Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1462

Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-балабақша

    Тәрбие мен білім бір-бірімен ұштасып жатқан егіз ұғым. Баланың дұрыс жетіліп,ел тұтқасы болар азамат ретінде көру үшін әуелі осы екі дүниені бала бойына мықтап сіңіру қажет. Жан-жақты дамыған, дені сау, қабілетті ұрпақ - гүлденген жаңа Қазақстанның жарқын болашағы. Қоғамымыздың айнасы білім беру саласының биік деңгейге көтерілуін қаласақ, әуелі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруге аса көңіл аударған жөн. Баланың қажетті білімді бойға дарытуы балабақшадан бастау алады. Мектепке дейінгі білім беру саласының басты мақсаты мен міндетіне болашақ ұрпақтың білім көкжиегін дамыту, “тәрбие” ұғымының басты құндылық екенін заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, бала санасына тоқыту. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның алға қойып отырған нақты талабы, заманға сай, көкірегі ашық, көзі ояу ұрпақ тәрбиелеу. Ол әрине жан-жақты білімді, бала тілін түсіне алатын, мұқият тәрбиешілердің тізгінінде. “Заманың түлкі болса, тазы болып шал” демекші, бүгінде жаңа технологиялар күн санап емес, сәт санап өзгеруде. Осыған сәйкес, білім беру жүйесінде де, баланың тілін, ойлау қабілетін дамыту барысында әртүрлі қызықты әдіс-тәсілдерді өз тәжірбиемізде іске асыруды көптеп қажет етеміз. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы бала  тәрбиесі мен білімін жүйелі түрде дамытуға, білім сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік туындайды.

      Бүгінгі білім беру ұйымының баласы- ертеңгі еліміздің болашағы. Өскелең ұрпақтың саналы түрде жетілуі үшін оның ішкі қыр-сырына үңіліп,қабілетінің дамуына жағдай жасау керек. Қазіргі қоғам балаларына қарап, сана-сезімінің жоғары әрі берілген ақпаратты тез қабылдай алатынын байқай аламыз. Осыған орай, балабақшада жаңа технологияларды пайдалана білу сауаттылығы да жоғары болу қажет.     

      Балабақша мен ондағы тәрбиешілерге жасалған жағдай мектепке дейінгі ұйым балаларының шығармашыл болуына, белсенді өмір-салтын ұстануға, таным қабілетін одар әрі дамытуға, білім нәрін бойға дарытып. өсуіне әсер етеді яғни алғашқы баспалдағы қалыптасады. Мектепке дейінгі кезең бала өміріндегі ең маңызды шақ болып табылады. Сондықтан осы кезеңде баламен дұрыс қарым-қатынас орнатып, сәл де болса тәрбиенің ұшқынын себе білу қажет. “Сыйға сый” демекші бүгінгі мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі ертеңге дайын шәкірт болып шығады. Ал, шәкірт ұстаздан озып жатса, ол біз үшін үлкен қуаныш. 

      Балабақша- бала бойындағы барлық тәрбие атауының да, білім нәрінің қалыптасуына да ұйытқы бола білген алғашқы баспалдақ іспетті. Тәрбиеге ата-бабамыз сонау заманнан-ақ ерте араласқан. Ал, қазіргі күннің таным қабілетін ерте жастан дамытатын ол- мектепке дейінгі ұйым. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы. Бала тәрбиесі – үлкен өнер.Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп  ұлтжандылыққа тәрбиелеу біздің басты борышымыз.

 

     Қорыта келе, өмірін осы қызметке арнаған адамды, өз өнерін, бойындағы барлық қасиеттерін дарытқысы келетін адамды нағыз тәрбиеші деп атауға болады. Мектепке дейінгі ұйым балаларын білім нәрімен сусындатып, тәрбиенің тал бесіктен түзу қалыптасуына жағдай жасай алатын тек өз ісінің маманы бола білген тәрбиешілердің  еншісінде. Баланың мейірімге толы жүзі, әппақ қардай көңілі, бал тамған тіліне қуана білетін тәрбиеші меніңше ең мықты маман.

 

 

 

 

319 0
Таңшолпан Тлеумбетова, "Шағала" бөбекжай-бақшасы, Тәрбиеші Қызылорда облысы, Арал каласы Ұлы дала ұстазы № 002037
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: