Түйіндеме. Бұл мақалада жалпы бастауыш сыныптарда жаратылыстану сабақтарында оқушы бойына географиялық, химиялық білімдерін,ұғымдарын қалыптастыру қарастырылды. Оқушы бойында қалыптасқан білімдерді болашақта дұрыс қолдана алу, сонымен қатар мақалада бастауыш сынып оқушылары үшін химия мен географияның даму тарихы туралы зор мән берілді.
Тірек сөздер: Ұғым дағдылары,қарым-қатынас, сөйлеу.
Аннотация В данной статье рассмотрено формирование у учащихся географических, химических знаний, понятий на уроках естествознания в начальных классах в целом. Умение правильно применять знания, сформированные у ученика в дальнейшем, а также большое значение в статье уделено истории развития химии и географии для младших школьников.
Ключевые слова: коммуникативные навыки, коммуникация, речь.
Summary In this article, the formation of geographical,chemical knowledge and concepts of students in natural science lessons in general primary schools was considered. Great importance was attached to the ability to correctly apply the knowledge formed in the student in the future, as well as to the history of the development of chemistry and geography for Primary School students.
Key words: conceptual skills, communication, speech.
Қандай да болмасын ғылымды ертеде қалай пайда болғанын, тарихын білмей бағалауға болмайды. Мектептегі география мен химияның дамуы біріншіден, білім берудің жүйесіне, педагогикалық теориясына , екіншіден география, химия ғылымдарының ерекшеліктеріне байланысты дамыды. География ғылым ретінде өте ертеде қалыптасты. Ал мектепте географияны оқыту кейіннен енгізілген. Алдымен Батыс Европа елдерінде 17 ғасырдың екінші жартысында, кейінен Ресей мектептерінде оқытыла бастады. География – біртұтас ғылымдар жүйесі. Оның негізгі салалары мектептегі географияда көрініс тапқан (геологиялық, климаттық, гидрологиялық, топографиялық- картографиялық, т.б.) білімдер жүйесі – мектеп бағдарламасында көптеген элементтер (түсініктер, ұғымдар, заңдылықтар, фактілер) жүйесінен тұрады. Сонымен қатар берілетін химиялық ұғым әр түрлі заттардың жеке қасиеттеріне байланысты қаралады.
Географиялық және химиялық білім жүйесі әр сыныпта жалғаса отырып, біртіндеп кеңейеді және мазмұны жағынан тереңдей түсті. Жоғарғы сыныптарда география тұтас курс ретінде оқытыла отырып, оқушылардың санасында географиялық білім жүйесінің қалыптасуына жағдай жасаса, химиялық элементарлық білімдер осы пәнді оқытудың ғылыми мазмұнының негізін құрайды. Әр сынып сайын географиялық білім мазмұны мен химиялық ұғымдар тереңдеп, оның көлемі кеңейді.
К.Д. Ушинский географияны оқытуда мынандай педагогикалық принциптерді айтты:
1. Географияны оқытуда белгіліден белгісізге қарай жүру принципі, оны «Детский мир» кітабында ашып көрсетті.
2. Көрнекілік принципі. Оны қоршаған табиғатты оқудан көрсетті .К.Д. Ушинскийдің ілімін Д.Д. Семенов жалғастырып, география методикасының дамуына үлкен үлес қосты. Семеновтың ілімдері мен тәжірибелеріне қарамастан жалпы мектептердегі географияны оқыту номенклатуралық – жазбалы түрде қалды. 19-шы ғасырдың аяғына дейін география мұғалімдерін арнайы дайындамағандықтан сабақ жаттанды түрде өтіп , картаның мазмұны ғана таныстырылған болатын . Семенов оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, карта сызуға, чертеж жасауға, рельефті карта дайындауға көңіл аударды. Ал бастауыш сыныптар үшін географияны меңгеру бұл жаратылыстану пәнімен тығыз болатының ескеріп, көбіне бастауыш сыныптар үшін көрнекілік принципі негіз болды. Білімнің мұндай денгейде болуы көбінесе мектеп оқулығына байланысты. Мысалы, К. Смирнованың оқулығы бір ізді номенклатуралы географиялық атауларға ғана тоқталған, оқулықтың тілі оқушылар үшін жалаң және қиын. 2 сынып оқулығында көрнекі суреттер мен тапсырмаға арналған сұрақтар жазылмаған. Мектептерде географияны оқытудың деңгейі өте төмен болуына байланысты оқушыларды дұрыс қызықтырмады.
Ш.Ш.Уәлиханов 19 ғасырдың аяғында Қазақстан табиғатының зерттеулер тарихында география, этнография саласы бойынша еңбек атқарған саяхатшы . «Мектептерде географияны бұрынғы жүйемен оқыту ешқандай жақсылық әкелмейді, курсты аяқтаған оқушылардың жалпы география, отандық география бойынша бөлімдері жеткіліксіз» деп өз ойын білдірді. Педагогикалық ілімдердің дамуы география оқулығының көрнекілігін, мазмұнын жақсартты. 20-шы ғасырдың басында жаңа оқулықтар пайда бола бастады.. Олар Г. И. Иванова және ұжымдық авторлар - А.А.Крубер, А.С. Баркова, С. Г. Григорьева, С.В. Чефранов. Олар оқулықтың мазмұны мен әдістемелік жабдықталуын қадағалады. 1902 жылы шыққан Г.И. Иванованың оқулығы оқушылар үшін қызықты да , оңай болды. Оқулыққа сол кездегі танымал ғалымдар А.П. Нечаев пен С. Мечаның еңбектері қолданылды. 1903 жылы оқулық шықты. Бұл оқулықта номенклатураны қысқартып, тақырыпты көрнекі суреттермен, қосымша материалдармен толықтырды. Оқулықпен қатар әдістемелік нұсқауларда шықты.
1914 жылы мектептің жаңа оқу жоспары жасалынып, онда географияны оқыту тек төмен кластарда ғана емес, гимназияның жоғарғы сыныптарында да оқытылсын деді. Қазақ ағартушы ғалымдары «Географияны оқытудың әдістерін өзгертіп, оқушыларды ойлауға, айналаны бақылауға, қорытынды жасауға үйрету керек»– деп өз ойларын білдірген . Жаңа бағдарлама мектептегі географияның дамуына үлкен өзгеріс әкелуі тиіс болды. Әр пәннің дұрыс жүргізілуі, дұрыс сапалы білім беруді қамтыды.
Кеңестік кезеңдегі мектептердің алдындағы міндеттері:
1. Материалистік көзқарасты қалыптастыру.
2. Еңбекке тәрбиелеу.
Халық Комиссарлары Кеңесі жаңа бағдарлама құрды. Ол жалпы кешенді біріккен бағдарлама ретінде құрылды. Табиғат, еңбек, қоғам деп топтастырылып берілді.
1. Бастауыш және орта мектепте оқу жұмысының негізгі ұйымдастыру формасы бар сабақ болсын.
2. Тұрақты оқу кестесі болсын.
3. Мұғалім оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуін міндет етсін.
4. Оқушы өз бетімен , картамен жұмыс істеуге дағдылансын.
Жаңа бағдарлама бойынша жасалған оқулықтарға экологиялық, табиғатты қорғау мәселелері енгізілді. Бірітіндеп, бастауыш сыныптар үшін географиядағы материалдық базасы ұлғайды, керекті құрал-жабдықтар жасалынды, техникалық құралдармен жабдықталған кабинеттер пайда болды. Оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыз етіліп, жаңа оқулықтар шығарыла бастады. География мен химияны оқыту әдістемесі педагогикалық машықтанудың кейбір мәселесін шешу арқылы ғылыми деңгейге көтерілді. География және химияны оқытуды педагогикалық ғылымдар Академиясы мен ғылыми-зерттеу институтының әдістеме бөлімі жүргізді. Географиялық , химиялық ұғым қалыптастыру бастауыш мектептер үшін зор мүмкіндікке ие болды.
Химия пәнің даму тарихы ерте кезден ақ қолданысқа ие бола бастады. Химия пәнің меңгеру бастауыш сынып жаратылыстануында үлкен үлеске ие. Химияны оқыту әдістемесінің негізгі функциясы оқушылардың негізгі факті, түсінік, заңдылық пен теорияны мектептегі химия пәнің меңгеріп, химиялық терминологияның ерекшелігіне сай қабылдауы үшін қолайлы жолдарды анықтау. Басқа ғылым салалары тәрізді химияны оқыту әдістемесінің де өзіндік даму тарихы бар. Химияны оқыту әдістемесінің дамуы химия ғылымының деңгейімен тығыз байланысты. Әр заманның химиктерінің өздері ұсынған теориялық тұжырымдар тұрғысында оқытушылық қызметпен де айналысқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан да химияны оқыту әдістемесі ғылым ретінде тек химия ғылымы орныққаннан кейін ғана қалыптаса бастады. В.Н. Верховский, Л.М. Сморгонский, Я.Л. Гольдфарб химияның жүйелі бағдарламаны жасап, тұрақты оқулықтарын және тұңғыш әдістемесін жазды (1933-34ж.ж). Бұдан кейінгі кезеңде орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымын ғылыми жағынан негіздеуге Л.А.Цветков, Ю.В.Ходаков және С.Г.Шаповаленко, т.б. көп еңбектерін сіңірді. 1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру ісі қолға алынып, бастапқыда озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін кеңінен тарату және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен біраз еңбектер жазылған . Солардың ішінен О.А.Суворованың «Химияны оқытудың социалистік құрылыстың практикасымен байланысты» негізгі құралы (1940ж.) еңбектерін атап өтуге болады. 1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін құру және жетілдіру басталды. Химияны оқыту әдістемесінен зерттеу жұмыстары 50-ші жылдары қазақтың Абай атындағы педагогика институттарының химия кафедрасы, республикалық Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты жанынан аспирантура ұйымдастырылғаннан кейін жандана түсті. Л.П. Калашникова химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З. Дюсюпова – органикалық химияны оқытудың географиямен байланысы, К.А. Сарманова химияны оқытуда оқушылардың ІV-VI кластарда жаратылыстану, метематикадан алған білімін пайдалану мәселелерін зерттеді. С.Мұсабеков химияны оқытудың географиямен ауылшаруашылық өндірісімен байланысын зерттеді. Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәні бойынша география мен химия пәндер жүйесі осылайша кең ауқымда дами түсті. Химия мен география пәндер ұғымдары жаратылыстану оқулығында кеңінен қолданысқа ие болды. Оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Географиялық, химиялық топсеруеннің негізгі мақсаттары бастауыш сынып оқушылары үшін өмірмен тығыз байланыста болуын, өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандығымен байланысын жүзеге асырады. Бастауыш мектеп оқушыларға еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі. Жаратылыстану сабақтарында география мен химия пәндерінің білім берудің даму тарихы үлкен қолданысқа ие болуда.
Қорытындылай келе, жаратылыстану сабақтарында оқушы бойына кең ауқымда географиялық, химиялық ұғым қалыптастырсақ оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың болашақтарына зор мүмкіндік болары сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Бастауыш сыныптарда географиялық алғашқы түсініктерді қалыптастыруда «Қызықты география» қосымша бағдарламасын оқытудың маңызы // Бастауыш мектеп, Алматы 2007жыл № 4
2.Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнінен берілетін алғашқы географиялық түсініктердің маңызы//«Педагогикалық білімді модернизациялау: түйткілдер және болашағы»: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2008. –Б. 199-204.
3.Географиялық түсініктерді бастауыш мектепте қалыптастыруда жаңа технологияны қолдану // География , Алматы 2008. жыл № 3
4.Географияны оқытуда оқушылардың ақыл ойының дамуы. // Вестник КазГНУ, Алматы, № (6) 2008 ж
5.Бастауыш сыныптарда географиялық алғашқы түсініктерді қалыптастыруда нақтылы ұғымдардың маңызы. // Бастауыш мектеп, Алматы 2008жыл № 4