Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1457

Сөйлеу тілін дамыту –балалардың қимыл мен сөзді байланыстыруының тиімділігі

      Баланың үш жасында тілдік дағдылары мейлінше кеңейеді,сондықтан оларға үлкендермен ғана емес,өз қатарластарымен де сөйлесуін үйрет

 қажет.Тілінің дамуымен бірге,баланың барлық танымдық  процестері (ес,зейін,ой) жас ерекшелігіне сай нәтижелі дамиды.Танымдық ойындардың көмегімен саусақ ұштарының сезімталдығы күшейеді және нығаяды яғни, баланың ойлауы да,сөйлеу тілі де дамиды. 3-4 жасар бала  саналы түрде сөйлей бастайды.

Сөйлеу тілі арқылы олар өз өтініштерін,ерік-тілектерін білдіреді. Бұл жаста балалар дыбыстардың таңбасы-әріптерге қызығады,магнитті әріп таңбаларын пайдаланып,буын,сөз құрастыра бастайды,әріптерді бастырумен және т.б әрекеттер барысында қуана ойнайды.

    Сонымен қатар,ойша сөздегі әріптерді қосып айтуды үйренеді.Балалар бастырылған әріптермен жазылған сөздерді табуды өте жақсы көреді.Мұндай жаттығулар біртіндеп,баланы саналы жазуға және оқу машықтарын меңгеруге еріксіз дайындайды. Ойын жаттығуы балалардың  зейінін тұрақтандыруға, сөзбен әріптің үлгісін қабылдауға және де қолдарын жазуға машықтандыруға көмектеседі.

     Біздің балабақшамыз сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған   арнайы балабақша болып табылғандықтан,біз әсіресе, ұсақ қол  және жалпы моторикасын дамытуға,сөйлеу тілін дамытуға көңіл бөлеміз.

     Сондықтан,біздің педагогтар жаңашыл әдістерді іздеуге,табуға және қолдануға тырысады,соның ішінде логоырғақ жаттығуларын қолданамыз.Біздің балабақшада балалар мен педагогтардың белсенді қатысуымен логоырғақ жаттығулары күннің екінші жартысында,тіл мамандары және логопед сабақтарында өткізіліп тұрады .

     Аталған дамыту жаттығулары - баланың жеке сөйлеу тілінің дамуына әсер ететіні белгіленді.Балалар көпшіл бола түседі, ұсақ моторикасы, тілдік, әлеуметтік дағдылары дамиды.

     Біздің мектепке дейінгі білім беру ұйымында «сөйлеуді дамытудағы балалардың қимыл мен сөз байланысының тиімділігі» туралы педагогтарымыз өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында педагогикалық ой өрісін және кәсіби құзіреттілігін жетілдіретін педагогтардың біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларына арналған облыстық семинарларда да өткізіліп жүр. 

        

                                       Семинарлардан көрініс

     

         Ұсақ қол моторикасын дамыту үстіндегі балалар

 

                      Тыныс алу жаттығулары жаттығулары

 

    Логоырғақ жаттығулар  жүйесі бойынша әдістемелік материалдар мен дидактикалық ойындар жинақталуда.

    Қорытындылайтын болсақ,баламен логоырғақ яғни,қимыл мен сөз байланысын дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болса,ол балада жаңа дағдылар мен іскерліктер пайда болатынын атап айтып кетер едім. Бұдан басқа,балада біртіндеп сезім,тәуелділіктен арылу және өзіне деген сенім пайда болады. 

Мамандар логоырғақ қимылдары- баланың театрға  деген махаббатын,жаңа ақпарат көлемін  алуға деген қызығушылығын оны меңгеруге деген дайындығын дамытады деп есептейді.Оған әлі өзі дайын емес нәрсені жасауға қажеті жоқ.

Ұрпағы білімді болса,халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Артымыздан өсіп келе жатқан өскелең  ұрпаққа мәнді де мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.
     Баланың даму мүмкіндігіне қарай, жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы және ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасынан-ақ басталатыны сөзсіз.
     Қай кезеңде болмасын мектепке дейінгі ұйымдарда, баланың сөйлеуін дамыту үшін қолданылатын әдістер ешқашанда орнын жоғалтқан емес. Баланың табиғатынан білуге құмарлығы, туғаннан  өсіп-жетілуге ұмтылысы басымдырақ болады. 

   Сондықтан да, қарқындап дамып бара жатқан  заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық сана, ұлттық тәрбиені сақтай отырып, бала тәрбиесіне енгізіп, тынбай ізденіп, жиі жаңартып,рухани жаңғырып отыруы заңдылық деп білеміз.
 
 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

               1. Система коррекционной работы    в логопедической  группе для детей с ОНР. 

                                                                                                                     Алматы ,2001

 

                2. Уроки логопеда: Игры для развития речи            

                                                                                         Е.М. Косинова     М.,2011

                3. Мектеп  жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы   

                                     Л. П. Федоренко, Г.А. Фомичева, В.К. Лотарев А., 1981

 

                4. Логопедия практическое пособие   

                                                                              В. И. Руденко Ростов н \ Д  2009

 

                5. Развивющие лексико – грамматические занятия      

                                                                          В. М. Акименко Ростов н / Д  2010

                6. Логопедиялық жұмыс                    Өмірбекова. Алматы .2015

118 0
Гульшат Балмагамбетова, «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша КММ-нің логопеді Мадина Конакбаева, «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша КММ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 002034
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: