Ойын – баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы. Түрлі ойын баланың рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдістері. Баланы эстетикалық талғамы жағынан жетілдіреді, тәртіптілікке шақырады, айналасын тануға көмектеседі. Бала ойында күштілік, шапшаңдық, төзімділік, айлакерлік сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығаяды.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойын үстінде ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, бала өз еркімен есте сақтауға және қайталап айтып шығуға, жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге, заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады, ойлау қызметінде арттырады.
Баланың ақыл ойын дамытудағы дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойындар болып табылады. Осы мақсатпен ойыншықтар, суреттер, түрлі заттар таңдап алынады. Осы заттардың барлығы түрлі түсті және сапасы түрлі материалдардан жасалған, бала қолының шамасы келетіндей болуы тиіс.
Ойынның дамуын көп жағынан, балалардың ақыл-ой белсенділігінің қарқыны, олардың ойын әрекеттерін азды көпті ойдағыдай орындауы, ережелерді игеру дәрежесі, олардың эмоциялық әсерленуі, ойынға еліктеу дәрежесі шешеді. «Балаға ең керегі ойын.Ең мағыналы мектебі, бар қызығы мол ойын.Ойында бала көргенін, білгенін екшелейді, үйренгенін нығайтып бекітеді.Тек ойын кезінде ғана бала еркін сөйлейді.Не айту керек дегенге мән беріп жатпайды,өзінің көкейіндегісін ғана айтады.Бала ойында сызбалар мен арнайы үлгілер болмайды.Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Баланың бірінші әрекеті ойын,сондықтан оның мәнісі ерекше.Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп - оңай тәрiздi көрiнуi мүмкiн. Ал iс жүзiнде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тiл табысып, өзiнiң ойлаған ойын iске асыру оңай емес. Сондықтан тәрбиешiнiң мiндетi - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетiп, тәрбиелiк мәнi арта түседi. Айталық, тәрбиешiнiң ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткiзуi балалардың бiр - бiрiмен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екенi сөзсiз. Ойын кезiнде жолдасының айтқанымен келiсiп, оны құрмет тұтудың өзi адамгершiлiкке бастайтын жол. Тәрбиешi ойын арқылы әр баланың игi бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттердi өрбiте білгені дұрыс Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым –қатынасы үлкен роль атқарады.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дүкен», «Аурухана», «Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты нығайтуға негізделген.
Қорыта келе айтқанда: Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Демек, ойын – жай ғана ермек не уақыт өткізу амалы емес, балалардың дұрыс өсіп-дамуында ерекше рөл атқаратын тәрбие құралы. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.