Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1467

Бәсекеге қабілетті маман дайындау

Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар.Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамың өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. 

Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың  инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да білім алушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің  дамуы үлкен жетістіктерге жетелейді. 

Бүгінгі мақсат — әрбір білім алушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай ,жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін оқытушының ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты–оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, білім алушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. 

Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуде. 

Колледж – білім беретін орта, оның жүрегі – ұстаз. Ізденімпаз ұстаздың шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр оқытушының борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Жаңа формация оқытушы табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы оқытушыға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Оқытушыларға қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын  программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

- интерактивті тақта;

- мультимедия;

- интернет кеңістігі;

- электронды оқулық.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

- бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

- оқушының ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

Білім алушының  есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Оң мотивацияларды қалыптастыру – оқытушының кәсіби міндеті. Мотив білім алушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін білім алушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта білім алушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Оқытушылардың тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру білім алушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде оқытушылар білім алушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне бейнесабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т.б. жатқызуға болады.

Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

- оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

- ақыл - ойын дамытады;

- шығармашылық белсендігін арттырады;

- ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

- тіл байлығын жетілдіреді;

- жан-жақты ізденушілігін арттырады.

 Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану білім алушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде колледж білім алушылары бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Бейне-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан білім алушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, оқытушыларға осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Білім алушылар ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайды. 

Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Білім алушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады. I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, білім алушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау). II кезең. Ойын кезеңі (білім алушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау). III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру). Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы – оқытудың негізгі мақсаты білім алушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу білім алушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан білім алушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Білім алушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі. Сабаққа дайындық барысында білім алушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда білім алушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады.  Оқыту ісіне ақпараттық технологияны қолдану оқу үрдісін едәуір тиімді, сапалы ете түскенін, педагог пен шәкір байланысының жетілгенін аңғартады.

Ақпараттық технологиялар - объективтік мәні бар үрдіс, ол адам мүмкіндіктерін толық жузеге асыруға жол ашады, ал оларды қолдану адам бойындағы қабілетті дамыту негізіңде қоғамның алға басуына үлкен ықпал егеді. Біз өмір сүріп отырған әлем үнемі жаңару үстіндегі ақпараттық білімді орта, онда қарым-қатынастық және ақпараттық технологиялардың кірігуі білім беру үрдісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс.   Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгереді, қазіргі маман ақпаратгық және қарым-қатынастық техниканы пайдалануға дағдылануы, ақпаратгы тауып, өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқытып үйренуі тиіс.

Қорыта келе айтарым - оқу үрдісінде ақпараттық технологияны толық меңгеру техникалық жағынан да, психологиялық жағынан  бүгінде оқытушыларға компьютерсіз жұмыс ітеуге болмайтынын ұғыдырды, компьютер оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын кұрал ретінде қажет.

425 0
ЖАННА БАЙДИЛДИНА, Арқалық көпсалалы колледжі құқықтану пәндерінің жоғарғы санатты оқытушысы, ЦПК комиссиясының төрайымы ,Арқалық қаласы Ұлы дала ұстазы № 002040
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: