Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1501

“Спорт шеберлері еліне саяхат” атты бірлескен қойылым сценариі


Мақсаты: Балалардың спорт туралы білімдерін бекіту. Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың спорттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Құрал – жабдықтар: 

- музыкалық өңдеу (көркем гимнастикаға, жарыстарға арналған аудиожазба)

- дидактикалық ойындар, үлкен шарлар, кіші доптар, арқан, стендтер.

(Топ тәрбиешілері мен балалар спорттық киімдерімен, спорт залға әуенмен кіреді)

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Біз бүгін, спорт дегеніміз не? Қандай спорт түрлері бар? Бізге спорт не үшін қажет? - деген сұрақтарға жауап аламыз. Бүгін біз спорт шеберлерінің еліне саяхат жасаймыз. Жолда біз көптеген кедергілерге тап болуымыз мүмкін. Ал оларды жеңу үшін керемет көңіл күйде болуымыз қажет. Ендеше, керемет көңіл күймен спорт шеберлерінің еліне саяхат жасайық.

Тәрбиеші: Дайынсыңдар ма балалар?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Біз төрт бекеттен өтуіміз керек: таным, жаттығу, спорт, ойын.  Ендеше, балалар, біз «Таным» бекетіне саяхатқа шығамыз.

1. «Таным» бекеті

Балалар, біз таным бекетіне келдік.

Бізге қайсар, күшті болуға не көмектеседі? (спорт)

Балалар мұқият тыңдап, жұмбақты табайық.

Жұмбақ:

Менімен жақын дос болсаң,

Жаттығуда табанды

Суықта да, жаңбырда да, ыстықта да боласың

Қатты және епті.

Тауып көрші бұл жұмбақтың жауабын?

Жауабы: Спорт

-Осы немесе басқа спорт түрімен айналысатын адамдарды қалай атайды? (спортшылар)

-Спортшы қандай болуы керек? (күшті, батыл, епті ...).

Спорт - бұл адамдардың белгілі бір ережелерге сәйкес ұйымдастырылған әрекеті, олардың физикалық және психикалық мүмкіндіктерін салыстыру. Спорт адамның жеке қасиеттерін дамыту үшін өте қажет. Спортшылар арнайы мектептерде, үйірмелерде, секцияларда, стадиондарда жаттығады.

Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, олардың аттарын келер ұрпаққа жеткізу әр азаматтың борышы деп санаймыз.

Ендеше слайдқа назар аударайық.

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде Маңғыстаудың еңбек сіңірген спорт шеберлерімен таныс болыңдар. Еліміздің мақтаныштары, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері, Қазақ боксының атасы  - Шоқыр Бөлтекұлы, Жеңіл атлетикадан КСРОның Еңбек сіңірген спорт шебері Әмен Елемесұлы Тұяқов, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері -  Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов және т.б.

2. «Жаттығу» бекеті.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз спортшылардың күнделікті таңғы жаттығуларды қалай жасайтынын білетін боламыз. Сіздерді менімен бірге жаттығу жасауға шақырамын.

(Топ тәрбиешілері жаттығу жасатады)

Жарайсыңдар балалар, сендер бұл тапсырманы орындадыңдар, біз «Спорт» бекетіне қарай жолымызды жалғастырамыз.

3. «Спорт» бекеті

Тәрбиеші: Балалар, біз «Спорт» бекетіне келдік. Бұл бекетте біз спорттың кейбір түрлерімен танысамыз және сізбен бірге ойнауға тырысамыз. 

«Кім тез?» (жеңіл атлетика)

Топ мүшелері эстафетаны бір-біріне береді. Тапсырманы тезірек орындаған топ жеңеді.

Ашық ойын: «Спортшының фигурасы»

Теңіз толқиды – бір, теңіз толқиды – екі, теңіз толқиды – үш спортшының фигурасы қатып қалады!

Мақсаты: балалардың спорттың қандай түрлері туралы түсініктерін ашу.

Топ тәрбиешілері балаларға әртүрлі спорт түрлерін бейнелеп көрсетуі керек: шаңғы тебу, велосипед тебу, есу, футбол, гимнастика, жүгіру және т.б.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер бұл тапсырманы орындадыңдар, біз «Ойын» бекетіне қарай жолымызды жалғастырамыз.

4. «Ойын» бекеті

Тәрбиеші: Балалар, біз «Ойын» бекетіне келдік. 

«Спорт түрлері» дидактикалық ойыны.

- балалардың спортқа деген қызығушылығын қалыптастыру, оның қысқы және жазғы түрлерін атауға, тануға үйрету;

- осы спорт түріне қажетті құрал-жабдықтарды, киімдерді анықтауға және атауға үйрету;

- ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тапсырмалар:

Сұрақтар: 

(Футбол спортының суреті)

Спорт түрі қалай аталады?

Осы спорт түрімен айналысатын спортшыны қалай атаймыз?

Бұл спорт түріне қандай спорттық киім, аяқ киім, құрал-жабдықтар қажет?

Бұл спорт қай жерде айналысады?

Бұл спортпен ерлер де, әйелдер де айналыса ма?

Бұл спорт жеке немесе командалық спорт па?

Осы спорт түрімен айналысқыңыз келе ме?

 

«Спорттық доптар» дидактикалық ойыны

Тапсырмалар:

- балаларды спорттық ойындарға арналған доптармен таныстыру;

- Белгілі бір доп қай ойынға жарамды екенін білуге үйрету.

Сөздік жұмыс: футбол добы, волейбол, баскетбол, теннис добы.

                                   

Тәрбиеші: Балалар, осымен біздің саяхатымыз аяқталды.

Сендерге біздің саяхатымыз ұнады ма?

Балалар: Иә!!!

Тәрбиеші: Бүгін біз спорттың не екенін білдік, кейбір спорт түрлерімен таныстық, спортшылардың күнделікті қалай жаттығып, таңғы жаттығуларды жасайтынын білдік, барлық станцияларды аралап, барлық тапсырмаларды дұрыс орындадық. Жарайсыңдар балалар! Осымен “Спорт шеберлері еліне саяхат” атты бірлескен қойылымымыз аяқталды, сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

414 2
2-ші санатты ән-саз жетекшісі Умирбаева Акерке Джайлыбайевна.Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы, МКҚК «Аяла»бөбекжайы. Qazaq bilimi № 001402
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гулсара
Гулсара
3 марта 2022 23:33
Керемет. Ұстаз жан-жақты дамыған, ізденімпаз, жаңалыққа құмар болумен қатар баланы сабаққа қызықтыра білуі тиіс. Жарайсыз əріптес. Сізге сəттілік тілеймін
Айжан
4 марта 2022 14:37
Sattilik tileimin