Андатпа. Баяндамада қашықтан білім беру ортасында жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылған. Жобалардың жіктелуі сипатталған, оқушылардың жобалық іс-әрекетін бағалауды жүргізуге арналған критерийлер ұсынылған.
Аннотация. В докладе рассмотрены особенности организации проектной
деятельности в дистанционной образовательной среде. Описана классификация проектов, предложены критерии для проведения оценивания проектной деятельности учащихся.
Abstract. The report examines the features of the organization of project activities in a distance-learning environment. The classification of projects is described, criteria for assessing the project activities of students are proposed.
Кілт сөздер: Онлайн режим, Вебинар, электрондық зертханалық жұмыстар
Keywords: Online mode, Webinar, electronic laboratory work
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Жалпы, соңғы жылдарда қашықтан оқыту тәсілі жаһандық үрдіс ретінде қалыптасты. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындары бұл әдісті кеңінен қолданып келеді.Мұның артықшылығы да, кемшіл тұстары да бар. Әсіресе қазіргідей карантин жағдайында бұған балама жоқ. Сондықтан алдағы уақытта оны жетілдіре түскен жөн» деп атап өтті.
Соңғы жылдары Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар:
-онлайн(синхрондық);
- оффлайн (асинхрондық); -- - кең таралған үшінші түрі вебинар;
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Физика пәнін онлайн режимде оқыту барысында бірнеше интернет платформаларды қолдандым. Атап айтар болсақ, ZOOM, Microsoft Тeams платформалары арқылы физикадан жаңа тақырыптарды онлайн режимде түсіндіруге мүмкіндік берсе, WhatsApp, Google classroom, Kundelik.kz платформалары арқылы оқушылармен кері байланыс жасалып отырды. Сондай-ақ, оқушыларға тақырыпқа сай қосымша видеолар YouTube, Daryn Onlain платформаларынан берілді. Оқулықтағы тапсырмалардан бөлек оқушыларға Daryn Onlain тапсырмалары және Google Forms – та тест пен қосымша тапсырмалар дайындалды.
Бұл аталаған платформалар қашықтықтан оқыту барысында оқушыларға теориялық білім сіңіруге таптырмас платформалар.
Физикада теориялық біліммен қоса зертханалық және практикалық жұмыстар да маңызды орын алады. Физика сабағында жүйелі түрде зертханалық жұмыс өткізу арқылы оқушылардың білімге қызығуын, ізденісін тудырады.
Оқушы теориялық алған білімін зертханалық жұмыстарда физикалық құрал-жабдықтармен таныса отырып, физикалық құбылыстар мен зерттеу әдістерін толық түсінуге мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқыту барысында физиканың арнайы құрал-жабдықтарын алып, өз қолдарымен ұстап жасауға оқушыларда мүмкіндік жоқ, сондықтан осы зертханалық жұмыстарды орындау барысында электрондық зертханалық жұмыстардың жиынтығын қолдандым.
Қашықтықтан оқыту барысында физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарды ZOOM, Microsoft Тeams платформалары арқылы орындалды.
ZOOM немесе Microsoft Тeams платформасы барлық сынып оқушылары бірлесе отырып, зертханалық жұмыстың орындалу барысын айтып отырады, соған сай мұғалім құралдарды орналастырып, көрсетеді. Оқушылар сән мәндерін жазып және есептеп, теориялық біліммен ұштастыра отырып, зертханалық жұмыстың қорытындысын дайындап, кері байланысқа шығады.
Қашықтықтан білім алып отырған оқушының электрондық зертханалық жұмыстар арқылы оқуға деген мотивациясын дамытуға, оқу материалдарын игеруге және оқу іс-әрекетін жете ұғынуға талпындыруға болады.
Білім беруді басқару жүйесі. Қашықтан оқытуды тиімді жүзеге асырудың негізі болып онлайн режімінде оқу процесін құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық платформалар саналады. Қазіргі кезде әлемдік деңгейде Learning Management Systems (LMS), яғни білім беруді басқару жүйесі (БББЖ) бар. 2014 жылы менеджмент жүйесін оқытудың әлемдік нарығы 2,5 млрд доллардан астам қаржыға бағаланды, ал 2009 жылы нарық көлемі 1,2 млрд доллардан екі есе аз болды. Дүние жүзінде оқытуды басқару жүйесін 600-ден астам жеткізуші бар. Ең ірі әлемдік БББЖ 15 ірі компанияның үлесінде. АҚШ жоғары оқу орындарының зерттеуі бойынша (студенттер саны 1 мыңнан асады) БББЖ ең танымалдары: Blackboard Learn, Moodle, Desire2Learn және Canvas. Blackboard Learn платформасын 35,8% америкалық университеттер пайдаланады, қалған платформаларды мәселен, Moodle – 19,7%, Desire2Learn – 9,5% және Canvas – 9% қашықтан оқытуға қолданады. Қашықтан оқыту курстарына қатысатын студенттер саны бойынша Blackboard Learn платформасы көшбасшы (барлық студенттердің 44,6%-ы), студенттердің 16,5% Moodle платформасын, 12,9%-ы Canvas жүйесін таңдаса, 12,6%-ы Desire2Learn платформасында қашықтан оқиды.
Zoom неге тиімсіз?
Zoom – біздің көпшілігіміз карантинге дейін білмейтін бейнеконференция алаңы. Наурыздың аяғында оның қаржысы 29 млрд долларға дейін өсті, яғни бұл кез келген америкалық авиакомпанияға қарағанда қымбат тұрады. Бұл оқшаулануға мәжбүр болудан туындаған сұраныс екені мәлім. Zoom Video Communications бас кеңсесі Калифорния штатының Сан-Хосе қаласында (АҚШ) орналасқан және қашықтан конференция өткізетін бағдарламамен айналысады. Компанияны 2011 жылы Эрик Юань құрған. Сервистің өзі 2013 жылы іске қосылды, іске қосылғаннан кейін бірден оған млн пайдаланушы қосылды, 2014 жылдың жазында ол 10 млн-ға жетті, ал 2015 жылға қарай Zoom қызметін 40 млн жеке тұлға мен 65 мың ұйым пайдаланды (Би-Би-Си). Бағдарламаның тегін нұсқасына 100 адамға дейін қатыса алады, бұл жағдайда бейнеконференция 40 минутқа дейін созылуы мүмкін. Егер пайдаланушыға қатысушылардың көбірек санын қосу немесе олармен ұзақ сөйлесу қажет болса, сізге айына 15 долларды құрайтын ақылы нұсқаға көшу керек. Бұл жағдайда, тегін нұсқада жеке бейнеқоңыраулар шектелмейді.
Zoom-ға компьютерден де, смартфоннан да қосыла аласыз. Қоңырау шалуға, хат жазуға және конференция барысында қатысушыларға хабарлама жазуға да болады. Zoom-ның негізін қалаушы миллиардер Эрик Юан әлемде карантин басталғаннан бері платформаны пайдаланушылар саны өскенін, қазіргі уақытта оны күніне 200 млн адам пайдаланатынын айтады. Алайда Сан-Хосе (АҚШ) федералды сотында Zoom компаниясы үшінші тарап компанияларына, атап айтқанда Facebook-ке және басқа да әлеуметтік желілерге деректерді жіберді деп айыпталды. The Guardian iOS қолданбасы әлеуметтік желіде тіркелмеген болса да Facebook-ке мәліметтерін жібереді деп жазды. Бұл ақпарат пайдаланушының орналасқан жерін және бағдарламадағы оның жеке мәліметтерін қамтиды, сол арқылы басқа компаниялар оған жеке жарнамаларын жібере алады. Тағы бір мәселе 2020 жылдың қаңтарында табылды. Check Point израилдік киберқауіпсіздік компаниясы Zoom-дағы әңгімелерді тыңдауға және осындай парольмен қорғалмаған конференциялар кезінде таратылған барлық файлдарды алуға болатын кемшілігін анықтады. Хакерлер Zoom-дағы конференцияларды бұзу үшін түрлі порнографиялық бейнероликтер жібереді. Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарында хакерлер нәсілшіл және жай ғана қорлайтын хабарламалар жіберіп, конференциялардың берекесін кетіргені жайлы айтылады. Алайда БАҚ-тың хабарлауынша, хакерлер компьютерлер мен телефондардағы жеке ақпаратқа қол жеткізе алмайды.
Microsoft Teams платформасы оңтайлы ма?
Қазақстандық оқу орындары жаңа оқу жылы басталысымен қашықтан оқытуда онлайн дәрістерді Zoom-мен емес, Microsoft Teams платформасында өткізуді ұсынып отыр. Zoom-ның бірқатар кемшіліктері айқындалды және тегін бейнебайланыс уақыты 40 минуттан аспайды, одан ұзағырақ дәріс өткізу үшін Zoom платформасының ақылы қызмет түріне жүгінуге тура келеді (айына 15 доллар). Елімізде жаңа оқу жылында қауіпсіз және оңтайлы оқыту платформасына көшу қажет болды. Карантин кезеңінде көптеген компания мен кәсіпкер өз қызметтерін бейнебайланыс арқылы қалай ұсынуға болатынын анықтады. Мысалы, дәрігерлер, заңгерлер, мұғалімдер, рекрутерлер және тіпті фитнес жаттықтырушылар да қадамдар жасап көрді. Осы бейнесабақ ұйымдастыру үшін Майкрософт өзінің екі қызметін біріктірді, бұл – командалар мен броньдау. Сіз командалар туралы бұрыннан білетін шығарсыз, бұл бейнеконференциялар ұйымдастыруға арналған топтық чат. Ал броньдау – Microsoft 365 кеңсе жиынтығында қолжетімді онлайн-броньдау (жиналыстар мен видеокездесулерді алдын ала жоспарлау) үшін жасалған бағдарлама. Майкрософт компаниясы өз тұтынушыларымен онлайн кездесулердің күнтізбесін жүргізе алады, жаңа сұраныстарды қабылдайды және растайды. Бейнедәріс үшін оқытушы алдын ала күнтізбеге дәріс мерзімін белгілеп, студенттерге сілтеме жібереді. Microsoft Teams дәріске қатысушылардың барлығын фонға шығара алады. Жақында Microsoft корпорациясы Microsoft Teams аудиториясының күніне 13 млн қолданушыға жететіндігін мәлімдеді. Жаңа оқу жылында қазақстандық ЖОО-лар Microsoft Teams платформасында дәрістері мен семинар сабақтарын жүргізе бастады. Қазір оқытушы-ғалымдар аталған платформаны зерделеп, қашықтан оқытса да білім сапасын төмендетпеу жолдарын қарастыруда.
Резюме
Оқу орындарының ұстаздары қашықтан оқыту жүйесінде студенттің білім сапасы төмендейді деген пікірде. Болашақта үш әлемдік үрдіс қашықтан білім берудің дамуына әсер етеді. Біріншісі, гигономика (Джиг экономикасы) деп аталатын өсім. Бұл кәдімгі дәстүрлі жұмыстармен айналысқаннан гөрі, көп адамдар өздері үшін жұмыс істеуді жөн көретіндігінде. Екінші, жаһандық үрдіс қазіргі адамның жеке өзін-өзі тануға деген ұмтылысымен байланысты: әркім өзінің өмірінің мақсаты мен мағынасы болғанын қалайды.
Resume
Teachers of educational institutions believe that the quality of student education in the system of distance learning decreases. In the future, three global trends will affect the development of distance education. The first is growth, called gigonomics. This is because many people prefer to work for themselves rather than doing traditional work. Second, the global trend is associated with the desire of modern man for personal self-knowledge: everyone wants to have a purpose and meaning in life.
Қолданылған әдебиеттер
- Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан өз дамуында алға жаңа серпіліс жасау қарсаңында» 2006 жыл.
- Қазақстан Республикасының «Білім жөнінде Заңы». 1999 жыл.
- «2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы»
- Бөрібеков Қ.Қ. «Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім жүйесі жүйелі шараларды қабылдауға мұқтаж». Алматы, 2006 жыл.
- Бөрібеков Қ.Қ. «Əдістемелік ұсыныстар жинағы» Астана, 2002 жыл.
- Журнал «Информатика и образование», № 7 -2006ж. (41-45 б)
- Журнал «Информатика и образование», № 2 -2006ж. (49-57 б)