Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1505

Өзін-өзі тану:Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы

Он күндік іс шараның ашылу тақырыбы:  «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»

Мақсаты: Сүйіспеншілік пен шығармашылық аясында  оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отырып, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;

 

Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, шарлар,  өзін – өзі тану  пәнінен өтілген тақырыптар бойынша жасырын ұяшық тапсырмалары, слайд, «Жақсылық жасап үйренейік», «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы»    бейне үзінді, С.Назарбаева туралы бұрыш.

БАРЫСЫ  

Жүргізуші:  

- Көрермендер назарын сахнаға аудару. 

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Өзіңді тану – ғаламды тану, 

Жақсы менен жаманды тану. 

Өзіңді өзің   талқыға салып, 

Адал мен арамды тану. 

 

Салтанатты ашылу жиынымызды бастамас бұрын Әнұранмен бастасақ. 

  1. ҚР - ның мемлекеттік әнұраны орындалады. 

Ұлттық сана, ұлттық тәрбие.... Бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені  біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде рухани – адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден – бір пән өзін – өзі тану пәні. 

Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,

Күн күлер мейірімнің реңімен.

Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,

Өтеді әр адамның жүрегінен, - дегендей салтанатты жиынның алғы сөзін мектебіміздің анасы, жүрегі десек артық болмас директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Давлетова Улбибі апайға сөз береміз.

 

Бейне үзінді: «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.Сара Алпысқызы «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1-ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді.

«Бір шаңырақ астында бірлігіміз жарасқан»

Шаңырақ астында бастауыш сынып оқушыларының өзін – өзі тану пәнін білім беру жүйесіне  енгізген «Мейірім төккен анамыз» - дың құрметіне арналған өлең шумақтарына кезек берсек. (оқушылар шаңырақтың астында жиналып тұрады да әр оқушы өлең шумағын айтып болғанда лентаны ашып шеңбер құрып, шаңырақ көтеріледі)

1- оқушы: Аянат   4 д 

Алғыс айтам, менің Сара апама

Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.

Бал-бөбектер анасы, данасы,

Жүректерге махабатпен нұр төккен.

2- оқушы: Бағым 4 д

Жақсы адам боп өссін деп,

Шығарған өзің тануды.

Сара апама мың алғыс,

Жолдаймыз салем жалынды.

Үмітіңді ақтаймыз,

Үйреніп өнер, білімді.

Ар-ұятты да сақтаймыз,

Жолатпай жаман қылықты.

3-оқушы: Айзере 4 д 

Оқушының білімін де сынайды.

Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,

Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.

Оқушылар өзін-өзі таниды,

Бойымызға тек ізгілік дариды.

4-оқушы:   Көркем 4 а

Өмірге қызыға қарайсың,

Бәрін де бақытты санайсың.

Бұл пәнді үйренсең ерінбей,

Бойыңнан керемет байқайсың.

5-оқушы: Арсен  4 а 

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

6-оқушы Аяужан 4 а

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзі үзілмейді.

7-оқушы: Керімжан 4 а

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

 8-оқушы: Ақшолпан  4 а

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

 

9-оқушы: Бауыржан 4 а

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы   мейірім,

Мен үшін жоқ   уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым

 

10-оқушы: Ханшайым 4 д

Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін


 

Ән: «Біз біргеміз» орындайтын 9 ә сынып оқушысы Әжіхан Диас

  1. Балалар, мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс – қимылынан тануға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсы көреді. 

Көреремендерге сұрақ қойып, жауап алу арқылы бейне үзінді көрсету

  1. Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
  2. Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

(көрермен оқушылар сұраққа өз ойларын еркін жеткізіп, жауап береді)

Бейне үзінді «Жақсылық жасап үйренейік» 

«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген  қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», «Жүректен –жүрекке» шеңбері балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.

 

Мектебіміздің туын көкке көтеріп жүрген білімді де дарынды оқушыларымыз көп, сондай оқушыларымыздың бірі Сапаров Бақытханның қалалық деңгейде «Мінез бен ақыл жарасса...» тақырыбында қорғап келген ғылыми жобасын ұсынамыз 

Әрине, мінез адамның қасиеті, жаман мінезді жойып, тек жақсы қасиеттерді шыңдап, көркем мінез таныта білу баршамыздың қолымыздан келетін дүние, ондай жақсы мінездер жайында біз осы өзін-өзі тану пәнінде басқа пәндермен ұштастыра отырып, жиі қолданамыз. 

Бүгінгі ашылу салтанатымыздың соңы да таяп қалды, олай болса көрермендер арасынан «Білімді мыңды жығар» ойынын ойнап, білімімізді ортаға салсақ. 

Шарты: экраннан берілген ұяшықтарды таңдау арқылы тапсырмаларды орындау.Сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар пән бойынша өтілген тақырыптардан алынған.  Оқушы жауабынан соң, дұрыс жауабы экраннан шығады.

  1. Өмірді түсіну адамның жасына байланысты емес. Адам бала күнінен

бастап, өмрдің сан алуан құпияларын тануға құштар болса, өзінің жан дүниесіне үңіле білсе, дұрыс шешімдерді қабылдауға үйренсе, өмірді түсініп тани біледі.Өмір сүрудің түрлі жолы бар, тек таңдау жасау өз қолыңда.

Оны таңдау үшін өзіңді, өзгені, өмірді таны. Жақсы мен жаманды анықтап бағасын бер. Өзіңе, өмірге, болашағыңа сенімді бол. Сөзіңе ісің сай болып, жүрегің сүйіспеншілік пен мейірімге толы болсын   - дей келе, бүгінгі «Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндігіміздің  ашылу салтанаты  соңына да келіп жетті. Алдымыздағы он күн бойы түрлі іс-шаралар,ашық сабақ,  сабақтан тыс тәрбие сағаттары, дебат, тренинг, рухани әңгімелер т,б іс – шаралар жоспарланып бекітілді.  Аталған іс – шараларда  белсенділік танытып, білімді де алғыр шәкірт екендеріңіді дәлелдеп белсене ат салысуға шақырамыз. Баршамызға сәттілік.... 


 

199 0
Алмагуль Шарафидинова А.Байтұрсынов атындағы № 1 мектеп-лицейі" КММ-нің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі № 001527
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: