бөрік – қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық баскиім, оны бағалы аң терісінен және төлдің терісінен жасайды. Оның жаздық және қыстық түрі болады. Бөрікті ерлер де, қыздар да киеді.

Адамның төбесімен бас киімінің арасында ауа жиналады. Ал ауа қабаты жылу изоляторының қызметін атқарады. Метеоқорғаныс. Жүн талшықтарының арасындағы ауаның жылу өтімділігінің төмен дәрежеде болуының арқасында сақталады.


Өңіржиек – көйлектің

сыртынан омырауға тағылатын өте қымбат бағалы, әшекейлі сәндік бұйымы болып саналады. Алтыннан, күмістен самдап соғады. Зергерлер өңіржиекті үзбелеп салпыншақтар тағып, асыл тастардан көз орнатып жасайды.

 

 

 

 

Бұл қыздардың кеуделік әшекейлері күміспен, асыл тастардан жасалып күн сәулелерін (соның ішінде аса зиянды ультракүлгін, инфрақызыл сәулелерін) шағылту қызметін атқарады.


Сырға-құлаққа тағылытын сәндік бұйым. Б.з.б. 2-ғасырда алтын, күміске асыл тас орнатылған сырғалар жасала бастаған. Қазақ халқында атыстырған қыздың құлағына сырға тағу(кейде үкі қадайды) рәсімі осы күнге шейін бар. Егер басы бос болса, сырғаны керегедегі түскиізге қыстырып қояды.

Тастардан және металдардан сәндік заттар  жасау үшін оларға жылу жұмсау арқылы физикалық қасиеттеріне әсер етіп агрегаттық күйлерін өзгертеді, ығысу, иілу, бұрау деформацияларына ұшыратады.


Жүзік дегеніміз әр түрлі пішінде әзірленген алақаны бар, саусаққа сәндік үшін киілетін сәндік әшекейлі бұйым.

Балдақ- алтыннан, күмістен сомдап соғылған немесе құйылған, жай шығыршық тәрізді сақинаны айтады.

Инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелері тақырыбы барысында күмістен, алтыннан, асыл тастардан жасалынған жүзіктер күн сәулелерін соның ішінде аса зиянды ультракүлгін, инфрақызыл сәулелерін шағылтырады. Лағыл тастар, күміс адам денсаулығына әсері бар.


Алқа- әйел адамдар мойынна, омырауына тағатын әшекейлі сәнді бұйым. Қейбір құлаққа тағатын дөңгелек сырғаны да алқа деп атайды. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылғанмен бертін келе оның түр-сипаты өзгеріп, тұмарша түрінде, әр түрлі үзбелі салпыншақты кейіпке ауысқан.

Бұл қыздардың кеуделік әшекейлері күміспен, асыл тастардан жасалып күн сәулелерін (соның ішінде аса зиянды ультракүлгін, инфрақызыл сәулелерін) шағылту қызметін атқарады.


Білезік-әйелдердің білекке сәндік үшін салатын әшекей бұйым. Білезік күмістен, алтыннан соғылып, құйылып, бұрмаланып жасалады.Білезіктер сыртқы түрі мен джасалу әдісіне қарай қос білезік, бұрма білезік кавказ білезік, көзді білезік, өрме білезік үзбелі білезік, топсалы білезік, қолқа білезік, шор білезік болып бөлінеді.

Білезік-  металдардан жез, алтын, күміс жасалынады. Жезді беріктік шегін арттыруға және әшекейлеуге, сәндік заттар жасау үшін зергерлер олардың жылу өткізгіштігіне байланысты жылу жұмсау арқылы физикалық қасиеттеріне әсер етіп агрегаттық күйлерін; ығысу, иілу, бұрау деформациясына түсіріп түрлі әшекей жасайды.


Шапан – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн мақта салып, астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: шырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан, қи

«Жылу өтімділігі» ұғымы тұрғысынан: қабат-қабат киілген киімдердің арасында ауа болады, ол өте жақсы жылу изоляторы болып табылады, өйткені ауаның жылу өтімділігі, басқа заттарға қарағанда аз.


Қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамның бас киімі. Зәкір тәріздес, конус тәріздес, айыр қалпақ түрлері бар. Конус тәріздес қалпақты әлділер құндыз немесе сусар бөріктің үстінен киетін болған. Ол барқытпен қапталып, алтын зерлермен кестеленіп биік жасалған.

 

Қалпақтың жиектері адам көзін, бетін күн сәулесінің тура түсуінен қорғайды.


 

 

 

 

 

Жарғақ шалбар – киімге жарарлақ құлын мен ешкінің иленген терісінен тігіледі. Барқыт мәуіті секілді әрі мықты әр қалың бір түсті матадан қапталып шетіне оюлар салынып тігілетін шалбар. Қыста, күзде, көктемде ер адамдар киеді.

 

 

 

 

 

 

Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсі әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқкиім.

Саптама етік – ішіне астар киізден салынып, былғарыдан тігілген жылы аяқкиім. Саптама етіктің өкшесі аласа болады. Өкше тозбау үшін оған нәл қағады.

