Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1442

Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұландары

       Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием. Ол біздің ұлан байтақ даламызға боздақтардың қанымен келген, қыршындардың жанымен келген. Егемен еліміздің тәуелсіздігі – ата – бабамыздың асқақ арманынан жаралған, бүгінгі ұрпақтың келешегі мен бақытына бұйырған ұлы жеңіс. Ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздіктің қадірін біледі. Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен бойлаймыз. Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды, талай шыңға өрмелеп, талай биікке қанат сермеді. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартып, шұғылалы сәуле шашты. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. 

       Тәуелсіздіктің тарихы қандай терең екенін біздің шәкірттер білмесе, ұстазға сын! ХХІ ғасыр – білікті де білімді ұрпақ ғасыры, олай болса, Отанын сүйетін, тілімізді, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгігін ұстайтын, кез-келген қиыншылыққа төтеп бере орындауға қабілетті, қолынан іс келетін айбынды азаматтардың тәрбиесін бесіктен, бала шақтан бастап жүзеге асыру керекпіз. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе- оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау менің басты парызым. Біз оларға білім берумен қатар тарих тереңіне бойлауға тәрбиелей аламыз. Себебі, олар –жас шыбық секілді. Қай арнаға бағыттап, қандай құнар сепсең ол солай бой түзеп, осыған орай болашақта жемісін бермек. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаттығымыздың алдаспаны».  Біздің тәуелсіздік тұғырымызды бекітетін де шәкірттер болғандықтан оларды терең біліммен сусындатар білікті ұстаз болуымыз шарт. Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпақтарын қырандай биікке самғатып, тарихымызды, шежіремізді санасына жеткізе тәрбиелеу арқылы тамырларына нәр құямыз.  

176 0
Танакөз Қабден,Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001915
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: