Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1461

Елдің жарқын болашағы – салауатты, дені сау жастар

                                   Мен Өзбекова Меруерт Қызылорда облысы

                                     Шиелі ауданы Жақаев ауылында №149 Ә.Монтаев             

                                        атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысымын.

                                              «Тәуелсіздікке - тарту»   тақырыбымен

                                      жарияланған   байқауға неге қатыспасқа деген ойға                     

                                      келдім. Саналы , дені сау , салауаты азамат болып ,

еліміздің жарқын болашағын құрайтын жастардың қатарында болу –менің еліме қосар үлесім болмақ.Мен спортты сүйемін. Менің спортты ұнатуыма бірден – бір себепші – менің жанұям. Менің  әжем– спортшы ,   55 жасында жүгіру мен жүзуден аудан – облыс чемпионы болған. Ал, қазіргі жасы – 65. Менің жас көрінуім  - қозғалыстың нәтижесі деп үнемі айтып отырады. Алыстан мысал іздемей – ақ ,  әжеме ұқсап спортпен айналыссам жаман болмаймын.Әжемнің  бізге айтатыны  – «жақсы жүрсең –пұл , жаман жүрсең құл боларсың» деген сөзі. Осы сөздің өзі  - салауатты өмір сүрудің  негізгі қағидасы десе де болады.Қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырғанда ғана болашағымыз жарқын болмақ.  Бұл сөз -  менің әжемнің  ұстанымы. Өйткені, 63 жастағы әжемнің  қимылының ширақтығы, өмірге құштарлығы -   салауатты өмір салтын қалыптастыруында екені даусыз.  «Көп қимылдасам , спортпен шұғылдансам  өзіме көмектесемін , жүрегіме көмектесемін » - дейді әжем. Яғни , қозғалыс - жүректің жұмысын жақсартады, жеңілдетеді. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, осы   тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене   қозғалысы  адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады,ауруды   алыстатып,  өмірді ұзартады.  Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.

Енді ,  «емі жоқ» деген сал ауруын да жеңуге болады екен. Медицинаның соңғы жаңалықтары дәрі-дәрмектің, заманауи құрылғылардың сан түрін ұсынуда. Бірақ дамыған медицина ешқашан халықтық медицинадан алшақ кеткен емес. Әртүрлі шөптермен, табиғи минералды сулармен емдейтін халықтық медицинада адамды жануарлармен де емдейтін әдіс бар. Соның бірі — иппотерапия. Ғылыми тілде иппотерапия деп аталатын әдіс бойынша атпен серуендеу арқылы жасалатын емнің бұл түрінен бүгінде талай жан дертіне дауа тауып отыр.Тепе-теңдікті сақтау үшін салт мінген адам бойын жинақтап ұстауға, өзінің әрбір дене қимылын игеруге жаттығады. Жылқының әрбір адым алшақтығы адамдікімен бірдей, бұл арқылы ол өзінің адымын да есептеп үйренеді.Жылқы — табиғи тренажер.
 Мінсе — көлік, ішсе – қымыз, жесе — ет болған жылқының қаншама қасиетін пайымдағанымызбен, парқын білмеген тұстарымыз да бар екен. Соның бірі де бірегейі осы тұлпар терапия ілімі. Мен бұл ем-шарасын иппотерапия деп емес, тұлпар терапия деп атар едім. Бабалар атқа мінуді биік өнер деңгейіне көтергені белгілі. Теңге ілу, қыз қуу, көкпар сияқты ұлттық қазына — адамның физикалық, психологиялық әлеуетін шыңдайтын ойындар.Атқа отыру адамға биохимиялық тұрғыда ықпал жасап, ағзаны нығайта түседі. Дәрігерлердің айтуынша, жылқы бұлшық еттерінің қозғалысы массаж жасауға қабілетті көптеген элементтен тұрады және адам ағзасын ақырындап қыздырады. Өйткені , жылқы температурасы адамның дене қызуынан бір жарым градусқа жоғары болады.
 Атқа отырғанда тақымға берілетін жылу қан айналымын жақсартады.
 Бала өзіне назар аударуды сезіне бастайды, ақырындап сөйлеуге тырысады. Мінез-құлқы да өзгеріп, көңіл күйі көтеріледі екен.         

Жылқы терапиясының балаға ең басты  оң әсерлері 

- дене белсенділігін арттырады

- жаңа қабілеттерін ашады

- өмір сүруге деген құштарлығын оятады

- жанында өзіне деген сенімділігін нығайтады

- баланың тілін шығарады .  Осындай деректерге сүйенген әкем мен анам   інім Әлинұрдың денсаулығына   алаңдап    шұғылдануды   жөн көрді. «Кеш қалмағанымыз абзал » деп   Әлинұрға  көп уақыт бөлуге жанұямызбен атсалысамыз.


 
Қазағыммен туа біткен өнерін дамытсақ, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді осылайша қайта жаңғыртсақ, нұр үстіне нұр емес пе? Меніңше, кешегі ата-бабаларымыздың  дені сау, денесі мығым, ойы ұшқыр болуының бірден-бір себебі осы атқа мініп жүруінен деп ойлаймын.  Ат үстінде, биікте жүрген бала әлемге жоғарыдан қарайды. Сол арқылы оның өз-өзіне деген сенімділігі артады. Ал дәрігерлердің айтуыбойынша, сенім мен көтеріңкі көңіл күй нәтижелі ем алудың ең басты шарты болып табылады.Атқа міну, жылқы жануарын бағындыру  - жарымжан бала үшін үлкен жетістік. Сосын шығар , інім Әлинұр  атқа мінуге асығып отырады. Інімнің көңілін жыққым келмеген мен де , жұмыстан қолы босамаған  әкемді  күтпей – ақ   атқа мінгіземін. Әлинұрдың  денсаулығының   дұрыс   болуына , қатарынан  кем  болмауына   менің де үлес қосқаным деп есептеймін. Күнделікті көз алмай қарайтын планшеттерімізден бас тартып, ең болмаса аптасына бір рет  таза ауа жұтып, атқа мініп серуендеп қайтсақ, қандай тамаша күйде болар едік. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.Салауатты   өмір  салтын  ұстау мен спортпен шұғылдану - жастардың , яғни, мына біздердің таңдауымыз болу керек.Сондықтан да, жаман әдеттерден аулақ болып,   табандылықпен білім сатысынан көріну. Келешекте саналы, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын   кұрайтын  жастары  болу борышымыз.        

176 0
Сабира Мырзақұлова , Ы. Жақаев ауылы №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебі, Дене шынықтыру пәні мұғалімі ,Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ұлы дала ұстазы № 002037
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: