Білім беру саласы | Таным | |
Бөлімі | Жаратылыстану | |
Өтпелі тақырып | Мен және қоршаған орта | |
Тақырыбы | Бөлме өсімдігі дегеніміз не ? | |
Күтілетін нәтиже | Адам үшін бөлме өсімдігінің пайдасын анықтау. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін анықтау. Бақылау жұмысын жүргізу. Бөлме өсімдіктерін күтуді үйрену. Жабайы және бөлме өсімдіктеріне анықтама беру. Жабайы және бөлме өсімдіктерді ойын аркылы ажыратуға үйрету. Алгорит құрастыра алады. Командада жұмыс жасай алады. Кері байланыс орната алады. Сурет бойынша қызғалдақ гүлін көбейту жолын цифрмен көрсетеді | |
SMART мақсат | Барлығы: Адам үшін бөлме өсімдігінің пайдасын анықтай алады. Бақылау жұмысын жүргізе алады. | |
Көпшілігі: Бөлме өсімдіктерін күте алады.Адам үшін бөлме өсімдігінің пайдасын анықтай алады. Командада жұмыс жасай алады, Кері байланыс орната алады. | ||
Кейбіреуі: Жабайы және бөлме өсімдіктерін ажырата алады. Алгорит құрастыра алады. Сурет бойынша қызғалдақ гүлін көбейту жолын цифрмен көрсете алады. | ||
Ойлау денгейі | Білу,талдау, қолдану, жинақтау | |
Әдіс-тәсілдер: | Шаттық шеңбері. Жұмбақ: Миға шабуыл, Мадақтау: Кластер: INSERT: Алгаритм құрастыру: Қар кесегі, Бала үні, 4К моделі командалық жұмыс, сыни ойлау. | |
Ресурстар,дамытушы орта: | Карточкалар, микрафон,Әліппе-дәптер. Гүлдер отырғызылған қыш құмыралар. Проэктор | |
Жоспар | ||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жұмыс түрі | Ресурстар |
1.Оқу қызметінің басталуы
| Шаттық шеңбері. Көк шалғында қоңыздар, Би билейді айнала. Оң аяқпен топ-топ-топ, Сол аяқпен топ-топ-топ. Екі қолды жоғары жоғары , Көтереміз жай ғана. Қане кімнің қолдары, Көрінеді жоғары.
4К моделі сыни ойлау Жұмбақ: Ауаны ол тазартып, Үйдің сәнін кіргізер. Терезеде гүлдейді, Қыста қызыл гүл берер.(бөлме өсімдігі) | |
ІІ. Оқу қызметінің негізгі бөлімі
| Миға шабуыл: Гүлдер неге бөлмелік деп аталады? Оларды не үшін өсіреді, қандай пайдасы бар?
4К моделі командалық жұмыс, Бала үні. (карточкалар арқылы таңдау жасайды) Балалар екі командаға бөлініп, «Жабайы және бөлме өсімдіктері» суреті бар карточкалармен таңдау жасалады, ойын арқылы гүлдерді ажырата алады.
Мадақтау: Қай команда жеңіске жетеді ,сол командаға мұғалім смайликтер береді. Сабақ соңында кімде көп смайлик жинайды. Сол бүгінгі күннің үздігі атанады.
Әліппе- дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Жабайы кактус-бөлме кактусы т.б.
Кластер:Бөлме өсімдіктерінің түрлерін атай алады.
INSERT:Мұғалім гүлдер отырғызылған қыш құмыраларды қояды, олардың біреуіне күтім жасалмаған, ал екіншісіне күтім жасалған. Күтім жасалмағаны сарғайып қурайын деп жатыр. Ал күтім жасалғаны жап-жасыл болып өсіп тұр. Балалар бірінші құмырадағы гүл неге қурап жатқанын түсіндіреді.
Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма. Сурет бойынша қызғалдақ гүлін көбейту жолын цифрмен көрсетеді.
3-тапсырма. Бөлме өсімдігін отырғызу ретін әңгімелеу.
Алгаритм құрастыру: Гүлдер тұнжырап қалмауы үшін біз не істей аламыз? Суғарамыз Су шашамыз Қопсытамыз Тыңайтамыз Кеуіп қалған жапырақтарын жұламыз |
Өсімдіктер суреті бар карточкалар
Смайликтер
Әліппе-дәптер
Проэктор
Гүлдер отырғызылған қыш құмыралар
Әліппе-дәптер
|
ІV.ҰОҚ Қорытындысы: Рефлексия Кері байланыс | Қар кесегі: Бөлме өсімдігі жайлы балалар өз ойларымен бөліседі. Сабақ қызықты болды ма? Қай кезең саған ұнады? Тәрбиеші сабақ соңында оқушылардың смайликтерін санап баға береді. |