Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1465

Ата заң- елдігімнің еңсесі

  Білім алушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   аралас сабақ

Әдісі: презентациялық

ӘНҰРАН ОРЫНДАЛАДЫ.

Барысы: І. Ұымдастыру

ІІ. Тақырыпқа кіріспе

ІІІ.Викториналық сұрақтар

ІҮ.Негізгі бөлім Конституцияның шығу тарихы

Ү.Не білдік? (сұрақ-жауап)

ҮІ.Ойды аяқта (сергіту ойыны)

Оқытушы: Құрметті оқытушылар, білім алушылар, қонақтар!Біздің колледждің тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізгелі отырған «Ата заң-елдігімнің еңсесі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

“Конституция” термині латын сөзінен алынған, “constitution” ұйым, құрылым деген мағынаны білдіреді. Бұл б.з.д І ғасырда, ежелгі Рим императорларының заң актілерінің атауында қолданылған.Әлемдегі мемлекеттер ішінен ең алғаш рет жазылған Конституцияны 1787 жылы АҚШ қабылдады.Ол бүгінгі күнге дейін қолданыста.Ал Еуропада жазылған конституцияны алғаш рет 1791 жылы Франция мен Польша мемлекеттері қолданысқа енгізген еді. 

1-білім алушы

Елге арналатын тілге шын,

Ей ұлым, Отанымның түлегісің

Іргесін туған елдін тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісін?

Ешкім де мін таға алмас елдігіме

Дауласып жармаспайды белдігіме

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

2-білім алушы

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған

Бастайтын болашаққа бақ кемені

Осы жол халықтың да нақ сенері

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып ант берді

Болғанмен бұл өмірде айлаң күшті

Ел үшін кім тындырар қайран істі

Елімнің дамуы мен дағдарысы

Олдағы Ата Заңға байланысты!

3-білім алушы

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына

Тікелей әсер еткен ғұмырына

Айналды Ата Заңым мызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды

Шектеуде және тегін қойылмайды.

Викториналық сұрақтар:

1.ҚР алғашқы конституция қашан қабылданды?

2.ҚР конституциясының авторы кім? Авторы болса....?

3.ҚР конституциясы неше бөлімнен тұрады? Бөлімдерін ата?

4.Неше бап бар?

5.ҚР конституциясынан өзіңнің құқықтарың мен міндеттеріңді қай бөлімнен оқи аласың?

 

ІІ.Негізгі бөлім

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанның аумағында үш рет Конституция қабылданған болатын.Ең алғашқысы-1926 жылы наурыздағы Жалпы қазақстандық кеңестің Х съезінде бекітілген ҚазКСР Конституциясы, екіншісі-1936 жылы 5-желтоқсанда өмірге келді, үшіншісі-1977 жылы 7-қазанда Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс жетінші сессиясында қабылданған Конституция.

1993 жылғы 28-қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда және жаңа мемлекеттік органдарды құруда үлкен маңызға ие болған тәуелсіз еліміздің тәуелсіз Конституциясын қабылдады. Бірақ бұл Конституция қазақ мемлекетін өркениетке жету жолында бір сатыға көтергенімен мемлекеттің экономикалық тұрғыдан қарқынмен дамуы бұл Конституцияның мүмкіндіктерін шектеді. Мәселен, онда мемлекеттің басқару жүйесі жан-жақты толық реттелмеген болатын.

Жоғарға Кеңес ескі өкіметтен келе жатқан шектеусіз құзіретін пайдаланып Президент пен Үкіметтің саяси-экономикалық реформалар жасау жұмысына көптеген кедергілер келтіреді.Сондықтан да қоғамның өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені қойды. Сөйтіп, 1995 жылғы 30-тамызда жалпы халықтың дауыс беруімен экономикалық дамудың жаңа қазақстандық моделін дүниеге әкелген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция халық мүддесіне арналған.

 

Не білдік?

1. Ең алғашқы тәуелсіздік алғанға дейінгі Конституция қай жылы қабылданды?

2.1993 жылғы Конституция не себепті қайта қарауды талап етті?

3.”Конституция” сөзінің мағынасы?

4.Дүние жүзіндегі алғаш қабылданған Конституция?

5.Еуропадағы алғаш Конституция қашан,қай елдерде қолданысқа енгізілді?

 

1995 жылғы қабылданған Конституция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.

1-бөлім  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2 бөлім  АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ

3 бөлім  ПРЕЗИДЕНТ

4 бөлім  ПАРЛАМЕНТ

5 бөлім  ҮКІМЕТ

6 бөлім  КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

7 бөлім  СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІ

8 бөлім  ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН- ӨЗІ БАСҚАРУ

9 бөлім  ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

«Ойды аяқта...»

-Ұрлық түбі...... Қорлық

-Біреуге ор қазба.... ... Өзің түсесің

-Заңның құрығы.... ... Бәрінен ұзын

-Өтіріктің құйрығы..... ... Бір-ақ тұтам

-Тура биде..... ... Туған жоқ

-Туған биде..... ... Иман жоқ

-Қолыңмен істегенді.... ... Мойныңмен көтер

-Еңбек түбі...... ... зейнет

Атамекен әні орындалады.

Оқытушы: Бүгінгі сағатта біз Ата Заңымыздың тарихы туралы көптеген мәліметтер алдық. Алдағы уақытта сіздерге осы мәліметтер көмек болады деген сеніммен «Ата Заң-елдігімнің еңсесі» атты тәуелсіздіктің 30-жылдығына арнаған сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тындағандарыңызға рахмет.Сау саламат болыңыздар!

439 0
АНЮТА АХМЕТБЕКОВА, Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі арнайы пәндер оқытушысы ,Арқалық қаласы Ұлы дала ұстазы № 002039
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: