Теміржолдың үстіңгі құрылысының элементтері мен
типтері туралы білім беру және тәжірибе жүзінде үйрету.
Білімділік: Білім алушылардың жолдың үстіңгі элементтері мен типтері туралы түсіндіре отырып, алған білімдерін өндірісте тиімді пайдаланып, білім дағдыларын пысықтау.
Тәрбиелік: Білім алушылардың ой санасын білімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.Сонымен бірге әртүрлі ойын элементтерін пайдалана отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Білім алушылардың ойлау, есте сақтау, жылдам қабылдау қасиеттерін дамытып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен, ұжыммен
жұмыс жасау, бірін-бірі бағалау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялар, әр
топтың бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру, физика
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: ( 2 минут )
1. Білім алушылармен сәлемдесу.
2. Білім алушыларды түгелдеу.
3. Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, білім алушылардың назарын сабаққа аудару.
4.Топты бағалау (бағалау парағын беру)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: ( 10 минут )
Карточка
- Құламаның тіктігі мен беріктігін қалай анықтаймыз?
Жауабы: үйіндінің биіктігіне .топырақтың қасиетіне,жердің геологиялық,
гидрологиялық және климаттық жағдайына байланысты анықталады.
- Резервтер дегеніміз не?
Жауабы: Егер үйінді сол жерден алынған топырақтан жасалса,жер төсемінің суын бұру үшін сол топырақ алынған ойпанды жоспарлап пайдалануды резервтер деп атайды.
- Берманың анықтамасы?
Жауабы: Үйінді құламасының табаны мен резерв аралығындағы алаңшаны берма деп атайды.
ІІІ. Жаңа сабақ . (25 минут)
1.Мақсат қою және мотивациялау
2.Сабақ жоспарымен таныстыру.
Жолдың үстіңгі құрылысы жылжымалы құрамды бағыттау, оның доңғалақтарының күш әсерлерін қабылдап, ол күштерді жолдың төменгі құрылысына тарату қызметін атқарады.
Жолдың үстіңгі құрылысы дегеніміз-құрылыстар кешені. Оған балласт қабаты, шпалдар, рельстер мен рельс бекітпелері, ығысуға қарсы бекітпелер,
бағыттама құрылысы, көпірлер мен бұрылма брустары кіреді.
Рельстерді шпалдарға бекітіп,рельсті-шпалдар жол торы жасалады.
Мұнда жер төсемінің негізгі жолағына салынған балласт қабатына шпалдар батып жатады.
Балласт қабатының қалыңдығы мен шпалдар аралығының мөлшері,оларға түскен қысым күші жоғалғаннан кейін,шөккен жер төсемінің бұрынғы қалпына қайта келуін қамтамасыз ететіндей жағдайда болуға тиіс.
Жолдың үстіңгі құрылысы күрделі жағдайда жұмыс істейді, оған жүрген пойыздың, жауын-шашынның,желдің, температураның өзгеру әсерлері тиеді; солай болғанда да олар айтарлықтай берік, орнықты, ұзақ қызмет ететін және пайдалы болу керек.
І. Жұмыстың пайдалану шарты
Жүк жүктемесі брутто Тo, млн.т.км/км жылға; Тo > 50 25 < Тo <50 Тo<25 Ось жүктемесі, кН; локомотив 230 230 230 вагон 210 210 210
ІІ. Жолдың үстіңгі құрылысының параметрлік типтері
Рельс типтері Р75 Р65 Р50 Шпал ағаш шпалы І типтегі және темірбетонды
1 км жолға түзу телімдерге 1840 1840 1840 шпал саны қисық телімдерде радиус
R<1200 жылдамдықта v<120 км/с және R<2000 жылдамдықта
v>120 км/с 2000 2000 2000 Балласт шағылтас құмды жастама, шағылтас құмды асбесттік балласт жастама асбесттік балласт,карьерлік қиыршықтас, ракушка Балласт призманың екіқабатының қалыңдығы,см; Шағылтасты кабат 35/40 30/35 25/30 Құмды жастама 20 20 20 Балласт призманың бірқабатының қалыңдығы,см; 55 50 45
ІV.Жаңа сабақты бекіту. (5 минут)
1. Анаграмманы шешу, артық терминді анықтау
V. Білім алушылардың білім деңгейіне қарай бағалау.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде білім алушыларды бағалау үшін әр топ басшысына бағалау параға берілген. Сол парақ бойынша әр студенттің жалпы бағасын шығарады. Білім алушыларға осы тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау парағына қарай қорытындылай отырып,бағалау.
Бағалау парағы
VI. Үйге тапсырма.
- Оқу ІІ тарау §2.1 96-98 беттер
VII. Пайдаланылған әдебиеттер мен программалар:
1.М.А.Чернышев , З.Л.Крейнис «Железнодорожный путь»
2.Кәсіптік мектеп №1, №2,№3 2011ж