Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1459

Қазақстандағы волейболдың даму мен тарихы

   Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы – Американың Гелиоке қаласы. Бұл 1895 жылы болған оқиға еді. Колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис орнын екі сырыққа бойлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа допты алма-кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оны оқушылардың да қайталауын талап етеді.

Волейбол — деген сөздің мағынасы “ұшатын доп”  1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылды, ал 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынды. Волейбол ойынының Европа мемлекетіне таралуы ХХ ғасырдан басталған. 1967 жылы Чехословакияда тұңғыш рет алғашқы жарыс ұйымдастырылды да, Франция, Румыния, Ауғанстан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Россияда волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылды. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдастырылды.

Европа мемлекеттерінің алғашқы біріншілігі 1948 жылы дүние жүзінің біріншілігі 1949 жылы өткізілді. Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны – бар ұлт үшін ортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой.

Волейбол– біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.  1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB — ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді. 80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті.

 Иә,  сонымен   волейбол  ойынының   Қазақстандағы дамуы  мен  тарихына   көз   жүгіртсек;

Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.

Волейбол ойынына тән ерекшелік - оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз. 

Жеке тұлғаның жан - жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы - бұл спорттық іс- әрекетімен бірігіп топтасқан белгілі мақсатта бағытталған тұрақты бірлестік екендігін өмір көрсеткен шындық.

Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында. Әдістемелік оқу – құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен. 

Тұңғыш Президентіміз,Н.Ә. Назарбаевтің  бастамасымен «Спорт –денсаулық  кепілі »-атты   ұранды  негізге  ала   отырып, Қазақстандықтардың «салауатты өмір  сүруіне »жағдай  жасау  барысында , елімізде  қыруар   жұмыстар  атқарылуда. Бүкіл  Қазақстан   бойынша  қалалардан  бастау   алған  спорттық  іс-шаралар   шалғайдағы  шеткі  ауылдармен ұштасып жүйелі  түрде жалғасын  табуда.    Қазақ елінің  қаласы  мен  ауылына   шейін   «салауатты өмір  салтын  тұтынуға»   арналған,   спорттық  іс-шараларды   өткізуге  арнайы спорт  кешендері , әр  спорт   түріне  толық  жабдықталып    қызмет  етуде..

Мен  өзім   де  көпжылдық  іс-тәжірибемнен осы  волейбол   ойнын  дамытуға  қосқан   үлесіммен  бөлісе  кеткенді   жөн  көрдім...... 

Мектеп   қабырғасында  денешынықтыру  сабағында   жоспарлы  бағдарлама  бойынша   волейбол  сабағын  өткізген   кезде  әсіресе бастауыш  сыныптарды   балаладың  жас  ерекшелігіне   аса  мән  берілуі   керек .

Оқушылардың   ойын барысындағы нақты қозғалыстары тағы  сол  сияқты   шалт  қимылдар  уақытында   оқушылардың қауіпсіздік   ережелеріне мұқият сақталуын   қадағалау.

*Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Қарсыластың добын  қабылдап, өздеріне асыру  барысында тепе-теңдікті  сақталуына  ыңғайлы   тұру.

*Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Доптың  әуеде қалықтауы ,секіру, допты  белгілі  бір   нүктеге түсіру ,допты үшке , яғни   үш  адам  арқылы қозғалта  отырып, қарыластың  әлсіз   жеріне  дөп  түсіру   арқылы  жеңіске  жету   .  шеберлілікті  шыңдай   отырып, ұпай  санын 25 ке жеткізу..

 

*Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. 

 Жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу, қимылдық  қабілеті   мен күші жеткілікті  болу  арқылы,қарсылас  жақтың   ойынын  қиындату. 

 Бүйірден жоғарыдан шабуылдау  арқылы  да   қарсыластың ойынын  қиындатуға да  үлкен   дайындықты  талап  етеді.

 Допты астынан тура беру арқылы  да үлкен табыстарға  жетудің   жолын  ашуға болады.

Допты астынан жанамалап беру  әдістерін  де жетік  меңгерген   оқушылыр өте  ұйымшылдықпен жақсы  игерсе  үлкен    нәтижелерге  жетуге  болатындығына   оқушылардың  көзін  жеткізу.

Доптың  әуеде  қалықтауы ,оған  қарсы   секіру  арқылы қорғану , қорғана отырып допты  белгілі  бір көздеген   нүктеге  түсіруге  үйрету   ол біздің  басты  мақсатымыз....

Қарсыластардың берген добын қағып алып, өте  шеберлілікпен  өздеріне қайтару  арқылы   жеңіске  жету...

       Менің  дене шынықтыру  сабағымның   негізі  бастауыш  саныптар   болғандықтан өзімнің  жиған-терген тәжірибемді  саралай-сабақтай  отырып ,оқушылырдың  жас   ерекшеліктері ескеріліп,  волейбол  ойынының   әрбір  элементтірін жүйелі  түрде оқушылардың  жүректеріне   жеткізуге  тырысып  жүрмін.   Қазақстанда  волейбол  ойнының   дамуына  осы  ойын   арқылы болашақ  менің шәкіртттерім, Қазақ  елін  әлемге   танытатынына  бек  сенімдімін... Алда биік  шыңдарды   бағындыруға  бізде  барлық   мүмкіндіктер  жасалған. Мектеп  ішіндегі   заманға сай  салынған спорт  залымыз және жаздық  қосалқы салынған спорттық  іс-шаралар   өтетін  алаңдар бәрі  де   талапқа  сай «,кел  де   салауатты өмір сүр ,спортпен   шыңдал  деп!» -шақырып тұрғандай.

 

 

Еңбек  етем   еліме, 

Шын  жүрекпен   беріле ..

Шарықтайды  шәкіртім,

Қазағымның көгінде!        -деп  нық   сеніммен, шабыттана  айта  аламын.

Шәкірттеріміздің алда  алар   асуларының  биік  болуына   атсалысып, шын  жүрекпен беріле еңбек  етіп, әрбіріміз туған  еліміз,     Қазақ  елінің абыройын  асқақтатуына    тамшыдай  болса да өз  үлесімізді   қосайық  әріптес!

3 238 0
Оразбай Мусаев, Қ. Мұхамедханов атындағы №90 гимназия КММ-нің дене тәрбиесі мұғалімі, Нұр- Сұлтан қаласы Ұлы дала ұстазы № 002036
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: