Түйіндеме. Бұл мақалада жалпы кіші мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптатыра отырып, баланың оқу іс-әрекетінің жалпы дамуына әсері қарастырылады. Олармен оқу іс-әрекетінде ақпараттық мәдениетін орнатудағы негізгі мәселелер қамтылады.
Тірек сөздер: Кіші мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, оқу іс-әрекетінде сөйлеуін, ойлауын дамыту.
Аннотация. В данной статье рассматривается влияние на общее развитие учебной деятельности ребенка, формирование информационной культуры младших школьников в целом. Они освещают основные вопросы формирования информационной культуры в образовательной деятельности.
Ключевые слова: Развитие речи и мышления в процессе обучения, формирование информационной культуры учащихся начальных классов.
Summary.This article discusses the impact on the overall development of the educational activity of the child, the formation of the information culture of younger students in general. They cover the main issues of the formation of information culture in educational activities.
Key words: The development of speech and thinking in the learning process, the formation of the information culture of primary school students.
Ақпараттық мәдениет – ақпаратпен жүйелі түрде жұмыс істей білу және оны іздеп табу, өндеу, тасымалдау үшін жаңа компьютерлік ақпараттық технологиялар мен әдістерді пайдалана білу. Ақпарат ағынында еркін бағыт – бағдар тауып өмір сүру үшін қазіргі оқушы ақпараттық мәдениетке ие болуы тиіс. Олжалпы мәдениеттің қазіргі ажырамас негізгі бөлігі болып саналады.
Ақпараттық мәдениет адамның әлеуметтік табиғатымен байланысты. Ол адамның түрлі жасампаздық қабілеттерінің өнімі болып табылады және әртүр де байқалады.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол кеңістікте еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс-әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейі. Э.Л. Семенюктің пікірі бойынша ақпараттық мәдениет – адамның қоғамның немесе оның бір бөлігінің ақпараттар мен жұмыс істеудің барлық түрлері ақпараттарды алу, өндеу, жинақтау және осының негізінде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі.
Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез-келген оқушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивті тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режим де жұмыс жасау әдістерін меңгерген оқушы болуы тиіс.
Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.
Жалпы қазақ тілі пәні бойынша білімін логикалық факторлар мен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Оқушылар кез-келген уақытта интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қалаған мағлұматтарын алуға, ғылыми жаңалықтар мен танысуға мүмкіндіктері туып отыр. Ақпараттандыру оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға, оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиелік мақсаты оларды азаматтыққа, адамгершілік қасиетке, саналылыққа және патриотизмге баулуға бағытталған.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу.
Қазіргі заманталабына сай оқушылардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған басты міндет.
Оқушылардың бойына ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық қоғамға көшу процесінде ақпараттың құндылығы өзгеріп, уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің, яғни ақпараттық мәдениеттің тууына себепші болып отыр.
Ақпараттық мәдениет тек компьютер мен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез-келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұл — әңгімелесе білу, теледидар хабарын талғамды түрде қарау ,алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білужәне де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу. Ақпараттық мәдениет – компьютерлік технологияны пайдалану, ол – Интернет. Интернеттің көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз, әсіресе білім саласын зерттеуге қолайлы, мысалы оқу бағдарламасына байланысты әр-түрлі сайттарын пайдалану.
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне «дыбыс беру», олармен диалог жүргізу қабілеті бар. Жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде оқыту процестің барлық этаптарында қолданылады. Электронды оқулықты пайдалануда, тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауда, мәтіндерді оқуда, мультимедиалық бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасын іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық сөзддіктерді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісі мен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беру де жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа бейне – аудио қондырғылары мен теледидарды, дербес компьютерлерді, электрондық оқулықтарды қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойыптыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.