Мақсаты: Қатысушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Сыни тұрғыдан ойлауды үйрете отырып, шынайы бағалауға төселдіру.
Қатысушылар: педагогтар
Нұсқаулық: әр бір жұмбақ жауабында әріптер жасырылған, сол әріптер жинағынан құпия сөзді табу.
Психолог: Құрметті ұстаздар! Өз қызметтеріңізді аянбай, алаңсыз жүргізулеріңізге ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені анық. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен қолдарыңызға берілген жұмбақ жолдарын оқып, жасырылған әріптерді таба отырып, әріптер жинағындағы құпия сөзді табу.
Жаттығу барысы: Әріптестер қолдарыңыздағы жұмбақты мұқият оқып шығып, жұмбақ жауабында әріптер жинағы жасырынған әріптерді тауып, құпия сөзді құрастырасыздар.
- Ілулі тұр кең алаң,
Дер кезінде мен одан
Бейнефильм көре алам.
(Интерактивті тақта)
- Оқу-білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы.
(Сөмке)
- Қатар-қатар, қаз қатар,
Жиын залда, қаз қатар
Оң қанатында ұш қатар,
Сол қол қанатында бір қатар
(Орындықтар)
- Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң көк теңбіл,
Бұлтқада жетеді.
(Шар)
- Көз алдыңда жайнаған,
Түсі судан аумаған.
Тегіс перде керілген,
Бірақ бәрі көрінген.
(Терезе)
- Оған шығып сөз сөйлеу,
«Сүйікті» ісі басшының.
Сенде тұрсаң сол жерде,
Сезінесің биіктен
(Мінбе)
- Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.
(Кітап)
Рефлексия:
- тренинг сізге ұнады ма?
- қандай әсер алдыңыздар?
- тренингтен кейіегі көңіл күйлеріңіз?
Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі мықты денсаулық, екіншісі жүректен шыққан жылы сөз болса, онда жұмбақ сөздерде жасырылған «Сіздерге рахмет» жылы сөзін бір-бірімізге айтып, қайырымды болайық. Тренингке қатысқандарыңызға алғыс білдіремін.