Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1487

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар

Техникалық және кәсіптік білім беруде «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда» «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша «Физика күнделікті өмірде» атты сыныптан тыс, факультатитік сабақтарда қолдану. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған, оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі таңда оқу үрдісінде сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бір сабақтың әр кезеңінде түрлі әдістерді қолдана отырып, Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Соның ішінде сыни тұрғыдан ойлауды (логикалық), бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға , талдауға бағытталған пәндік шешім. Бұл модуль студенттердің, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.  Студенттер арасында сыныптан тыс шарада студенттерді 3 топқа бөліп Кеше, Бүгін, Ертең сөздері арқылы, студенттер топтарының атын қытай тіліндегі атауын тауып отырады /әр сабақта топ атауын өзгертіледі/. Әр   сабақ   сайын   топқа   бөлу әдістерімді   өзгертумен   қатар топтағы оқушыларды да өзгертіп отырамыз. /себебі оқушыларды өмірге, ортаға биімдеу/. Топқа бөлу әдісінде оқушылар шығармашылыққа, ролдік ойындарды ойнауға, сыни тұрғысынан ойлауға үйрету. Сабақ соңында студент жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін талдап, өз-өзіне   және   топтарға   баға   беру   мақсатымен рефлексияны   жаздыртып   отырамыз. Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған студенттердің зерек болуы, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Студенттердің шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс шара өткізу дарынымен талантын ашуға септігі мол. Сондықтан физиканы заңдылықтарын күнделікті өмірде  кездесетін өмірмен байланыстырайық.  Сыныптан тыс шығарманың тақырыбы: «Физика күнделікті өмірде» «Ой-толғау» стратегиясы бойынша ой қозғауға кірісті. Ойларын қағазға жаза отырып, не себепті осы затты таңдағанын тұжырымдайды. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды да көздейді. Оқушыларды диалог пен талқылауға тарту белсенді жүргізген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын өз тәжірибемде де байқадым. Оқушының оқуға деген қызығушылығының артқанын, ұжымда жақсы қарым-қатынас, ең бастысы тақырыпты түсініп, талдауда жан-жақты ойлауға мүмкіндік беретінін байқалады. 

 І бөлім. 

«Физика біздің айналамызда» бойынша физикалық ойтолғау /1920-1950жж, 1950-1980жж, 1980-2020жж/ 3 топқа сұрақтар беру арқылы әр топ өз ойларын ортаға салып отырды /экология/. 

ІІ бөлім

«Әлеументтендіру» стратегиясы бойынша топтық жұмыс орындады. Топтық жұмыстың тапсырмасы күнделікті өмірде кездесетін құрал-жабдықтарды физикамен байланыстыра отыра бейнекөрсетілім көрсету. Әр түрлі суреттер берілді. Сол арқылы үш топ өз ойларын ортаға салады шешімдерін жинақтап, маңызды деген 3 ұстанымға жүйелеу болды. Топтар қолпаштау арқылы бір-бірін жігерлендіріп отырды. 

ІІІ бөлім.

«Бәрін білгім келеді!» Топтық жұмыс барысында өз ынғайымен оқушылар, ойларын алмасуға, бірінің пікірін келесі тыңдай алуға дағдыландыру. 

Диспуд сабақ 

Күнделікті өмірде кездесетін мысалдар:

-Крушкадағы немесе кеседегі шайдың қайсысы тез суиды? (кеседегі) 

-Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс (шық) 

-Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар – қайтымсыз. 

Осы құбылыстарды біз күнделікті өмірде кездестіреміз, бірақ мағынасына мән бермейміз, оқушылар оны физиканың қасиеттерімен түсіндіре біледі. Табиғатта, адам өмірінде болып жатқан құбылыстардың өзі физика заңдылықтарымен тығыз байланыста екенін білді. Жалпы логикалық тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады.   Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. 

ІV бөлім.

«Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету) «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші бала көзбен көріп, қолмен ұстап көру нәтижесінде тәжірибе жасау арқылы физикалық мағынасын түсіндіріп отырды. Топтық кезеңде әр топ өздері дайындаған тәжірибелерін көрсетеді де, қарсылас топтар оны түсіндіру қажет. Мысалы М.М. деген студент күнделікті шайды қайнатып ішкенге дейінгі болып жататын физикалық құбылысты атап дәлелдеп берді. Оның қайнауына дейін әр түрлі дыбыстар шығаратынын түсіндіру. /телефонға дыбысты жазып әкелген/. 

 Пайым- дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау; Тәртіп- тиянақты, нақты және жан-жақты болу; Өзіндік сана-сезім-өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну ерекшеліктерін студенттердің ойынан, бойынан көре аламыз.  Болашақта еліміздің болашағына үлесімізді қоса отырып, білімді, тәрбиелі, өз ойын ашық жеткізе алатын студенттерді тәрбиелей отырып, студенттердің сыни ойлауға дамытуға, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға, топпен бірлесе жұмыс жасауға, талантты және дарынды студенттерді анықтауға мол мүмкіндік туғызатынын айтқым келеді. Сыни тұрғыдан ойлауда оқушылар берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алатын, қарама-қарсы көзқарастарды талдай алатын, құбылыстарды салыстырып, олардың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтай алатын, өз көзқарасын білдіре алатын, тақырыпқа қатысты болжам жасай алатын, жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырып үйренеді; тақырып бойынша өз болжамын шығармашылық тұрғыдан жеткізе алатын, ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай алатын шәкірттердің бар екенін айта кету керек. Оқыту жобасын қолдану барысында келешек қазақ балалары сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, терең ойлай білетін, шығармашылық қабілеттері дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын жеке тұлға ретінде қалыптасады деп сенемін. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

  2. М.Р. Жүнісова, Х.Ж. Әубәкірова, Ә.О. Туғанбаев, Г.Қ. Айтжанова, Г.А. Рахманова «Жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту». Қарағанды-2008.

194 0
Салмак Нурпейсов, Физика пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі Ұлы дала ұстазы № 002054
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: