Қазақстан деген кемел болашаққа қадам басқан ұлы елдің бүлдіршіндерінің тәрбиесі бүгінгі ұстаздар мен тәрбиешілердің қолында екені анық. Бүгінгі күннің ұрпақатары білімді болып өсу үшін елімізде бар жағдай жасалынып жатыр.Оған дәлел Қазақстанда балабақшалардың жиі салынуы бұл дегеніміз болашақтың ұрпақтарын бүлдіршін кезінен бастап білімділікке баулу болып отыр.Тәрбие мен білім егіз ұғым секілді себебі сіз балаға білім ғана беріп оны тәрбиелемейтін болсаңыз саналы ұрпақ болып қалыптасуы екі талай.Ал керісінше тек қана тәрбиеге көңіл бөліп білімді етпесеңіз олда бір олқылық болар еді.Кез келген нәрсенің іргетасын мықты қаласаң одан үлкен қамал шығады.Сол үшін бүлдіршін балаларды мектеп жасына дейін балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен қатар тәрбиелейтін болсақ.Шын мәнінде де болашағымыз кемелдене түсері анық.
Осы күнде баланың ойлау қабі летін жақсартуға арналаған көптеген әдіс-тәсілдермен ойыншықтар баршылық.Сол әдіс-тәсілдерді біз балабақша тәрбиешілері ретінде жиі қолданамыз.Солардың ішінде балаларды тәрбиелеу барысында күнделікті сабағымызды мемелекеттік Гимнмен бастаймыз бұл балаларымыздың ұлтын сүюге, туған жерін,өскен ортасының қадірін балалық шақтан бастап ұғынуға үлкен мүмкіндік береді.Ал әрбір сабағымызды бастаған сайын түстерді ажыратуға, санауға,әріп үйренуге түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы олардың бойларына сіңіруге тырысамыз. Бала жаңа ашылып келе жатқан гүл секілді.Егер сіз орның тамырынан бастап су құйып күнге қойып, оның қолайлы өсуіне жағдай жасамасаңыз айналасына арам шөптердің қаптап өсуіне немесе құрғап қатып қалуына сіз себепкер боласыз.Сол сияқты балалардыңда жақсы тәрбиемен білім алуы үшін бар жағдайды жасаңыз.Ойнатыңыз,күлдіріңіз және ойната жүріп білім мен тәрбиені қатар беріңіз.Сонда болашақта ол жақсы болып өссе өзіңіздің еккен жемісіңіз.Егер қоғамға зияны тиер ұрпақ болса олда сіздің тәрбиеңіз болып саналары анық.Сол себептен де біз балабақша тәрбиешілері баланың алдында жасап жатқан әрбір іс-әрекеттерімізді,берген білімдерімізбен тәрбиелерімізді байқап беруге тырысамыз.Себебі бала бізден көргенін қайталайтын бірден-бір фактор.Білімі мен тәрбиесі қатар жүру үшін әрқашан оларды достыққа тәрбиелу керек.Әрбір мерекелер сайын олардың естерінен кетпестей ойындар ойната отырып, күлдіріп ән айтқызып,билетіп деген сияқты көптеген әрекеттер жасасақ баланың балалық шағы көркем суреттелеген суретшінің туындысындай болары анық. Ал сол сұлу суреттің көркем суретшісі ол әрине сіздің үлкен талантыңызбен білімділігіңіздің арқасы деп біліңіз.Отанын қастерлей білетін ұлы елдің ұрпақтарының болашағы біздің тәрбиешілердің қолында сол себептен де әрбір тәрбиеші алдында бір ғана баланың тағдыры емес ұлттың тағдырының тұрғандығын жауапкершілігімен ұғынғандығы абзал. Бүгінгі таңда білім саласы да көптеген өзгерістерге ұшырап жатыр соның бірі жаңартылған білім саласы міне осының өзі балаларымызға жаңаша заманның терезесінің кең ашылғандығының дәлелі.Ал болашақта латын әліпбиіде өркениетімізге қадам басқалы отыр.Осыншама өзгерістерге бүгінгі ұрпақ дайын болмаса іргесі дұрыс қаланбаған кірпіш секілді құлауы мүмкін.Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан», дегендей әрбір балапанымыз болашақтың бір-бір кірпішінің іргетасын қалайтын болса онда болашағымыз кемелденері анық.Әрбір азаматтар мен азаматшалар елім деп емірене еңбек етсе біз Қазақстан 50 елдің қатарына қосыларымыз шүбәсіз. Болашақтың кілті ол әрине балабақшаның берген білімі мен тәрбиесінде екенін білеміз.Биылғы күннің өзінде тәрбиешілерімізді атестаттау жайлы да, ойлар айтылып жатыр.Біз бұған қуаныштымыз себебі ұстаз да тәрбиешілер де өсу мен жаңашылдыққа қашанда құштармыз. Осы жаңартылған білім беруде көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып , мақсатқа жете аламыз әрі баланы үлкен жауапкершілікке тәрбиелей аламыз сонымен бірге жылдамдыққа да тәрбиелей аламыз. «Тәрбие тал бесіктен басталады», демекші баланы ата-анасы болып , ұстаздар болып тәрбиелесек ол баладан болашақта үлкен үміт күтуге болатынын білеміз.Сол себептен де, жаңартылған білім бағдарламасындағы әрбір әдіс-тәсілдерді сабаққа таңдап алар барысында оның мақсатқа сай екендігіне балаға берер тәрбиесінің маңыздылығына көз жеткізе отырып таңдау ең бірінші орындағы тәжрибе бола білмек.