«Қатты денелердің механикалық қасиеттері» тақырыбы бойынша:  мал терісін арнайы илеп жұмсартқан.  Үйкеліс құбылысымен жағымсыз жағдайда  күресу. Заттың беріктік шегі бойынша тері шалбар берік болады. Жылу өткізгіштік бойынша жел өткізбейтін жылы болады.

 

 

 

 

 

 

 


 


Қасаба -  жаңа түскен келіндер тойдан кейін немесе сәукелені шешкеннен кейін киетін ертеден келе жатқан баскиім.

Тақия – Жас қыздар ұзатырғанға дейін киетін жеңіл, әсем баскиім. Биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үкі тағылады.

Адамның төбесі мен бас киімінің арасында ауа жиналады. Ол жылу изоляторының қызметін атқарады. Сырттағы суықты ішке, іштегі жылуды сыртқа шығармайды.


Жаулық -  орта жастағы әйелдер төртбұрышты мақта матасынан немесе жібек матасынан бүктеп тағатын орамал. Сәндік үшін жаулықтың астына күндік немесе қатты матадан тігілген тақия тәріздес баскиім, қасаба киіледі. Жаулық негізінде ақ матадан немесе ақшыл түстес маталардан тағылады.

Кимешек -  жасамыс әйелдер киетін баскиім. Ол он бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш  немесе күндік ақ мата оралады.

 

Жаулық екі бөліктен тұрады; екі бөлігіде ақ матадан тұрады. Ақ матаның жарық сәулесін шағылту қабілеті өте жоғары. Қара матадан он үш есе, көгілдір, сры түсті матадан – 2,5 есе артық. Күн сәулесінің ультракүлгін бөлігі атмосференың жоғарғы қабаттарында нашар жұтылатындығынан адам ағзасына елеулі әсер етеді: Мөлшері нормадан асса адам денсаулығына зиян. Жаулық әйледердің басын, арқасын, кеудесін атмосферадағы түрлі сәулелердің, магнит, электр өрістерінің, жылу алмасуының т.с.с. зиянды әсерінен қорғайды.



Дәндәкуім – ксенің оқшантайымен қатар тұратын былғары қалта. Ол сиыр терісінен сыртына асыл тастармен көмкерілген, жұқа күміс металдармен ою – өрнектеп жапсырылып жасалынады.

Кемер белдік -  бетіне алтын, күміс шыбыра жапсырмалар бекітілген жалпақ сәнді былғары бау.

Қапсырма- камзол, қажакей, кеудеше тәрізді киімдерді екі өңірін қыстырып,іліп тұратын металл  ілмек.

Қатты денелердің механикалық қасиеттерін, заттың беріктік шегін, жылу өткізгіштік тақырыптарында  иленген мал терісінен жасалынатын қалта, қорамса, торсық, қамшы т.б. қазақ ер азаматының ат үстінде көп уақыт өткізетіндігіен байланысты белбеудің бел омыртқасына бекіткіш мәні мұқият ескеріледі және оның беріктігі, ені сол мәніне сәйкес келінеді.


Домбыра 3 бөліктен тұрады. Біріншіден бас бөлігі, мойын бөлігі, шанақ бөлігі. Бас бөлігінде құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелері, шанақ бөлігінде тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра – әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін акустикалық аспап.

 

 

Дыбыс толқындары, дыбыс тербелісі, дыбыс сипаттамалары тақырыбын өткенде, дыбыс тербелісін тудыру - ішектің тербелісі, дыбыстың күші, дыбыс қаттылығың қолдану барысында музыкалық аспаптардың қаттылығымен тондары, домбыраны шерту арқылы тербелістең пайда болуы, құлағын күйлеу арқылы тон биіктігінің жоғарлыуы.


 

Қыл қолбыз – көне аспап етінде космологиялық, діни – ғұрыптық салттарды, абыз – жыраулар қолданысы мен бақсылақ әрекеттерімен байланысты дамыған. Қатты тағыз ағаштан жасалады. Аттың қылын жалын пайдаланады, құлағын ырғай, тобылғыдан, шанағы емен үйенкіден қарағай долана сияқты ағаштан жасайды.

Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін біле отырып, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы білген. Олар ағаштың: қаттылығы,  салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары ағаштардан жасаған.

 

 

Мұндай әдістемеліктің мақсаты-мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі халықтық педагогикалық асыл мұраларын кең қолдану. Ұлттық мектептердің қай-қайсысында болса да, ана тілімен қатар сол халықтың рухы,өніп-өсу тарихы,әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты,елдің дәстүрлері жайында жүйелі түрде білім берілмейтін болса,онда ол ұлттық мектеп бола алмайтыны шындық. 

Ғасырлар бойы сақталып бізге дейін жеткен ата-бабаларымыздың ақылын ғылыми тұрғыдан талқылап, ұрпақтарымызға жеткізе білуіміз керек деген ойдамын.

294 0
Физика пәні оқытушысы - Данар Садырбай, Көркем еңбек пәні оқытушысы - Абай Қалиоллин ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі» КММ Ұлы Дала Ұстазы № 002075
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: