Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1451

Қазақ тіл білімінің салаларын сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы меңгерту

     Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа технологиялық  әдіс-тәсілдерін қарастыру процесі жүріп жатыр.Өйткені  жаңа технологиялық  әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу және оны әр пән мұғалімдерінің тиімді пайдалана білуі – оқушының білім, білік дағдыларының дамуы мен білім сапасының артуының бірден бір кепілі.Сол жаңа технологиялық  әдіс-тәсілдердің бірі және бірегейі – Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы. 

            Қазіргі таңда мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндеттердің

 бірі – оқушы бойындағы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оны дамыту.Осы орайда  оқушылардың тілдік материалдарды теориялық жағынан жете меңгеріп, танымдық және машықтық дағдыларының қалыптасуына сатылай кешенді талдау жүргізудің маңызы зор. Сатылай кешенді талдау – теориялық материалдарды жете меңгеріп, оны саралауға, білімді тиянақтауға және танымдық ынтаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы тәсіл.

            Қазіргі қазақ тілінде сатылай кешенді тілдік талдаудың фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік түрлері жүргізіледі. 

            Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша фонетикалық талдау кешенді түрде төмендегі сатылар бойынша жүргізіледі. 

                  Добым. 

1. Сөзде 5 дыбыс, 5 әріп бар.

2 Біріңғай жуан буынды сөз.

3. Буынға бөлінуі: до-бым.

4.   Буындарға сипаттама: До-ашық буын; бым-бітеу буын

5. До-      болып бір жағдайда ғана тасымалданады.

     бым     

 

6. Екпін сөздің соңғы буынындағы Ы – дауысты дыбысына түсіп тұр.

7. Сөзде буын үндестігі де, дыбыс үндестігі де бар, кейінді ықпал үндестігі.

8. Дыбыстарға сипаттама: 

       Д – ұяң дауыссыз дыбыс;

       О – жуан, ашық, еріндік дауысты дыбыс;

       Б – ұяң дауыссыз дыбыс;

       Ы – жуан, қысаң, езулік дауысты дыбыс;

      М – үнді дауыссыз дыбыс; 

            

Лексикалық талдау кешенді түрде төмендегі сатылар бойынша жүргізіледі.

                   Ұлжарқынның жылы сөзі маған ерекше әсер етті. 

                   Жылы.

1. Жағымды, қамқор, мейірімге толы деген ұғымды береді. 

2. Ауыспалы мағынада тұр. 

3. Жылы, шуақты, ыстық, мейірімді – синоним.

4. Жылы, суық – антоним.

5.  Жылы – жалпылама қолданылатын сөз. 

            

Синтаксистік талдау кешенді түрде төмендегі сатылар бойынша жүргізіледі. 

                   Адамның жүрегі достықты аңсайды.

Бұл сөйлем айтылу мақсатына қарай – хабарлы. 

Құрылысына қарай – жай сөйлем; жақты, жайылма, толымды.

Жай сөйлемнің түрлерін ажырату үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдаймыз.

а) Адамның жүрегі достықты қайтеді? – аңсайды; дара етістікті, жіктік тұлғалы бояндауыш.

ә) Адамның несі достықты аңсайды? – жүрегі; дара тәуелдік тұлғалы бастауыш.

б) Адамның жүрегі нені аңсайды? – достықты; табыс септігіндегі дара, тура толықтауыш.

в) Кімнің жүрегі достықты аңсайды? – адамның; ілік септігіндегі дара анықтауыш.

            

            Сөз тіркесіне, оның байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай:

а) Жүрегі аңсайды – сөйлемнің грамматикалық негізі; қосымша арқылы байланысқан қиысу. 

ә) Достықты аңсайды – етістікті тіркес, қосымша арқылы байланысқан меңгеру, лексика-грамматикалық мағынасы – толықтауыштық.

б) Адамның жүрегі – есімді тіркес, қосымша арқылы байланысқан матасу, лексика-грамматикалық қатынасы – анықтауыштық.

 

Морфологиялық талдау кешенді түрде төмендегі сатылар бойынша жүргізіледі. 

          Ессіздіктің жеті атасын білгізбейтін кесірі бар.

  1/.     Ессіздіктің - зат есім.

2/. Тұлғасына қарай -  туынды.. 

3/. Құрамына қарай – дара.

4/. Негізгі түбірі –ес; зат есім, жалпы есім, дерексіз.

5/. -сіз – сын есім тудыратын жұрнақ, (ессіз-қатыстық сын есім).

6/. -дік – зат есім тудыратын жұрнақ, (ессіздік – туынды зат есім, дерексіз, жалпы).

7/. –тің – ілік септігінің жалғауы (ессіздіктің).

8/. Сұрағы – ненің?

9/. Синтаксистік қызметі – анықтауыш.

            Қорыта айтқанда, оқушылардың танымдық ынтасын арттырудағы сатылай кешенді талдау тәсілдерінің маңызы ерекше.Оқушыларға осы үлгілік тәсілдермен белгілі жүйе бойынша сатылай кешенді талдау жасату – оқушылардың теориялық материалды жан-жақты жете меңгеріп, әр сала бойынша тиянықты талдау дағдыларын қалыптастыруына ықпалын тигізеді және екінші тиімді жағы - оқушының ойлау қабілеті мен сөйлеу тілі дамып, алған білімдерін нақты мысалдармен дәлелдеуге, сыни тұрғыдан терең ойлауға үйренеді.

3 502 75
Артыкбай Отарбаев, № 23 жалпы орта білім беретін мектептің казақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Ұлы дала ұстазы № 002028
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Дуйсенова
3 марта 2022 20:31
Өте тамаша👍
Токабаева
3 марта 2022 20:34
Керемет талдау
Нургул
3 марта 2022 20:37
Өте тамаша талдау жасалған👍
Нурик
3 марта 2022 20:40
Таптырмайтын талдау жұмысы екен🤩
Акнур
Акнур
3 марта 2022 20:41
Кушті талдау екен
Акжаркын
Акжаркын
3 марта 2022 20:43
Мен іздеп журген талдау, керемет👍👍👍
Ерболат
Ерболат
3 марта 2022 20:44
Агайдын талдаулары кашанда уздік 👍
Назым
3 марта 2022 20:47
Талдау деп осыны айт, керемет
Мади
3 марта 2022 20:48
Шебер талдарған жұмыс екен
Тамаша
Маржан
Маржан
3 марта 2022 20:54
Керемет 💥 тамаша
Жадыра
Жадыра
3 марта 2022 20:56
Күшті 🤩, сауатты жазылған
Салтанат
Салтанат
3 марта 2022 20:56
Артықбай ағай сәттілік
Жадыра
Жадыра
3 марта 2022 20:57
Акжаркын, келісемін👍
Дидар
Дидар
3 марта 2022 20:57
Биіктен көріне біріңіз ағай👏👏
Айдынов
Айдынов
3 марта 2022 21:00
Саттілік серігініз болсын!!!
Жайлаубаева
Жайлаубаева
3 марта 2022 21:01
Агай сәттілік, сәттілік🙌
Ажар
Ажар
3 марта 2022 21:04
Дәл осындай талдау керек болып жүр еді, автор рахмет
Жанібек
Жанібек
3 марта 2022 21:04
Керемет, сатттік Сізге, кушті жазылған
Ермек
Ермек
3 марта 2022 21:05
👍👏👏👏👏😍😍😍😍тамашааааа
Гаухартас
Гаухартас
3 марта 2022 22:46
Сауатты жазылган талдау екен, керемет
Саддамова
Саддамова
3 марта 2022 22:50
Осы макаладан кейін сауатты талдауды үйрендім
Жазира
Жазира
3 марта 2022 22:51
Керемет жазылган екен
Бакытов
Бакытов
3 марта 2022 22:54
Міне нағыз талдау👍
Жарас
Жарас
3 марта 2022 22:58
Отарбаев Артыкбай тамаша талдау, рахмет сізге. Сәттілік.
Құралай
Құралай
3 марта 2022 23:02
Осындай талдау керек болып журген еди, саттилик сизге👍
Нұржігіт
4 марта 2022 13:57
Өте керемет
Естөре
4 марта 2022 14:16
Керемет, жақсы екен
Мырзабек
Мырзабек
5 марта 2022 20:37
Оте керемет 👍
Мырза
5 марта 2022 20:53
Өте керемет
Жанат
Жанат
6 марта 2022 23:14
Өте керемет, білікті маман ғой.