Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1458

Бақытты шақтың куәсі-балабақша

      Қазақ елінің ұлтжанды, нағыз патриот азаматын даярлап шығатын алғашқы мекеме- балабақша. “Тәрбие тал бесіктен” деп дана халқымыз бекерге айтпаса керек. Енді ғана қатайып, өскінін жайғалы тұрған жас сәбидің түзу, әрі әдемі өсуі үшін де көп күтім қажет. Кішкентай сәби айналасына қарап бой түзейтіні анық. Бала ата-анасының, тәрбиешісінің, достарының мінез-құлқын, жүріс-тұрысын тез бойға дарытып алады. ”Бала естігенін айтады,көргенін істейді” деген нақыл сөз осы тұста дәлме-дәл айтылғандай. Яғни, мектеп жасына дейінгі баланың бойына адамгершілік, мейірім секілді асыл қасиеттерді қаншалықты дұрыс бере алсақ, ертеңгі ұрпақтың тәрбие мен білімді қатар алып жүре алатын үлкен азамат болып шығарына еш шүбә жоқ. Мектепке дейінгі ұйым балаларының тәлім-тәрбиесі қаншалықты жақсы болса, балабақша тәрбиешілерінің сауаты жоғары деңгейде, өз ісінің маманы деген түсінік қалыптасқан. Тәрбиешілік жол ауыр қызмет. Ол ертеңгі қазақ ұлтының, болашақ ұрпағын тәрбиелейді. Бала бойына әртүрлі құндылықтарды дарытып, өмір сүре білуге икемдеу, қажеттіліктерімен қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

     Тәрбиеші- әрбір баланың мінезіне оңай икемделіп, тілін таба алатын психолог іспетті. Балалар арасында әнге, биге, көркемсөзге, бояуға қызығатын балаларды байқауға болады. Ал, тәрбиеші осылардың әрқайсысына икемделіп, бала жанын бағамдап, іштей түсіне алады. 

      Балабақша- келешек ел тұтқасы болып, мерейін асқақтататын, ел басқарып, жеріне иелік ететін жасампаз ұлт тәрбиелеп, өмірдің ең басты сатысын қалайтын, қасиетті де киелі мекен. Тәрбиеші мамандығының қыры мен сыры да, алдына келген бір топ баланың қас-қабағын бағып, олармен жұмыс жасау. Кез-келген отбасының бір еркесі, жүрегінің бөлшегі болып кеткен баласын  балабақшаға толықтай сеніп тапсырады. Осы орайда, ананың орнына ана бола білетін ол әрине тәрбиешілер. Сәбидің алғаш аяқ басып барар мекені-балабақша.Осы арқылы үлкен өмірге бейімделіп, оң мен солын сәл де болса, танып қалар жасқа келеді. Бала болашағы осы балабақшадан бастап қаланады. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа жақын, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып, ел іргесін көтеретін тағы бір қадам жасалады деген ойдамын.

      Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады.  Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды – нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Олай болса заман талабынан қалмай, заманауи болашақ балаларды  тәрбиелейік. Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. 

    Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы-ұлттық мінез-құлықтың қалыптасу жолы. Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып өсетініне өмір тәжірибесі куә.

 

 

 

 

196 0
Мереке Мухашева, "Шағала" бөбекжай –бақшасы ,Тәрбиеші Қызылорда облысы, Арал каласы Ұлы дала ұстазы № 002035
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: