Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1449

Тірек –қимыл аппараты зақымдалған оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдары

   Білімі:

-жоғары, Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті, 2009ж

-жоғары, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, 2015 ж.

Мамандығы: Дефектолог.

Педагогикалық өтілі: 13 жыл

Санаты: екінші  категория

Берілетін пән: тіл дамуы кемшіліктерін түзету

Педагог кредосы: «Өзімнің уақытымды аямаймын, өзгенің бақытын аялаймын»; «Әр қашан өз ісіңе берік бол!»

Мамандық  туралы қысқаша дерек:

Кәсіптің сипаттамасы

Логопедтер тіл кемістігі бар (белгілі бір дыбысты дұрыс айта алмау, тұтығу және т.с.с.) балалармен де, ересектермен де жұмыс істейді. Алдымен, маман тіл кемістігінің себебін анықтайды. Бұл үшін ауыз қуысындағы сөйлеу аппаратының  қалай орналасуын, дыбыстардың қалай шығатынын, дауысы қалай шығып тұрғанын білуі керек. Бұдан әрі логопед пациентке толық сабақ оқыту курсын өткізеді. Оларға жаттығуларды маман өз бетінше таңдап алады. Осы жұмыстың барлығына жарты жыл немесе одан да көп уақыт кетеді.

Кәсіптің ерекшелігі

Кәсіп өте қажет, өйткені көптеген адамдар кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайды, ал логопед оларға дұрыс сөйлеуге көмектеседі. Логопедтің жұмысы асқан шыдамдылықты талап етеді — сенімсіз пациенттерге күн санап жаттығу жасату тек өз дегенінен қайтпайтын, табанды маманның ғана қолынан келеді. Емдеу процесі кем дегенде 5 ай уақытты алады; кейде қиын пациенттермен жұмыс жасау бір жылға және одан да көп уақытқа созылады. Жұмыс бір қарағанда оңай болып көрінгенімен, күшті теориялық дайындықты, бірінші кезекте сөйлеу дыбысын келтіру тетігін және сөйлеу патофизиологиясын білуді талап етеді.

Ғылыми тақырып: «ТҚАЗ оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда тиімді әдістерді қолдану»

Мақсаты: Тірек-қимыл аппараты зақымдалған оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде кездесетін кемістіктерді тиімді әдістер, жаттығулар арқылы түзету және алдын алу. Балалардың мәнерлі, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың дұрыс тыныс алу машығын жетілдіру;
  2. Балалардың сөйлеу тілінің дыбысталу жағында кездесетін кемістіктерін түзетудің тиімді тәсілдерін сұрыптау;
  3. Оқушылардың әуезді-мәнерлі оқу және сөйлеу дағдысын дамыту;
  4. Ұлттық педагогиканың әдістерін қолдана отырып, оқушылардың жан-жақты, үйлесімді дамуына жағдай жасау.

ТҚАЗ оқушыларының тіл кемістіктерін түзету жұмысында  түрлі әдістемелер, тапсырмалар қолданылып, оқыту жұмысы жүргізілді. Ақпараттық бағдарлама бойынша ойындар мен тапсырмалар орындалып, оқушылардың барлық психикалық қабілеттері (қиял, ақыл-ой, зейін) мен ұсақ моторикасын жетілдіру жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар,тіл кемістігі бар оқушыларға  дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету және бұрмалап айтылатын дыбыстарды түзету жұмысы барысында, артикуляциялық мүшелердің бұлшық еттерін жаттықтыру маңызды  болып табылады.

Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Адамда сөйлеуге арналған негізгі орган болмайды. Сөйлеуге өңеш, өкпе, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт, жақ қатысады. Баланың миының даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана дұрыс сөйлей бастайды. Тіл кемістігі бар балалар өз кемшіліктерінің себебінен өздеріне достар таба алмай қиналып, сөйлеуден де қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ маторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса, жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз  қимыл-қозғалыстар жасайды. (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б) сенімсіз, мазасыз, жасқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады.

Артикуляциялық жаттығу   және оның маңызы

Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді

— активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

— пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:

Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді. Оның орындалуын көрсетеді. Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.

Логопедиялық түзету жұмысында тыныс алу жүйесін дамытудың маңызы. Тыныс алу-автоматты, рефлекторлы түрде өтетін аса маңызды физиологиялық үрдіс. Тыныс алу үрдісі үш фазадан тұрады: тыныс шығару, үзіліс және тыныс. Дәстүрлі тыныс жаттығуларының мақсаты- алынатын және шығарылатын ауа көлемін көбейтіп,тыныс шығаруды жеткілікті ету. Біздің мектеп –интернат оқушыларының негізгі диагнозы БЦС (балалардың церебральді салдылығы) болғандықтан негізгі сөйлеу тіліңің кемістігі дизартрия , оқушылардың  басым бөлігінде байқалады. Логопедиялық жеке және топтық түзету жұмысында тыныс алу гимнастикасының бірнеше түрі  кеңінен қолданылады.

223 0
Акмаржан Айдарбекова,И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінің мұғалім-логопеді Ұлы Дала Ұстазы № 001922
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: