Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1480

«Бала шақтан болашаққа...»

       Мұқағали Мақатаевтың 90,Тұрсынғазы  Рахимовтың 70 жылдық мерей тойлары қарсаңында өткен әдеби-танымдық-сазды кеш. Зал іші безендірілген ак-көк шарлармен. Көрме ақын   мен композитор шығармашылығынан кітаптар.(СахнаТұрсынғазының балалық шағы өткен қарапайым ауыл көрнісін береді.  Сахна төрінде Нұрсұлтан Әбішұлының орындауында «Сәби болғым келеді» әні ойнап тұрады.) (Сахналық қойылым  «Бала Тұрсынғазы мен  Мұқағали Мақатаевтың кездесуі»)

        Кезкелген ауыл баласының балалық бал дәуренінде шаңға аунап, көбелек қуып, асық ойнаған бала болғаны белгілі.  Жусанның исін иіскеп, шаң-топырақта аунап ,кең даланы, тылсым табиғатты көріп мен де қарапайым ғана Малтүгелдей шағын ауылда өсті. Ол кезде 7 сынып оқып жүрген кезім еді, үлкен ағам Ерғазы өзі әнші, өзі сері, әрі ақын болатын,үлкен ағама еліктеп домбыраны тыңқылдатып менің де ән салатыным бар болатын.Бір күні қара шаңырағымызға Ерғазы ағаммен бірге бір бейтаныс жан келді.Әлгі адамның жанары отты, сөзі сенімді, қимылы шалт ерекше айбатты көрінді.Ерғазы ағам: Әй, Тұрсынғазы бұл менің Мұқағали деген досым болады деп таныстырды. Сөздерінің аясына қарасам Аягөзге қонаққа келген екен.Аягөздің табиғатына тамсанып, Махаббат күнбезін көріп өлең де жазғанға ұқсайды.

(ән  «Аягөз   ару») 

       Иә, сол күні әлгі бейтаныс адаммен  ағам ұзақ сөйлесті, екеуінің әңгімесі таң атқанша бітпеді.Арагідік дауысы зор, шашын шалқайта қайырған Мұқағали ақын отты-отты өлеңдерін оқыды.

(Мұқағали Мақатаевтың  Қазақ  Радиосының   алтын  қорында сақталған дауысы қойылады)

      Отырыстың қызған  бір сәтінде ағам маған: Әй, Тұрсынғазы ағаңа кеп Қасымның әнін орындап берші деп өтінді.Қос ақынның мысы басты ма   мен әнді  қысыла-қысыла әзер орындадым.

(Қасымның «Өзім туралы»  әнін оқушы  Нұрдәулет  орындайды)

        Иә, сол күні Қасымның әнін 8 рет айтыппын. Кетерінде маңдайымнан иіскеп Мұқағали: «Әй,мынауың әнші болады  қазіргісі  құлын дауыс» - деп  батасын беріп кетті.Содан бері осы ұлы адаммен өмірім айрылмастай байланды, өлеңдерін   жаныма  желеу еттім. Өмірім әнге айналды. Осы сәттен бастап домбыраны тағдырым деп таныдым.

(«Сәби болғым келеді» Тұрсынғазы Рахимов орындауында видео)

Елдос  Жақсылықов Аягоз  аудандың мәдениет үйінің  әншісі Тұрсынғазы Рахимовтың  шәкіртінен   ән  сұраймыз 

 

Жүргізуші

Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім, өзендерім, көлдерім!
Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім!
 
Орманым да шуламай,
Суларым да туламай,
Ақ басты ала-тауларым да жыламай,
Ұйқысынан оянды,
Бәрісі де таң нұрына бояулы.
Айдын көлде асыр caп жүр қаз, аққу,
Ақ таңымен амандасып қазақтың.
Қайырлы таң, ашық аспан, ақ аспан,
Ай, Шолпаным, жұлдызым!
 

Жүргізуші

 

Қайырлы таң, әзілдері жарасқан
Сәби жанды ұл-қызым!
Бәрісі де дін аман
Бір адам жоқ жылаған,
Сәби де жоқ таң алдында қыңқылдап,
Бір үзім нан сұраған.
Шуағымен шомылдырып алапты,
Тағы, міне, бейбітшілік таңы атты.
Арқалап ап ырыс-құт,
Келеді, әне, Күн шығып.
Қайырлы таң, Тыныштық!
Қайырлы таң, Тіршілік!...

Жүргізуші

«Сәби  болғым  келеді» Тұрсынғазы Рахимовтың алғашқы әні. Сазгердің сазгерлік әлемдегі сәтті   сапарына жол ашкан  акжолтай ән. Бар казактың көңілін баураған бөлек дүние.

1979 жыл, 13 сәуір. Жастайынан ән салумен әуестеніп, кейіннен Жүсіпбек

Елебековтей ұстазының алдын көріп, әншілік қыры әбден қалыптасқан кезі.

Репортуарындағы әр әнді нақышына келтіріп орындау деңгейіне көтерілсе де, көңілі әлдебір әуез йірімін тілеп қанағаттанбай жүретін.

 Жүргізуші

Көңіл түкпірінде «Шіркін, тамаша бір ән шығарсам ғой» дейтін арман да жоқ емес-тін. Үйлі-баранды болып, əке деген атқа ие болғанда осы бір толғаныс туындыға айналып шыға келді. Көңілінде көптен берi көзі ашылмай келе жатқан әуен сиқырын Мұқағали Мақатаевтың «Сәби болғым келедісі» дөп басқан. Жары аман-есен босанып, Сұңқардай ұлдың дүниеге келгенін естігендегі қуаныш сезімі үстінде ақын кітабын қолға алғаны сол еді, ақынның жаңағы сөзі әнші көкейіндегі күмбірді үдете жөнелген. Түн ортасына жетпей туған жаңа әнін сол сәтте тарлан Темiржан Базарбаевқа тыңдатқан.

«Ән жазсам» деп армандаған алғашқы күн мен «Сәби болғым келедiнiң» арасында 13 жыл өтіпті.

 

(Өмір  циклындағы өлеңдерін оқылады)

 

Жүргізуші

Ел қатарлы әскери борышын өтеп келген соң өнер жолына түбегейлі бет бұрған Тұрсынғазы Алматыдағы «Республикалық эстрада-цирк студиясына» оқуға тапсырып, кезінде ауылына келіп ән салып, жүрегіне өнердің шоғын түсіріп кеткен Ж.Елебековтың ән класына қабылданады. Республиканың жан-жағынан жиналған  қыз-жігіттер ұлы ұстаздың әр айтқанын қалт жібермеуге тырысып, әншіліктің қыр-сырын үйренуді бастайды.

Жүргізуші

Жүсекең алғашқы сабаққа келген күні әр баламен танысып, кайдан келгенінсұрап, дауысын бірден тыңдайды. Кезек Тұрсынғазыға келгенде... Бұрын соңды еш жерде айтылмаған, ешкім естімегеәйгілі Қасым Аманжоловтың «Қасымның әнінен» бастауы сол жерде отырғастуденттерді ғана емес, ұлы ұстаздың өзін ойға қалдырады. Солай алғаш мәртебелі  өнердің ордасын тың әнмен ашып, ол әні сол уақыттағы ел аузынан түспейтін әнге айналып, Ғалым Мұхамедин досы айтқандай «Тұрсынғазы әнге бірден жаңалыкпен келген еді».

 

Жүргізуші 

Жүсіпбек Елебековтің бір қасиеті бар болатын. Әр шәкіртіне мінездеме беріп, оның өнердегі болашағын болжап отыратын. Әрі сол айтқандары дәл келді. 

Бір күні сабақта отырғанда , кенет Жүсіпбек  Елебековв өзінен-өзі Тұрсынғазыға қарап отырып:Осы, сен Қара, түбі композитор боласың, - дейді. 

(Аягөз ауданының айтыскер ақыны Қазыбек Байжұманов Тұрсынғазының әнін орындайды)

Жүргізуші

Ән – омір, Өмір деген тақтайдың бетіндей теп-тегісемес, оның жеңілі мен ауыры, ойы мен кыры, тауы мен тасыкуанышы мен мұны, ағы мен карасы, багы мен наласы катар жүреді.Ән -тірі организм.

Жүргізуші

Әншілік – күрделі өнер. Әншілік – табиғатында туған топырағына, кан мен

Сүйекке бітетін өнер. Тек оны ұштап, баптап, дамытып, өнер қадірін саралап,дүние сырын түсініп, өзіңнің алдындағы буын мен өзіңнен кейінгі ұрпақ арасында дәнекер бола білу және сол деңгейді ұстап тұра алу. Әншілік — кісілік, талғампаздык.

(Мектеп түлектері Дархан мен Нарұл М.Мақатаевтің «Шашыңнан иіскейін» әнін орындайды.)

 

Жүргізуші

Рас, Тұрсынғазы — ақын. Онда сөз киесі мен сөз парқын пайымдай алатын пәйнек, сөздің арзаны мен қымбатын ажырататын талғам, өзек өртер өлеңнің өртімен «Қызыл сөздің қоламтасын қозғасаң, тіл күйдірер шоқ жататынын» білетін сөз танығыштық бар. Өміріндегі қуанышы мен қызығын, шаттығы мен мұңын,рахаты мен уайымын ақын өлеңімен бөлісті, жүрегі байыз тапты

Жүргізуші

Әндерінің дені Мұқағали жырларымен ұштасуының сыры да осында жатса керек. Оның өлең  оқитынын біреу білсе, біреу білмейтін. Ол өлең оқығанда ақынның кейпіне еніп,өз жырындай оқитын, ақын мен бірге тұтасып кететін. Әсіресе, Мұқағали жырлары, Абайдан кейінгі ең көп оқылатын ақын  Мұқағали екенін біз енді біліп жүрміз. Ол Мұқағалидың көп оқылатынын ерте сезген сияқты. Ол егер «ақын» болмаса Мұқағали жырларының табиғатын тап басқан әндер тудырмас еді.

(Ата-ана,туған-туыс тақырыбындағы өлеңдер оқылады)

Жүргізуші

    «Сәби  болғым   келеді»  әні Мұқағали Мақатаевты бала кезінде көргендіктен бе, әлде алғашқы әнінің сәтті шығуына себеп болған өлеңі құдіретінен бе, ақынның жыр жинағын жиі парақтап  тұру Тұрсынғазының әдетке айналған бір ісі. Өмір құпиясы, адамдар болмысы туралы ойларға оранғанда көңілде туған сұрақтар жауабын да осы ақын шығармасынан жиі табатын. «Отыздан асып барамын» әні де көкіректегі көп сұрақтардың жауабын қайтару мақсатында туылған дүние. 

 

Жүргізуші

     Тұрсынғазы  ағамыздың   30-ға толған шағында самайына бір түп ақ шаш пайда болған екен. Осы бір түп ақ шаш өз жанарын өзіне жиі аудартып, ойландыра берсе керек. Бірде айнаға қарап, әлгі ақ шашын сипап тұрғанда Мұқағали өлеңінің жолдары ойына орала кетеді. Сөйтіп, «Солай да солай, қарағым, Cұрыма неге қарадың...» деп  ән   ирімдері көкейге  келіп,тағы да жаңа ән  тағы да Мұқағалидың  өлеңіне туған екен.

 Жүргізуші

Шырқаған, қазағымның қоңыр қазы,

«Дариға-ай», таусылды ма өмір жазы.

Келсе де «Сәби болғың...» қанша ынтығып

Ғұмырдың қаяу салар көңілге азы.

 

Қайран дүние -ай, құйрығын келте түйген

Жан едің ұлы өнерді ерте сүйген.

Артында «Қазағым-ай» ән қалдырып

Барады топтан ұзап «Ерке жирен».

 

Белгілі болса да өмір тәтті екені,

Ажал жетсе адамның жат мекені.

Ардақты абызынан айырылып,

Мұнаяды даланың «Ақ бөкені»

Жаңылып «Санаулы күн» санауынан,

Үзіліп «Арман» гүлі сабағынан.

Барады жалғыз тамшы жас сырғанап,

«Аякөз ару» Қыздың жанарынан.

Мұқағали Мақатаев «Жан азасы»

(Қойылым. М.Мақатаев  Моцарт «Жан азасы» қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Толеуова Аманжан Талгаровна) 

Жүргізуші

 Жазылар естеліктер нешеленген

Корерміз оның бәрін пешенеден

Әйтеуір білетінім бір-ақ нәрсе

Көшедi өлең немесе өшеді өлең – деп Мұқағали айтқандай

жасындай жарқылдап жиырмасыншы ғасырдан жиырма бірінші ғасырға

бар бояуын жоғалтпай көшкені  анық. Жыр көші,Ән көші.

 

  Жүргізуші

Осымен, Мұқағали Мақатаев пен Тұрсынғазы Рахимовты еске алу мақсатында өткен «Бала шақтан болашаққа» атты әдеби-сазды кешімізді

аяқтаймыз.

Жүргізуші

  Әрбір атқан таң, батқан күніміз қазақ  еліне қуаныш нұрын төксін.

Ел іргесі бүтін болсын! Хош – сау болыңыздар!

 

 

 

 

182 0
Толеуова Аманжан Талгаровна, «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы № 001752
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: