Жаһандану кезеңінде, ұлт мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау, әрі сақтау елді
бекемдеудің кепілі екені белгілі. Қоғам санасының рухани жаңаруы мемлекет тарапынан қолдау тауып
түрлі жобалар іске асырылуда. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры
мақаласында»: Біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық ортадағы өз рөлімізді байыппен
әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Көпшіліктің санасында, елжандылық негізінен, тұлғаландыру сипатына
ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін
мақтан тұтады, - деген болатын. Тәуелсіз еліміздің болашағы жас жеткіншектерге білім мен тәрбие беру
жолындағы қызметіме жауаптылықпен қарай отырып, қазіргі жеке тұлғаны оқу-тәрбие үдерісінде
дамыта оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне мән беруді жөн деп санаймын.
Қазіргі заман – жаңалықтар кезеңі. Өткенді еске алып, қатені түзетіп, жаңаны қабылдау керек.
Сабақ беруде тәрбиеленушінің әлеуеттеріне сай жоспар жасау үшін сындарлы оқу
бағдарламасының жеті модулі стратегиялары мен әдістерін қолдандым. Мен өзімнің күнделікті
жоспарымда бала мен мұғалім, білім алушы мен білім алушы арасындағы байланысқа негізделген
«Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасының « Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің «Диалогтық
негізінде оқыту мен оқу» (Меrser,1995; Alexander, 2008) тәсіліне және «Сын тұрғысынан ойлау» модуліне
басымдық бере отырып жүзеге асырудамын. Қазіргі заман технологиялары педагогикалық және
психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы тұлғалық бағдарлы мақсатты технология болып
табылады. Саралап білім беру қабілеті және мақсаты әртүрлі балалардың дамуына жағдай жасайды.
Саралап оқыту білім беру жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі яғни қажетті шарты. Бүгінгі таңда өмірде
болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж
екендігі дәленденуде.
Ж.А.Қараевтың саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы қолға алынған. Мен өз сабағымда
Ж.А.Қараевтың «Деңгейлік саралап оқыту» технологиясына негіздетіп Ж.Кобдикованың жұмыс
дәптерін математика пәніне қолданып жүрмін.
Тәрбиеленушінің жұмыс дәптері бойынша әр түрлі деңгейде материалды игере алуы білім беруді
барлық сатыларында жүзеге асады. Мұндағы деңгейлік тапсырмалар оқушының ойлауына елестету мен
есте сақтау қабілетін, ынтасы мен белсенділігін арттырады. Өз бетімен іздену дағдысын
қалыптастырады. Білім сапасын арттырады. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар мемлекеттік стандарт
деңгейінің ең қажетті минималды көлемін қамтиды. Келесі екі деңгей оқушыларды осы алған білімін
тереңдетіп, одан әрі дамытады. Нашар оқушыларға дейін минималды көлемін меңгеруге кепілдік береді.
Демек бұл әдісте «қанағаттанарлықсыз» проблемасы мүлде жойылады. Қабілетті бала келесі деңгейлерді
орындауға мүмкіндік алады. Балалар арасындағы жарысу жағдайын туғызады. Әр білім алушы
тапсырмаларды орындау арқылы «5»ұпай жинап «сынақ» алуға міндетті. Содан соң келесі деңгейге
көшіп отырады. ІІ деңгей үшін 10 ұпай қосып, «4»бағасын алады, ІІІ деңгей 15 ұпай қосып, барлық
жинаған 30ұпайы «5» бағасын алады.
Деңгейлеп, саралап оқыту нәтижесінде төмендегідей табыстарға қол жеткізуге болады. Әр балаға
тапсырма мүмкіндігіне қарай саралап беріледі. Оқушыға табиғи жолмен бағдар беру және оның қабілеті
жететін саласынан қабілетін ашуға жағдай жасалады. Білім алушы осы пәндерден жеткілікті түрде ілгері
деңгейдегі дайындығын қамтамасыз етіп, жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Әріптестеріммен іс-тәжірибемді бөлісе отырып, математика пәнінен жұмыс дәптерімдегі білім
алушының өзіндік жұмыстарын бағалау беті мен баланың даму мониторингі жасалады.
«Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді.
Сондықтан әсіресе балабақша мен бастауыш сыныпта оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен
формаларын алмастырып отырып қолдану керек»-дейсы мен мүмкіндігі толық пайдалану
және олардың оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында алған білімдерін практикада
қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін пайдалану ерекше.
К.Д.Ушинский: «....Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білу, белсенділігін оята білу
мұғалімнің көрсеткіші»-дейді. Сондықтанда мен өз сабақтарымда ойын элементтерін қолдану арқылы
балалар үйренеді, білім алады және тұлғаның мүмкіндіктерін тәрбиелеуге, ерекшелеуге көмектеседі.
Ойын арқылы:
1. Бірлесе оқу, жеке ерекшеліктерді мойындау.
2. Басқаның үлесін бақылау.
3. Барлық жеңімпаз.
4. Қалыптан тыс ойлар.
5. Басқалар алдындығы жауапкершілік.
6. Шешім қабылдау дағдысы.
7. Көзқарастарды бөлісу дағдысы.
8. Түсіну мен практика арқылы есте сақтауды жетілдіру.
9. Өзара тәуелділіктің өмірлік тәжірибесі.
10. Ұжымның құрылуы, сезімдердің дамуы.
11. Өзінің бағасын көтеру.
12. Өзін-өзі басқаларды сыйлауы жүзеге асады.
Ойынға қойылатын төмендегідей әдістемелік талаптарды ескеріп, орындауды көздеймін.
1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдарды алдын ала
дайындаймын.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін балаларға әбден түсіндіремін.
3. Ойынға топтағы балалардың түгел қамтамасыз етемін.
4. Ойынның жүру барысында баланың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың дұрыс
шешім қабылдай білуіне, ойлануына өз ойын еркін ортаға салуына дәлелдер келтіре сөйлеуіне қолайлы
жағдайлар жасаймын.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса,
оның танымдыіқ, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлік
танымдылығын күшейтеді, оқушының сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Дәстүрлі «Кім көп біледі? » сөз жалғастыру. «Әр әріптен бір сөз» сөздік қорын молайтуға, «Ойлап
тап » сөз мағынасы туралы ұғымдарын кеңейту, «Топтай біл » ой-өрісін кеңейту, «Не өзгерді? » түбір
мен қосымша ерекшеліктерін айыру, «Орнына қойып жаз» сөздердің айтылуы мен жазылуы
ерекшеліктері тағы басқа ойындарды қолдану. Жаңа интерактивті оқу-жаттығу ойындарының
артықшылықтары бар екені сөзсіз, себебі мұнда оқушының жеке пікірін, сезімін, ойын, қиялын дамыту
мүмкіндіктері мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш сыныптарда логикалық ой-өрісті дамыту // Тасбике Досжанова. Тағылым. №1. 2018жыл. 93-95 бб.
2. Балабақшаға арналған дидактикалық материалдар жинағы. (Алматы, 2017 ж.)
3. Оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру // Б.Иманбекова. Бастауыш мектеп. 20014.№9.3-8бб
4. Дулатов М.Көсемсөз, әдеби-сын және зерттеу мақалалары //Бес томдық шығармалар
жинағы.-Алматы: Мектеп баспасы ЖАҚ,2003.Т.2.344 б.