Жүргізуші:
Келді, міне, сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл қалама
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып.
Кәне, кәне келіңіздер
Би билеп ән салып беріңіздер!
Мерекені Жаңа жылды қарсы алып.
Ақтарайық әнменен көңіл сырын - дей келе құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі жаңа жыл ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Мерекелік тақпақтарға кезек береміз.
Димаш:
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Адина:
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Исахмет:
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсың.
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Ботагөз:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата - әже, ата - әже,
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Балалар әуенмен орындықтар отырады.
Музыка әуенімен қасқыр мен қоян кіреді. Қолдарында шырша ойыншықтары бар.
Қоян: Балалар шетінен әдемі. Ой, неткен әсем шырша! Сәлеметсіңдерме балалар, сәлеметсіздерме қонақтар! Біз қасқыр екеуміз осы балабақшада жаңа жыл мерекесі өтетінін біліп, шыршаны безендіруге келдік.
Қасқыр:
Сәлем достар аманба
Менде келдім ортаңа
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той – маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық.
(Қоян мен қасқыр шыршаны безендіре бастайды.)
Жүргізуші: Шыршаны безендіруге алып келген ойыншықтарың қандай әдемі!
Осы кезде сауысқан ұшып келеді.
Сауысқан: - Құтқарыңдар, құтқарыңдар. Мыстан кемпір Аяз - атаны сиқырлап тастады.
Жүргізуші: Балалар, біз Аяз - атаны құтқаруымыз керек. Егер Аяз - ата болмаса Жаңа жыл мерекесі өтпейді.
Қоян: Енде не істейміз? Қалай құтқарамыз.
Қасқыр: Сауысқан, қоян жүріңдер, Аяз - атаны мыстанның сиқырынан құтқарайық. Жаңа жыл мерекесі өтпесе балалар бізге ренжиді.
Музыка әуенімен Аяз - атаны құтқаруға аңдар кетеді.
Жүргізуші: Ендеше, ұлдарымыздың биін қабыл алыңыздар.
Би: « Көңілді балалар»
Залға мыстан кемпір кіріп келеді.
Жүргізуші: Мыстан кемпір, балалардың көптен күткен Аяз - атасын жібер. Мерекемізді бұзба.
Мыстан: Менің бір шартым бар. Сол шартымды балалар орындап, жеңсе Аяз - атаны жіберемін.
Жүргізуші: Ол қандай шарт?
Мыстан: Менімен ойын ойнайсыңдар. Сол ойында мені жеңсеңдер тілектерің орындалады.
Жүргізуші: Балалар, қане, Аяз - атаны құтқару үшін, мыстанмен бірге ойын ойнап, жеңіске жетейік.
Ойын: «Пиманы кім тез киеді?»
Мыстан: Жарайсыңдар балалар! Сендер Аяз - атаны құтқардыңдар. Ендеше мен барып Аяз - атаны сиқырымнан босатайын.
Мыстан кемпір залдан қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші:
«Қолғап» ертегісі
Ертеде бір атай күшігімен орманда келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген Тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын», -депті.
Одан кейін Бақа секіріп келіп:
«Мына қолғапта қайсысың тұрасың?», -депті.
Тышқан: Мен шиқылдауық Тышқанмын, Ал сен кімсің?-деп сұрапты.
Бақа: Мен бақылдауық Бақамын. Мені кіргізші?- депті.
Тышқан: «Кел»,- депті.
Сөйтіп олар қолғаптың ішінде екеу болыпты. Міне, Қоян да жүгіріп келіп,қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?», -депті.
Тышқан, Бақа: «Шиқылдауық Тышқанмын, Бақылдауық Бақамын. Ал сен қайсы жануарсың?»-дп сұрапты.
Қоян: «Мен Желаяқ Қоянмын.Мені де кіргізіңдерші?»-депті.
Олар: «Кел», - депті.
Сөйтіп олар үшеу болыпты.Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»-депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын. Ал сен өзің қай жануарсың?»-депті.
Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де», -депті.
Олар: «Жарайды кел »-депті.
Сөйтіп, Қасқыр да келіпті: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»-депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың?»-депті.
Қасқыр: «Ал мен Қасқыр ағаларыңмын, кіргізіңдерші мені де», - депті.
Сөйтіп, қолғапқа бесеуі де сиып кетіпті.
Оларға қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?» - депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, Түлкімін, ал мен Қасқырмын. Ал сен өзің қай жануарсың?» - депті.
Аю: «Қалай көпсіңдер, мені де кіргізіңдерші?»
Олар: «Қалай кіргіземіз,өзі іші тар болып тұрса?»
Аю: «Қалай болсада сиысамыз?»-депті.
Олар: «Жарайды, кел жанымызға»
Сөйтіп, Аю да сиып, жетеу болыпты. Қолғаптың іші тар, міне, жарылайын деп тұрғандай. Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалды. Сөйтіп, қайта кері қарай жүрді, ал иті болса алдыға қарай жүгіріп кетті. Жүгіріп келе жатып, қолғапты көрді. Қолғап қозғалып жатыр. Ит сонда: «Әуп-әуп-әуп», - деп үрді. Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып, барлығы жан-жаққа қашып кетті. Атай өз қолғабын көріп, алып кетті.
Ертегі аяқталғанан кейін Ақшақар кіреді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Аяз - атаны көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ, Аяз - атаны мыстан кемпір сиқырлап тастапты.
Ақшақар: Енді не істеймін, онсыз мереке қызықты өтпейді ғой. Сендерге сыйлықты енді кім береді?
Жүргізуші: Ақшақар сен уайымдама, Аяз - ата қазір біздің ортамызға келіп қалар. Мыстан кемпір оны босатуға уәде берген.
Балалар шыршаны айналып Аяз - атаны шақырады.
Музыка әуенімен қасқыр мен қоян Аяз – атаны мерекеге алып келеді.
Аяз - ата: Амансыңдар ма балалар, аманбысың Ақшақар, амансыздар ма қонақтар. Мені көп күттіңдер ме? Қасқыр мен қоян болмаса мен жете алмас еді. Қоян, Қасқыр рахмет сендерге!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз - ата! Біздің шыршамыз жарқырамады ғой. Енді не істейміз?
Аяз - ата: Ақшақар қызым - ау. Менің сиқырлы таяғымды алып берші.
(Таяғын шыршаға тигізіп)
Аяз - ата: Шыршам, қане, жана ғой!-(дегенде шыршаның шамдары жарқырап жанады.)
Жүргізуші: Ал енді біздің бүлдіршіндеріміз шыршаның жану құрметіне арнап «Аяз ата » әнін орындап береді.
Ән: «Аяз ата »
Аяз - ата: Жарайсыңдар! Өнерлі балалар екенсіңдер.
Ақшақар: Аяз - ата меніңде өнерім бар. Мен қыздар мен бірге Жаңа жылға арнап би билеп берейін.
Би: «Қарша қыз»
Жүргізуші: Аяз - ата демалып отырып, біздің балалардың тақпақтарын тамашалаңыз.
Інжу:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз - атаны.
Нұрхан:
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе,
Асқар тау, қарлы шың.
Айри:
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Алуа:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Алихан:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Аяз - ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар Ақшақарға арнап ән орындап береді.
Ән: « Ақшақар»
Ойын: «Ақ аю мен пингвинге балық жинау»
Жүргізуші: Балалардың орындауында мерекелік тақпақ.
Секербек Аслан:
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Батырлан:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды
Адиль:
Қалып едік сағынып,
Шыршаларға шам іліп
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Тамерлан:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған.
Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар біздің балалар шетінен өнерлі енді, ұлдардың биін тамашалаңыз.
Би: «Ұлдар»
Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар біздің балалар сіздерге арналған өлеңдерін тамашалаңыз.
Байырлан:
Жасыл шырша жанында
Айнала ойнап ән саламыз
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы аламыз.
Аслан:
Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып.
Қайсар:
Жүргізуші: Балалар, бізде қазір қандай мезгіл?
Балалар: Қыс мезгілі.
Жүргізуші: Дұрыс балалар, ендеше қыс туралы өлеңімізді Аяз ата мен Ақшақарға орындап берейік.
Ән: «Қыс келді»
Аяз ата: Балалар рақмет сендерге қандай өнерлі екенсіндер.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар өнерлі ендеше, ұлдарымыздың кавбой биін қабыл алыңыздар.
Би: «Ковбой»
Аяз ата:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,
Балаларға сыйлық әкеп тараттым!
Жаңа жылдарың құтты болсын, ағайын.
Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын, ендеше балалардың жаңа жыл туралы өлеңімізді қабыл алыңыздар.
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де, өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Қолдарын бұлғап шығып кетеді.
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!!