Сабақтың мақсаты:
Баланың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Отанын,елін,туған жерін,салт-дәстүрін қалыптастырып,құрметтеуге, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге баулу.
Баланың ой-өрістерімен рухани мәдениетін,эстетикалық талғамдарын анықтай отырып,танымдық қабілеттерін арттыру.
Музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезіну және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: топтық ойлау,ойын сабақ
Сабақтың мақсатына жету үшін пайдаланылатын әдістер:
1.Ой қозғау
2.Топтық жұмыс
Көрнекіліктер:
Магнитафон,интербелсенді тақта,компьютер,қағаздар
Пәнаралық байланыс:әдебиет,ана тілі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі(амандасу)
Мұғалім: Ән мен күй-табиғат сұлулығын,адамның жан тербелісінің сыртқы сұлулық пен жарасымлылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын өнер.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең,-дегендей, бүгінгі ән-би өнерімен өрнектелген сайысымызда әділ баға беретін қазылар мүшелерін тағайындап алайық.
(Әділ -қазылар алқасын сайлау)
Оқушыларды топқа бөлу.1-топ "Достық",2-топ "Бейбітшілік"
Мұғалім: Енді сендерге бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
1-айналым: "Адасқан сөздер"
Берілген әннің сөздерін дұрыс орналастыру,орындау.
2-айналым: "Кім жылдам"
Сұрақтарға жауап беру
Музыкалық үзіліс: мектепалды даярлық сыныбы балаларының "Нұр шашу" биін тамашалау
3-айналым: "Білгір болсаң тауып көр" бейне суретті анықтау
4-айналым: "Жалғасын тап" Әуенді жалғасытыру
5-айналым: "Әуенді тап" әннің атын табу
Қорытынды бөлім:қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаз топты анықтау.
Оқушыларды марапаттау
"Қазақстан бақыты"әнін хормен орындау
Сайысты аяқтау