Аннотация: Қазіргі кездегі жасөспірімдердің мінезіндегі ерекшіліктері мен іс-әрекеттеріне алаңдау жоғарылады. Заманның қарқынды дамуға қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рух та, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді. Тәуелсіз еліміздің қазіргі даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы өзгерістермен яғни, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастарының ерекшіліктерімен сипатталады
Кілт сөздер: психика, таңдау, бейсаналық, әлеуметтік көзқарастар, архетиптер, жауапкершілік, сыни ойлау.
Қазіргі кезеңдегі жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайға бейімделуіне, мінезінің қалыптасуына, тұлға ретінде дамуына әсерін тигізетін тиімді жолдарын көрсету, анықтау да басты мәселелердің бірі болып табылады.
Жеке адамның мінезінің тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» арттыру қажет екендігі көрсетілген[1]. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың мінезіндегі нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. Мінездің теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.
Жасөспірімдердің жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын мінез акцентуациясын зерттеушілер А.Бек, Л.С.Выготский, К.Леонгард, Л.В.Личко В.Франки, Р.Бэрон, З.Фрейд, Қ.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде мінез акцентуациясының аныќтамасы мен сипаттамасы, мінездің үйлеспеушіліктің табиғаты, акцентуацияның пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде жасөспірімдердің бойында кездесетін мінез акцентуациясының көрініс беру ерекшеліктері талданған. Кез келген адам сияқты жасөспірімдер де мазасыздық жағдайын бастан кешіреді. Мазасыздық – бұл реалды және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу. Егер қауіптілік реалды болса, мазасыздық күшті жұмылдырып, шоғырландыруға көмектесіп, бейімделуді орындайды. Егер адам мұндай жағдайда жиі болса, онда психика жұқарады, ал өнімділік төмендейді. Мазасыздық бұл жерде ішкі тынышсыздыққа, дүрлігуге, қамдануға, қозғыштыққа өтеді. Сондлықтан да мінез – бұл тұлғаның фрустрациялық жағдайларға қарсы тұруы, мазасыздықтың шешілуінің индивидуалды тәсілі. Фруструация – бұл қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы. Бірақ, белгілі болғандай, жағдай қиындығы – бұл субъектілік құбылыс; сондықтан бір адамға танысу қиын (бұл астеникалық тұлғаларда болады), басқаларға айырылысу қиын (оларды тұйықталған), біреулерге монотонды еңбек қиын, басқаларға экстремалды жағдайларда әрекет жасау мүмкіндігі қиын. Қалған тапсырмалар жеңіл шешіледі және де адамның өмір сүру жолы жалпы өнімді болып табылады [2].
Егер мінез өзгеріп, оның қандайда бір сипаты айқын көрінсе, адам аса сезімтал болуы мүмкін. Бұл жағдай, адамда мінез акцентуациясының бар екенін көрсетеді. Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма варианттары. Соның салдарынан басқаларға тұрақтылық кезіндегі, психогендік әсердің негізгі түрі қатынасында таңдамалы осалы табылады (А.Е.Личко). Айқын акцентуация – “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті жағдайында тұлғаның дезадаптацияға әкелу мүмкіндігін көрсететін шеткі норма варианты.
А.Е.Личко акцентуацияның өзгерісінің динамикалық бағытын анықтап, оған оның түрінен латентті түріне өтуді жатқызады, акцентуацияның «шеткі психопатияға» және трансформациясының мазмұны жағынан өзіне ұқсас акцентуацияның қосылуын көрсетеді (мысалы, гипертимдінің циклоидтыға ауысуы). [3].
Мінез өзінің орнығуын жеткіншек шақта аяқтайтын болғандықтан, оның дамуына әсер ететін фактор – жанұялық тәрбие. Э.Г.Эйдемиллер және В.В,Юстицкий ата-ана тәрбиесі стиліндегі кейбір бұрмалалар мен акцентуацияның арасындағы байланысты анықтады.Сонымен, гиперпротекцияға лайықты (бақылау жоғары және тыйым жоқ болғанда) истероидты және гипертимді түрі дамиды, ал басыңқы гиперпротекций жағдайында (жоғары бақылауда тыйым аса көп болса) психоастениктерде, сензитивтілерде және астено-невротиктерде астеникалық сипат басым болады. Ал гипертимділер ата-аналарынан босауға тырысады, үйден қашады. Эмоционалды шеттету жағдайында ата-аналар жағынан эпилептоидты акцентуация қалыптасады; ал алғашқы эмоционалды-лобилді фонында сензитивті немесе астено-невротикалық акцентуацияда декомпенсация күшейеді, невротикалық бұзылулардың тууын әкеледі. Жоғары моральды жауапкершілік психоастеникалық акцентуацияның пайда болуын әкеледі. Қадағалаумашылық стилі (ата-аналар мен баланың бақылауы, тыйым салулары,талаптары, қажеттіліктің қанағаттануы осал болғанда) гипертимді акцентуацияның пайда болуын немесе конформды акцентуацияның немесе баллада тұрақсыздықтың әлсіз психикалық қоймасына әкеледі.Азды –көпті қалыптасқан акцентуация осымен өзінің дамуын аяқтамайды. Тұлғаның өмір сүру барысында акцентуация өзгеруі мүмкін. 25-30 жаста психопатиялы адамдар психикалық тұрақтылық жағынан өзгереді, қалыпты жағдайда еңбек етіп, өзінің психикалық сау еместігін көрсетпеуі де мүмкін деп П. Б. Ганнушкин көрсеткен.
Жасөсірімдік жас кезеңінде балалармен, өз қатарларымен, қоршаған ортамен қарым-қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы үлкен орын алады[4].
Жасөспірімнің жаңа праволарға ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жасқспірім бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделерімен, көзқарасымен, пікірімен санаспағанға, т. б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жасөспірімде өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген правосынан айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған (баланың ересектермен қатынасындағы тең правосыздық жағдайын бейнелейтін) типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің праволарың шектейді де, өз праволарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тең праволылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жасқспірімнің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары – ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типтің жаңа, ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектігі сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағыправоларының мүлдем жаңа проблемасын туғызады [5].
Жасөспірімдік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым- қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жасөспірім пен ересектің әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарласып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді.
Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары – жасөспірімнің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны.
Егер ересектің өзі инициатива білдірсе, немесе жасөспірімнің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін. Мұның шарты ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ. Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар:
- жасөспірімнің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі; ол мектеп оқушысы болған, әлі де сол қалпында қала бермек;
- оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы мұғалімдермен қатар тәрбиешілер ролін атқарады;
- ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру, бақылау әдеті (қажеттігін ұғынған күнде де, бұл дағдыны бұзу қиын);
- әсіресе бастапқыда жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы. Осының бәрі ересек адамға жеткіншекті бағуға, тіл алуға тиісті баладай қарауға мүмкіндік береді және жасөспірімнің праволары мен дербестігін ұлғайту қажет емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды.
Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу, міндетіне де қарсы келеді. Жасқспірімнің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық, тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс. уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады; ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен, міндеттер мен праволардыұлғайтумен байланысты [6].
Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерге іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жасқспірімді тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді. Жасөспірім пен ересектердің тартыс-таласының себептері. Жасөспрімкезеңінің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас, бір жағынан, тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жаөспірімнің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігімен оның жаңа праволарды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болады. Талас-тартыстар мен қиыншылықтар жеткіншектің праволары мен дербестігініңсипаты туралы олардың түсініктерінің үйлеспеушілігінен келіп шығады.
Егер ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгертпесе, онда жеткіншектің өзі қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің инициаторы бола бастайды. Ересектің қарсылығы жасөспірімнің тіл алмау мен қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады; ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиілеп, жасөспірімнің қарсыласуы барған сайын табанды бола түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас-тартыс формасын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы, «балалық» қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа «ересектік» қатынастарды таңады. Талас-тартыс ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгерткенше жалғасуы мүмкін. Талас-тартысты қатынастар жеткіншектің мінез-құлқының бейімделгіштігі мен эмансипациясы формаларының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жатсыну, ересек адамның әділетсіздігі туралы сенім пайда болып, оған өзін ересек адам түсінбейді, түсіне де алмайды деген түсінік негіз болады. Осындай негізде ересек адамның талаптарын, бағалары мен көзқарастарын енді әдейі қабылдамау келіп шығуы мүмкін, сөйтіп жеке адамның моральдық және әлеуметтік бағдарлары қалыптасатын осындай жауапты кезеңде жеткіншекке ықпал жасау мүмкіндігінен мүлдем айрылып қалуы мүмкін. Жасөспірім ересектердің қарым-қатынасына неғұрлым көбірек наразы болса, оған жолдастары соғұрлым керек, олардың бұған ықпалы соғұрлым күштірек болады[7].
Талас-тартыс – ересек адамның жасөспірім кезеңде жеке адамның дамуымен санасуға, жасөспірімге өз жанынан жаңа орын тауып беруге қабілеті жетпегендігінің немесе оған ынтасы болмағандығыныңсалдары.
Жасөспірімдердің ересектермен қатынастарындағы дербестігі мен тең праволылығы проблемасы-олардың қарым-қатынасындағы және жалпыалғанда жеткіншекті тәрбиелеудегі ең күрделі әрі шұғыл проблема. Жасөспірімдер мүмкіндіктеріне, оған қойылатын қоғамдық талаптарға сай келетіндей және ересек адамға оны бағыттауға, оған ықпал жасауға мүмкіндік беретіндей дербестік дәрежесін табу қажет [8].
Егер ересек пен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас ересектер қарым-қатынасының белгілі бір типі бойынша мазмұнды достық ынтымақ, бұған тән өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасында оған тән қиыншылықтар болмауы мүмкін. Жасөспірімге ересек адам тарапынан түсінушілік қажет. Олардың өмірінің ортақтығы түрлі мазмұнда құрылуы, ал ынтымақ іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде өрістеуі мүмкін, бірақ бұлардың екеуі де бірдей мөлшерде қажет. Ынтымақ процесінде жеткіншек пен ересектің әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа тәсілдері қалыптасады, олар моральдық-этикалық мазмұны жасөспірімнің әлеуметтік ересектігін дамыту міндетіне және ересектермен қарым-қатынастың сипатына, оның қоятын жаңа талаптарына сай келеді. Нақ осы ынтымақ ересек адамға жеткіншекті әр түрлі істер мен кәсіптерде өзінің көмекшісі және жолдасы жағдайында қоюға, ал өзіне оған үлгі-өнеге әрі дос болуға мүмкіндік береді. Нақ осындай қарым-қатынастар жеткіншекке субъективті тұрғыдан, ал оны тәрбиелеуге объективті тұрғыда қажет.
Ересек адам мен жасөспірімдің жеке қатынастарындағы сәттіліктің олардың арасындағы байланыс пен түсініктің әбден қажет болатын тағы бір себебі мынадан: жасөспірімдік кезеңнің басталуында баланың ересектермен және жолдастарымен, құрдастарымен қарым-қатынастарының екі жүйесі арасындағы күрделі қарым-қатынастар үшін жағдайлар жасалады. Мұның бірінші себебі – баланың осы екі жүйеде принципті тұрғыдан жағдайының әр түрлі болуы. Ересектермен қарым-қатынаста ол балаларға арналған тіл алу моралында тіркелген тең праволы емес жағдайда болады. Жолдастарымен – құрдастарымен -қатынаста ол принципті теңдік жағдайында болады, мұның өзі, бір жағынан, ересек адамның ересектер дүниесіндегі болашақ жағдайында тең, ал екінші жағынан, ол балалардың іс-әрекеттің алуан түрлеріндегі ынтымағы элементтерінің көзі болып табылады [9].
Жасөспірім кезеңінде конструктивті даму барысынан келесі ауытқулар болуы мүмкін:
- идентентификациялауының диффузиялылығы: адамның иденттілік қалыптастыруға қысқа мерзімді мүмкінділігінің жоқтығы.
- уақыт диффузиясы: екі көрініспен пайда болатын уақыт сезімінің бұзылуы. Уақыт диффузиясы қорқыныш немесе өлімді тілеумен байланысты;
- жұмыстың тұрып қалуы: көбінесе идентика диффузиясымен көрінетін табиғи жұмыс қабілетінің бұзылуы;
- жат идентитификцияның орын алуы: идентификцияа қалыптасуында нормамен әсер ететін барлық факторлар мен рольдердің мойындалмауы. Яғни, мұны үлкендер керек емес немесе кауіпті деп. Негізінен бұл ауытқулар аса қауіпті көрінгенмен көп жағдайда есею процесі рамкасы толығымен дұрыс вариация болып табылады бірақ егер де ақырғы жағдайда психикалық ауруларға немесе антисоциалды мінез-құлықтың анық формасына алып келуі мүмкін [10].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан 2030» үндеуі, 1997.
- Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. - М.:, 1982.
- Введение в психологию /Под ред. А.В. Петровского – М., 1995.
- Голубева Э.А. Способности и индивидуальность – М., 1993.
- Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию – М., 1996.
- Грановская Р.М. Элементы практической психологии. - М.:, 1997.
- Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. - М.:, 1991.
- Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. - М.:, 1992.
- Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. - Киев: 1989.
Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. - М.: 1989.