Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1440

Математика пәнін игеруде зерделі ойындардың маңызы


     Математика пәнін оқытуда мұғалімнің негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын үнемі арттыру. Сол мақсатқа жету үшін оқушылардың зейінін, өзінше ізденісін, шығармашылық қабілетін, талпынысын қалыптастыру өте маңызды. Ал оқушылардың осындай қабілеттері күнделікті сабақтарда, әртүрлі іс-шараларда қалыптасады.

         Бастауыш сынып оқушыларымен танымдық ойындар арқылы сабақтарды түрлендіріп өткізу – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, сонымен бірге тақырыптарды меңгеруге септігін тигізеді. Мысалы, «Алтын қақпа», «Брейн-ринг», «Кім тапқыр?», «Кім жылдам?», «Есептегіш», «Пікір-талас», «Ертегі сабақ»т.б.

         Өз тәжірибемде қолданатын «Пікір-сайыс» сабақтарында оқушылармен пікір талас туатындай жиындар тақырыбында, дұрыс/бұрыс жауаптарын анықтауда, геометриялық фигуралардың қасиеттерін күнделікті өмірде қолдану, сандарға амалдарды пайдалануға байланысты есептерді шығаруда ұсынылды.

 «Пікір-сайыстың» алғашқы кезеңі – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар белгіленген бір уақыт ішінде тақырыпқа байланысты мағлұмат іздейді. Әртүрлі әдебиеттермен, ақпарат көздерімен жұмыс жасайды. Екінші кезеңінде жиналған білімдерін жүйеге келтіреді. Әр топ пікір-сайыста айтатын мағлұматтарын жинақтап, кейстерін дайындайдайды (ұсынатын пікірлері мен дәлелдер жиынтығы). Үшінші кезең – пікір-сайыс кезеңі болып табылады. Әр топ өз көзқарастарын тақырыпқа сай қорғайды.

         «Пікір-сайыстың» ұтымды жақтары – оқушылар топпен жұмыс істейді, өз беттерінше маңызды мағлұматтарды іріктейді, қарсыласының пікірін тыңдайды, сыны көзқараспен қарауға үйреніп, дағдыланады. Мұндай сабақтар оқушылардың барлығына ұнайды және өте қызықты өтеді. Осындай пікір-сайыс сабақтарын бөлімді аяқтағанда немесе тоқсан соңында өткізу оқушылардың білімін тексеру мақсатында оң нәтижесін береді.

         Осы жерде Н.Винердің «Математика – жастар ғылымы. Басқаша болуы мүмкін де емес. Математикамен шұғылдану – бұл жастықтың барлық икемділігі мен төзімділігін қажет ететін ми гимнастикасы» деген сөздеріне тоқталғым келеді.

         Бастауыш сынып оқушыларының ынталылығы мен шығармашылық қасиеттерін дамытуда оқушылармен тез санау, тез есептеу, жеңілден қиынға жүру сияқты жұмыс тәсілдерін қолдану арқылы жүрргізіледі. Әйгілі орыс математигі Софья Ковалевская «Математик ақынжанды болуы тиіс» дегендей оқушыларға метематикалық білім берумен қатар, өз ойларын, өз көзқарастарын, өз пікірлерін шығармашыл түрде жеткізуге үйретіп, талпындыру да қажет. Кейбір математикалық ұғымдарды, термин сөздерді есте сақтау мақсатында оқушыларға математикалық ертегілер, математикалық жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең жолдарын құрастыруды ұсынудың пайдасы аса зор. Менің ойымша, өз бетінше іздене білген оқушы, өз ойларын кейде өлең жолдарымен немесе әңгіме жазу арқылы жеткізе алса, алдағы өмірінде де ізденімпаз, шығармашыл тұлға болып қалыпатасады.

         Қазақтың белгілі ақыны Ү.Уайдиннің мынындай өлең жолдары бар:

Ақыл, сана, сабыр, талас, тартысу,

Мұғалімнің табиғаты жалпы осы.

Бос уақыты – ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақыты, әр бір түннің жартысы.

Сүйікті ісі: қағаз, кітап қопару.

Демалысы: шәірттерге хат жазу.

Ал кәсібі: от беру мен от алу!

         Ендеше ұстаздар өз кәсіби жолында шәкірттерін шырақтай жандырып, оттай лаулатуы тиіс.     

118 0
Ргебаева Умитжан Есмуратовна Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі бастауыш сынып мүғалімі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы дала ұстазы № 002413
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: