Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1489

Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы

Пән

Қазақстан тарихы

Педагогтің аты-жөні

Бердихан Айкерим 

Сынып: 1 курс, Туризм 

Қатысушылар саны                 қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы 

Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы

Оқу бағдарламасына сай оқыту мақсаттары 

11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін «депортация», «арнайы қонысаударылған дар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат», «интернационализм» ұғымдарын пайдалану; 

11.2.1.2 Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу; 

11.2.1.4 Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін түсіндіру;

Ойлау дағдысының деңгейі

Жоғары ойлау деңгейлері

Сабақтың мақсаты 

Барлық оқушылар: «Депортация», «арнайы қоныс     аударылғандар», «полиэтникалық     қоғам», «ұлттық саясат», «интернационализм» ұғымдарын пайдалана отырып, Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеру себебін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар:  Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеру кезеңдерінің ерекшеліктерін зерделейді

Кейбір оқушылар: Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғам қалыптастырудағы  ұлттық саясаттың салдарын тұжырымдайды.

Бағалау критерийі 

  1. «Депортация», «арнайы қоныс  аударылғандар», «полиэтникалық  қоғам», «ұлттық саясат», «интернационализм» ұғымдарын пайдалана отырып, Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеру себебін түсіндіреді.
  2. Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеру кезеңдерінің ерекшеліктерін зерделейді
  3. Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғам қалыптастырудағы  ұлттық саясаттың салдарын тұжырымдайды.

Тарихи концепт

Өзгеріс пен сабақтастық

 






 

 

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

0-5 мин

10-15 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Тақырып «Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр- XXғасырдың басы)»

Допты лақтыру  әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

  1. 18 ғасырдағы орыстардың отарлау саясатының сипаты қандай?
  2. «Полиэтникалық қоғам» дегенді қалай түсіндіресің?
  3. Ресей империясының қоныс аудару сачясатының Қазақстан демографиясы үшін қандай салдары болды?
  4. 17-19 ғғ пайда болған Қазақстан қалаларының     әлеуметтік және этникалық құрамы өзара қандай байланыста болғандығын сипаттаңыз.
  5. 17-19 ғғ Қазақстанға қандай ұлттар, не себепті қоныс аударды?

 Картамен жұмыс.

  1. 17ғ -20ғ.басында Қазақстанда пайда болған қалаларды көрсетіңіз.

қазақстан жеріне жеріне қоныс аударушылардың қалай, қай өңірлерге қоныстанғанын  көрсетіп, топтастырыңыз.

Оқушы әр сұраққа 5-6 сөйлеммен жауап береді 

 

 

Картадан көрсетеді

 

Ауызша бағалау

 

 

11-сынып Қазақстан тарихы оқулығы

 

Қазақстан 19ғ саяси картасы

 

https://clck.ru/as8aw

Сабақтың ортасы 

12-13 мин 

(Б)БЫМ.Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту үшін өткен тақырыппен байланыстып жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әңгімелеу.

Картадан көрсету

Бейнебаян  «Қазақстанға КСРО халықтары ның депортациясы»

 

Аудиторияны 3 топқа біріктіремін.

Т. 1.Тапсырма.  Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру  себебін, кезеңдерін зерттеңіз

1-топ: Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру  себебін сараптаңыз

2-топ:     Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру  салдарын тұжырымдаңыз.

Ақпаратты ұйымдастыру

Себеп-салдарлық диаграмма «Балық қаңқасы әдісі

 

 




  


 

 

 

 


 

Дескрипторы 

1.Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру себебін-салдарын сараптайды

2. Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру  кезеңдеріне тұжырымдама береді

Саралау:

3-топ. Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеруін кезеңдері бойынша (сандық мәлімет) талда, кестені толтырыңыз.

     ұлттар

кезең

қазақтар

орыстар

украйндар

1917ж




1926 ж




1937 ж




1939 ж




1944 ж




1959 ж




1970

-80 ж




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескрипторы:

ХХ ғасырдың І жартысында Қазақстанға қандай ұлттардың жер аударылғандарын (сандық мәлімет) бойынша анықтайды

Тыңдайды.

Көреді

 

 

 

 

 

 

Өз ойларын тұжырымдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестені толтырады.

Оқулықпен жұмыс жасайды

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау ауызша дескриптор арқылы бағалау.

 

20ғ. басындағы Қазақстан картасы

https://www.youtube.com/watch?v=ToyHnKtAduU

 

https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=36&id=30352

 

 

3-тапсырма.

Дереккөздерді және өз білімдеріңізді пайдаланып, зерттеу жұмысын жүргізіңіз

1-дерек. ...1941 жылдың 26 тамызындағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының №21-60 «Еділ бойында мекен еткен немістерді қоныстандыру туралы» Жарлығы ұлттың болашақ өміріне балта шапты. Олар фашистік жаулап алушыларға қарсы Кеңес халқының бойында туған өшпенділік сезімін арқалауға мәжбүр болды, себебі, «неміс» және «фашист» ұғымдары синонимге айналды. 1941-1942 жж. 1209430 неміс қоныс аударылды. Оның 420 мыңнан астам адамы Қазақстанғадепортацияланды. 

2-дерек.«Қазақ КСР жеріне орналастырылған қоныстанушылардың шаруашылық құрылысындағы кемшіліктері жөнінде» Қазақ КСР КП (б) ОК Халық Комиссарлар Кеңесінің Қаулысында хабарланады: «8516 отбасы бүгінгі күнге дейін жер үлесіне иеленген жоқ. Республика колхоздарына орналастырылған 61 849 отбасыдан 3293 отбасы колхоз мүшелігіне қабылданбады. Қазақ КСР Халық Комиссариаты және оның жергілікті органдары колхозға қоныстанған шаруалардың шаруашылық құрылысы бойынша жұмыстарды орындаудан бас тартты. Медициналық-санитариялық қызмет қанағатсыз деңгейде іске асырылады, эпидемиялық аурулар жойылмады» 

3-дерек.1959 орыстардың үлесі 42,7% құрады, ал қазақтардың үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 8 есе төмендеп небәрі 30%-ды ғана құрады. 

4-дерек Не себепті 1925 жылға дейін «қазақ» атауының орнына «қырғыз» атауы қолданылып келді?   Азамат соғысы аяқталысымен алғашқы кеңестік санақ жүргізілді. Аталған шараның нәтижесі бойынша ол кезде автономия аумағында 3 млн-ға жуық адам өмір сүрген, олардың 91%-ы ауылдық жерде мекендеді, қалғаны – қалалар мен қалалық елді мекендерде тұрақтаған. «Ақтар» мен «қызылдар» қарсыластығы елде әлі де кейбір ошақтарда басылмағандықтан, бұл санақ Қазақстанның барлық аймағын қамтымады. Басқа ұлт өкілдері санының көбеюіне байланысты халық құрамы елеулі өзгерістерге ұшырады. Ұлттық саясатта интернационализм ұғымы орнықты?

«Кеңестік кезеңде жүргізілген ұлт саясатындағы интернацонализм ұғымы» тақырыбында эссе қорытынды жазыңыз.
 
«Ыстық орындық» әдісі арқылы 3-4 оқушының жұмысын тыңдау

Саралау. 

Эссе жазу үшін Сабақ барысында көрсетілген бейне баян материалын пайдалануға болады.

Жауапты жазбаша түрде орындайды

Әр дерек бойынша мағлұматты саралап, өз қорытындысын жасауына байланысты баллмен бағаланады. 

 

 

 

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейіне байланысты 0-100 балл аралығында бағаланады

История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 4. – А:: Атамұра, 2009. – 768 с. с. 670).

 

(Хрестоматия по истории Казахстана. 1900-1945 гг. (Составители Козыбаев И.М., Козыбаев М.К.) – А:: Атамура-Казахстан, 1994. – 256 с. с. 245-246)

https://clck.ru/arFUL

 

 

(История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк). – Алматы: Издательство «Дәуір», 1993. – 416 с. с. 403)

Сабақтың соңы

 

Бекіту. «Доп лақтыру»

- Кеңестік уақыттағы негізгі көші-қондық ағындарды атаңыздар?

-Қалыптасқан славян диаспоралар кімдер?

-Депортация дегеніміз не?

корейлер депортациясы қалай өтті?

-Ұлы Отан соғысы кезінде депортацияланған халықтарда атаңыз?

-Тың игеру жылдарында Қазақстанға қоныс аударған халықтар кімдер ?

Үй тапсырмасы: Шағын эссе жазыңыз: 13-14 сөйлемнен кем емес.
 Тақырып: «Қазақстанға жер аударылғандардың тағдыры»
 дескрипторлар:
 1.Эссе құрылымын сақтайды;
 2.Биліктің саясатына, қоныс аударушылардың тағдырына таулдау жасайды;
 3. Қазақ халқының қонақжайлылығын бағалайды;

Сұрақтарға қол көтеру арқылы жауап береді

 

 

 

 

 

 

Эссе жазады

 

11-сынып. Оқулық

Қазақстан тарихы

 

1 349 1
Айкерим Бердихан, Халықаралық қазақ қытай тіл колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Ұлы дала ұстазы № 002056
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Жайна
18 ноября 2024 22:35
керемет, рақмет. сабақ өұнады