Кілтті сөздер: адамгершілік тәрбие, жеткіншектік кезең, рухани сезім, эстетикалық
талғам
Ключевые слова: нравственное воспитание, отрочество, духовность, эстетика
Keywords: moral education, adolescence, spirituality, aesthetics
Түйіндеме
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі, әсіресе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын, тарихи-әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке-бас қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Аннотация
Известно, что сегодня особое внимание уделяется развитию и формированию ценностей каждого человека, особенно изучению возможности развития личностных качеств учащихся через традиции, обычаи, историческое и литературное наследие, передаваемое из поколения в поколение. .из произведений.
Annotation
It is known that today special attention is paid to the development and formation of the values of each person, especially the study of the possibility of developing the personal qualities of students through traditions, customs, historical and literary heritage, passed down from generation to generation. .from works.
Бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабілеті жақсы болады. Егер балаға қызығушылығына қарай жүйелі мәлімдемелер түсіп отырса, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Мен бұл жерде Л.В.Занковтың идеясын негізге алдық. Ол баланы қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарымен еркін араластыру керек, әртүрлі баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып, жүргізу қажет деген ұсынысын зерттеуіме басшылыққа алдым. Әртүрлі жүргізілген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетілдіре түседі. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский: «Дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі...»-дейді.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенін байқадым.Осынау жаңа технологиялар дамыған заманда жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесі мәселесі елеулі орын алатыны сөзсіз. Тұлғаның адамгершілік қалыптасуы тікелей ата-анасына байланысты екені баршаға мәлім. Ал адамгершілік тәрбиенің тұлға қалыптасуындағы маңыздылығы отбасындағы ата-ананың тәрбиесі арқылы анықталады, әсіресе бұл бала дамуының жасөспірімдік кезеңінде ерекше мазмұнға ие болары сөзсіз. Біздің қоғамымызда мәдениеттілігімізді сақтап қаллу үшін, рухани байлығымызды нығайту үшін адамгершілігімізді нығайту керек. Сондықтан да жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қазіргі қоғамның маңызды ережелерінің бірі болады. Адамдармен көптүрлі қатынаста дамитын балалар міндет, ар-намыс, мейірімділік, қатігездік әділеттілік туралы түсінігі қалыптасып, әртүрлі адамгершілік нормаларды таңдау шартында қалыптасады. Бұл таңдау-өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетінде анықталады. Адамгершілік көзқарастардың, ой-тұжырымдар мен мұраттардың қалыптасуы адамгершілік нормаларды таңдау анықталады. Оның адамгершілік тұжырымдарында адамгершілік нормаларын білумен қатар, оған деген қатынасы көрінеді.
Отбасында, мектеп қабырғасында дұрыс ұйымдастырылған адамгершілік тәрбие жасөспірім бойында қажетті мінез-құлық қалыптастырып, қоғамға пайдалы әрекет етуді, оның алдағы өмірде жағымды кейіпкер болуын қамтамасыз етеді. Қазіргі дамуы қарқынды өтіп жатқан заманымызда кейбір ата-аналардың балаларына қатынасы әлі де болса ескі көзқараста қалып қойып отыр, сонымен бірге олар баласының психологиялық даму ерекшеліктерін де біле қоймады.
Дана Абай атамыз «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, ебекке баулы» деген екен. Еліміздің болашағына ұлттық және адами құндылықтарды меңгерген, сонымен қатар халық педагогикасынан тәлім-тәрбие алған елжанды азаматтар қажет. Әрине, бұл қажеттіліктің орнын толтырушы бірінші кезекте отбасы болса, кейінгі кезекте мектеп және қоғамның рөлі үлкен. Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асрыу жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жастарымызды тәрбиелеу тәжірибесіне мектеп, отбасы, мемлекет және қоғамның тұтастық тәсілімен қамтамасыздандыруға шақырады. Халықаралық зерттеулер де құндылықтар негізінде білім беруді барлық мүдделі тараптардың: отбасы, мектеп және қоғамның қатысуымен жан-жақты кешенді түрде жүзеге асырылуы керек деп тұжырымдайды. Қазіргі жаһандану заманында құндылықтар жүйесінің алатын орны айрықша. Өйткені рухани адамгершілік құндылық-адамның ішкі жан-дүние қасиеттерінің өлшемі; оның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, дұрыс өмір сүру жайында ізенуі, өзін-өзі бағалап, сол арқылы әлемді тануы. Ал, осы адами құндылықтарды тануда, білуде және үйренуде оқушыларымызға дұрыс бағыт-бағдар беру баршамыздың міндетіміз болып жүктеледі.
Құндылықтар негізінде оқыту жаңа заманның талабына сай тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге, салауатты өмір дағдыларын негіз жасауға бағыттайды.
Біз тақырыпқа сай бірнеше зерттеулерді қарастырдық. Жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесі мәселесін Отандық психологтардың ішінде Марьенко И.С., Боровский М.И., Болдырев Н.И қарастырған. Олардың еңбектерінде баланың тұлғалық қалыптасуындағы адамгершілік тәрбие маңыздылығы ерекше аталып, адамгершілік тәрбие берудің маңызды шарттарын анық көрсетіп отырады, жасөспірім тұлғалық дамуының адамгершілік тәрбиемен маңыздылығын теория арқылы дәлелдеген. Ал адамгершілік тұжырымдардың қалыптасу ерекшеліктерін Жан Пиаже, Л.Колберг эксперимент жүргізу барысында көрсетіп өткен. Жан Пиаже қыздар мен ұлдардың адамгершілік тұжырымдардың ерекшелігін көрсетсе, Л.Колберг адамгершілік тәрбиенің детерминациялығын эксперимент арқылы дәлелдеп өткен. Жан Пиаже баланың адамгершілік тұжырымдары баланың ұстанатын адамгершілік баға беруіне байланыстылығы атап өтеді. Дегенмен бұл аталған ғалымдардың адамгершілік тәрбие жайлы қарастырған мәселелері теориялық негіз болғанымен, қазіргі заман дамуынан ерекшеленеді. Сондықтан, адамгершілік тәрбие мәселесінің бұрыннан қалыптасқан теориясын негізге ала отырып, қазіргі заман жасөспірімінің адамгершілік тәрбиесін зерттеу өте маңызды. Тұлға қалыптасуындағы адамгершілік тәрбиенің маңыздылығының теориясы аз қарастырылған мәселелердің бірі.
Л.Колбергтің пікірі бойынша, жеткіншектер ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі: біреулері үшін-өмірде ең бастысы кітап пен білім болса, екіншілері, сабаққа деген қызығушылығы төмен, ал үшіншілері, ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Бұл ой ғалым В.А.Крутецкийдің еңбектерінде тұжырымдалады: Жеткіншектік кезең-бұл баланың өмірге деген өз көзқарастарының, сенімділігінің қоғам принциптері мен идеалдарының өз іс-әрекетіне басшылық жасайтын кезеңі болып есептеледі.
Сонымен, ғалымдардың ой-пікірлерін былай түйіндесе болады: жеткіншектік кезеңнің даму ерекшеліктеріне сәйкес, этномәдени тәрбие беруді аса қажет ететін кезең болып саналады. Бұл қажеттілік жеткіншек өмірінде біріншіден, адамгершілік, азаматтық, көркем шығармашылық-рухани сезімдерінің белсенді дамуымен; екіншіден, өзіндік санасының дамуына байланысты эстетикалық талғамның тұрақтылығымен, үшіншіден сана-сезімі мен өзіндік санасының даму деңгейіне байланысты эстетикалық талғамы, көзқарасы, бағдары және қажеттілігі біртұтас жүйе болып қалыптасады деп айтуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Gilligan C. Басқа дауыста: психологиялық теория мен даму. Кембридж: Гарвард университетінің баспасөз қызметі; 2016
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы
- Кольберг Л. Моральдық сот процесінің ең жоғарғы кезеңінің моральдық жеткіліктілігінің талаптары. Философия журналы, 1973 ж 70(18), 630-646
- Ж.Ж.Наурызбай. Ұлттық тәрбие-мәдениетті тұлғаны қалыптастыру. Ұлттық тәрбие журналы, 2013 ж 3(17), 25-27
- Кольберг. Л (1984) Адамгершілік дамуының психологиясы: адамгершілік кезеңдерінің табиғаты мен негізділігі (адамгершілік даму очергтері, 2 том) Харпер және Роу
- Пиаже, ДЖ (1932). Баланың адамгершілік шешімі. Лондон: Кеган Пол, Тренч, Trubner &CO