Керекті құрал-жабдықтар: экран, ассоциация картасы, карточкалар, кедергі бұлттары, қағаз қыстырғышы, ұштағыш, файл, скотч, конверттер, маркер, альбом беттері, магниттер.
- Қайырлы күн, құрметті әріптестер, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтың шәкірттері де шығармашыл келеді. Осы орайда мына бір өлең жолдарын бүгінгі жиынның эпиграфы қылып алғым келеді:
Какие они будут, наши дети!
Ведь все это зависит лишь от нас,
И на пороге будущих столетий
Быть может, они будут лучше нас.
Ешқандай ұстаз шығармашылықтан ада бола алмайды, шығармашылықпен жұмыс жасамайтын тәрбиешіні балаға жақсы дүние үйрете алмайтыны хақ. Бұл туралы Борис Пастернак былай айтқан:
Цель творчества – самоотдача,
А не шумиха, не успех.
Печально, ничего не знача,
Быть притчей на устах у всех.
И надо жить без самозванства –
Жить так, чтобы в конце концов
Привлечь к себе любовь пространства,
Услышать будущего зов.
Біздер әр балаға көзге көрінбейтін құнды білімді, тәрбиені дарытамыз, оның қайтарымын күтпейміз де. Тәрбиеші, мұғалім болу тек жай мамандық қана емес, ол күнделікті өз-өзіңді тәрбиелеу, өсіру деген сөз. Бір мысалды оқып кетейін:
Бір сарайда екі соқа болыпты (жер өңдеу құралы). Біреуі дат басып тозып тұр екен, екіншісі тап-таза, жалтырап тұр дейді. Дат басқан соқа қасындағы жылтырап тұрған досына қызғанышпен қарайды екен. Бір күні ол шыдай алмай: - Бұл әділетсіз! Екеуміз біп-бірдей құралмыз, ал сен сондай әдемі, жалт-жұлт етіп тұрсың, мен ондай емеспін. Екеуіміз тең болуымыз керек, сенде бұндай сұлулық қайдан шыққан,-дейді. Екінші соқа күліп айтады: - Әділдік болуы керек, мен таңнан кеш батқанға дейін еңбектеніп тыным таппаймын, менің дат басып жататын уақытым да жоқ! – депті, сол сияқты біздің де даттануға уақытымыз болмау керек.
- Алдымен сіздерге ұйымдастыру ойынын ұсынғым келеді. Біздер мақтау, мадақтау сөздерін күнде ести бермейміз, ал жылы сөз адам баласын қай уақытта да жылытады, сондықтан бір-бірімізге жылы, мақтау сөз айтатын мүмкіндік туып тұр, оң жақта отырған әріптесіміздің қолынан ұстап оның ең мақтайтын тұсын айтып өтеміз.
- Енді эксперимент жасайық, 1 адам шығып өзі білетін 20 ақын-жазушыларды атасын, содан соң ұжымнан көмек сұрап, тағы айтып көрсін, бұдан көріп тұрғанымыздай бір адам әлі келмеген затты ұжыммен лезде бітіре алады.
- Бүгінгі жиынның ережесіне назар аударыңыздар: (слайд «Жадынама»)
- «Ассоциация» ойынына кезек береміз, әр командада үлкен әріптермен «Шығармашылық» сөзі жазылған, сол сөздің әр әрпіне сөз немесе жазасыздар. Бұл жазған сөздеріңіз «Шығармашылық» сөзінің мағынасын ашатындай болуы керек.
- «Ашық трибуна» тапсырмасына көшейік, топтарға сұрақтары бар карточкалар үлестіріледі.
- Шығармашыл болуға не кедергі болады? – деген сұраққа жауап бере отырып, «кедергілер бұлтын» толтырамыз.
- Келесі ұжымдық ойынымыз «Хабарландыру» деп аталады. Әр команда өзін жақсылап жарнамалау керек, жарнамадағы әр сөз бірдей әріптен басталуы керек. Мыс: Бұл біздің балық базары. Біздегі балық бармақтан бал тамғандай бап-балғын. Барлығыңыз бізге беттеңіз! – деген сияқты. 5 минут уақыт беріледі. (сағат музыкасы)
- «Ойлап тапқыш» тапсырмасы, әр топқа: қағаз қыстырғышы, ұштағыш, файл мен скотч дайындалған. Шамалы уақытта осы заттарды қолдану түрін ойлап тауып, оны қорғап шығуларыңыз керек.
- Ойын – тренинг «Педагогикалық жағдаяттар немесе өз сезімімізбен тілдесейік» деп аталады. Әр топ 1 конверттен алады. Сол жағдаяттан шығуы сахналанады.
- «Мүсін» жаттығуы. Нағыз әйел адам жоқтан 3 зат жасай алады екен, олар: салат, шляпа, конфликт. Бұлардан басқа да пайдалы нәрсе ойлап таба білуіміз керек. Әр топқа «Тәрбиеші мен бала шығармашылығы» тақырыбында бір композиция жасау тапсырылады.
- «Шығармашылықпен өмір сүр» жаттығуы. Әр топ бірнеше ереже жазуы керек. Жұмыста үнемі сергек әрі шабыттана жұмыс жасау үшін қандай ереже ойлап табасыздар? Мыс: - үнемі жаттығу жасау; - медитация мен релаксация технологиясын игеру; - күнделік бастап, нақыл сөздер мен өлеңдер жазып жүру.
- Креативтілікті тексеретін қорытынды тест. Қағаз да, қалам да, калькулятордың да қажеті жоқ. Тек тез жауап береміз:
Қанша болады:
15+6?
3+56?
89+2
12+53
75+26
25+52
63+32
Есептеу оңай емес, аяқталуға жақын қалды:
123+5
250+77
- Ал енді тез арада жұмыс құралын, оның түсін көз алдыңызға елестетіңіз.
Кім қызыл түсті балғаны елестетті? Тәжірибе жасалғанда бұл тапсырмаға адамдардың 98 %-ы солай жауап береді екен, егер басқа зат ойласаңыз, онда сіз ерекше, дәстүрден тыс ойлау қасиетіне ие адамдар қатарына жатасыз, олар 2-ақ %-ды құрайды.
- Рефлексия:
Баяғыда бір ақылгөй, барлық сұрақтың жауабын білетін дана қарт өмір сүріпті. Оны жаңылдырмақ болған бір жігіт келіп, жұдырығына көбелек ұстап алып оған сұрақ қояды, менің уысымда қандай көбелек бар? Тірі ме, өлі ме? – деп сұрапты, оның ойы тірі десе, өлтіріп тастайм, өлі десе тірі екенін көрсете қоям деп ойлапты. Сонда әлгі данышпан: «Бәрі өзіңнің қолыңда» - деп жауап берген екен.
Құрметті әріптестер,
- әлемді қызыға танығысы келетін;
- білім алып, өз қызығушылықтарын білдіре алатын;
- қоғам мен отбасының құндылықтарын бағалай алатын;
- өзінің де, басқаның да пікірін сыйлайтын мейірімді;
- өз бетімен әрекет етуге дайын, сол әрекетіне жауап бере алатын
тұлғаны қалыптастыру сіздердің қолдарыңызда!!!
Осындай керемет балаларды тәрбиелеп – өсіру біздердің қолымызда!!!
ҚОРЫТЫНДЫ: Барлығымыз орнымыздан тұрып, қолымыздан ұстап, қолымызды көтеріп, шығармашыл педагогтардың кредосын қайталаймыз!
- Біз шығармашыл педагогтармыз!
- Біздің қолымыздан бәрі келеді, біз оған сенеміз!
- Біз тәуекел ете аламыз!
- Біз түрлі мәселелерді шеше аламыз.
- Біз үнемі ізденістеміз!
- Біз ең керемет шығармашыл, өнерлі балаларды тәрбиелейміз!