Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1429

SOFT skilis икемді дағдыларды дамыту – бүгінгі кұн талабы

            Түйіндеме. Мақала қазіргі күні икемді дағдылар жоғары оқу орындарының түлектері мен болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне  өмірлік бейімделуіне жауап беруге бағытталған және өзгерістер контекстінде адамдардың тиімді қызмет етуіне қажетті сапасына жауап беретін икемді дағдыларға (soft skills) арналған. Авторлар икемді дағдыларды зерттеуге қатысты алыс, жақын шетелдік зерттеу жұмыстарындағы берілетін анықтамалардың сипаттамалық мазмұнына (soft skills) талдау жасап, соның негізінде зерттеуші ғалымдардың көзқарастарын топтастырып, талдау жасаған.

            Тірек  сөздер: икемді дағдылар, soft skills, эмоцияларды басқару, жоспарлау, мақсатты болжау, ынта, бастамашылық, табандылық, рефлексия, кері байланыс.

            Аннотация. Статья посвящена гибкие навыкам (soft skills), которые на сегодняшний день направлены на оценку  успешной профессиональной и научной, жизненной адаптации выпускников высших учебных заведений и будущих учителей начальных классов а также которые отвечают за качество, необходимое для эффективного функционирования людей в контексте сегодняшних изменений. Авторами проанализирован описательное содержание определение (soft skills), выдаваемых в исследовательских работах дальнего и ближнего зарубежья, касающихся изучения гибких навыков, на основе которых сгруппированы взгляды ученых-исследователей.

            Ключевые слова: гибкие навыки, soft skills, управление эмоциями, планирование, целевой прогноз,   энтузиазм, инициативность, настойчивость, рефлексия, обратная связь.

            AbstractThe article is devoted to soft skills, which are currently aimed at assessing the

successful professional and scientific, life adaptation of graduates of higher educational institutions and young scientists, as well as those responsible for the quality necessary for the effective functioning of people in the context of today›s changes. The authors analyzed the descriptive  content of soft skills, issued in research papers of far and near abroad, concerning the study of flexible skills, on the basis of which the views of research scientists are grouped.

            Keywords: flexible skills, soft skills,  emotion management, planning, target forecast, enthusiasm, initiative, perseverance, reflection, feedback.

 

            Бүгінгі таңда әлемдік үрдістерге байланысты кәсіби сала да сапалы деңгейде өзгерістер орын алуда. Жұмыс берушілер мамандардан олардың тез өзгеретін жағдайларға бейімделуіне және кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға көмектесетін жақсы дамыған икемді дағдыларды (soft skills) талап етуде. Т.А.Яркова, .И.Черкасова бұл дағдылар маңызды білім беру нәтижесі болып табылатынына баса назар аударады, сондықтан олардың білім беру процесі шеңберінде мақсатты дамуын ұйымдастыру қажет деп тұжырымдайды. Д.Татурщиковтың пікірінше, маман мансаптық сатымен көтерілген сайын икемді дағдыларды (soft skills) көп мөлшерде өз қызметінде пайдалана бастайды және кәсіби дағдылар - (hard kills) бұрынғыдай маңызды болмайды. Шетелдік ғалымдардың басым көпшілігі икемді дағдыларды кейбір жеке қасиеттер тобы, дағдылар, эмоциялық интеллект, жеке басының атрибуттары және т.б. жиынтығы ретінде кеңінен қарастырады. Оның ішінде skills кәсіби қызмет үшін маңызды әмбебап дағдылар ретінде анықталады және толық мазмұнын  көре аламыз.

            Икемді дағдыларға берілген сипаттама мазмұны (soft skills)

№ Авторлар Анықтама мазмұны

  1.  Л. К. Раицкая,Е. В. Тихонова-soft skills - кәсіби құзыреттілікті тиімді іске асыру үшін еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби емес дағдылар, жеке қасиеттер мен атрибуттар жиынтығы.
  2. Л. К. Сальная soft skills - жеке тұлғаның басқа компоненттерін қолданады:

"маманға кәсіби табысқа жетуге мүмкіндік беретін белгілі бір жеке қасиеттердің, эмоционалдық интеллектінің, коммуникативтік құзыреттіліктің ұштасуы. Ол адамға жұмыс орнында пайда болған жағдайларды тиімді шешуге көмектесу және оның жұмысқа

орналасу аумағын кеңейту басымдылығына ие.

  1. LHLippmanR.RybergRCarney, А. Kristinsoft skills - бірнеше басқа, көп көлемді жеке тұлғаның компоненттерінің жиынтығы, яғни адамдарға олардың ортасында тиімді бағдарлауға, басқалармен жұмыс істеуге, өз жұмысын тиімді орындауға, сондай-ақ өз мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін дағдылардың, құзыреттіліктің, мінез-құлықтың, қондырғылардың, жеке қасиеттердің кең жиынтығы
  2.  EDallAmicoSVerona -soft skills - ерекше емес және жеке қасиеттері мен қондырғыларымен (сенімділік, тәртіп, өзін-өзі басқару), әлеуметтік (коммуникация, командада жұмыс істеу, эмоциялық интеллект) және басқару қабілеттерімен (тайм-менеджмент, мәселелерді шешу,сыни ойлау) тығыз байланысты
  3.  В. Шипилов -soft skills - көптеген өмірлік жағдайларда адамға қажет және пайдалы болуы мүмкін әлеуметтік-психологиялық дағдылар

            Қарастырылған анықтамалардың негізінде келесі (soft skills) сипаттамаларын бөліп көрсетуге болады: 

-Soft skills- бұл жай ғана дағдылар емес, өмірде де, кәсіби қызметте де кәсіби тұрғыда және өмірде жүзеге асыру мен дамуға байланысты қасиеттердің кең жиынтығы (жеке қасиеттер, зияткерлік ерекшеліктер, қондырғылар, дағдылар және т.б.)

- Soft skills жеке қасиеттер, әмбебап дағдылар, адам қызметінің тиімділігіне әсер

ететін кәсіби емес және жүре қалыптасатын дағдылар деп түсініледі.

-Олар кәсіби қызметтің ерекшелігіне байланысты емес, яғни soft skills  М.Э.Волкова олар тек өмірлік жағдайларда ғана қажет емес, сонымен қатар кез келген маманның қызметі үшін маңызды дей келе, soft skills коммуникативтік, көшбасшылық, командалық жұмыс, көпшілік алдында сөйлеу, «ойлау» және басқа да» қызметтермен ортақ болып келеді. Ол тек кәсіби дағдыларды меңгеру маманға өзін толық көлемде жүзеге асыруға көмектеспейтіндігін және жақсы дамыған soft skills қажеттігін айтады. Шетелдік ғалымдар L. H. Lippman, R. Ryberg және т.б. өз жұмыстарында «soft skills» ұғымын анықтау кезінде олардың мақсаттары мен маңызына назар аударады–адамға неге және не үшін қажеттігін біріншіден, жұмыста және өмірде табысқа жетуге мүмкіндік беретіндігімен; екіншіден, кәсіби өзін анықтаумен, дамытумен, проблемаларды шешумен байланысты кең мазмұндағы міндеттерді шешуде қолданылатындығымен, сонымен қатар жұмыс берушілер тарапынан аса бағалайтындығымен түсіндіріледі.

Әлеуметтік дағдыларды дәстүрлі практикамен салыстырсақ, ол ең алдымен, әрекеттік маңызды сапалармен ұштастырылады. Өйткені әрекеттік маңызды сапалар –бұл «кәсіби маманның іске асыратын қызмет түрлері мен нысандарының тиімділгіне әсер ететін және олар арқылы көрініс табатын индивидтің сапасы» [3, c. 28]. Міндет тұрғысынан маман екі топтағы міндеттерді шешеді: кәсіби және жеке кәсіби қалыптасу және жүзеге асыру міндеттері. Осыған сәйкес адам қызметтің екі түрін жүзеге асыра алады –кәсіби және кетакәсіби.Кәсіби қызмет келесі міндеттерді шешуге бағытталған: тұтыну құнын құру және алу, еңбек субъектісінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ кәсіби маманды дамыту, жетілдіру. Метакәсіби қызмет жеке тұлға мен кәсіби маманның қызметін қалыптастыруға, дамытуға және іске асыруға бағытталған. Ол екі міндетті шешуді қамтиды [9]:кәсіби даму (кәсіби қабілеттілікті дамыту, мотивация және т.б.) және мансаптық даму (әлеуметтік-кәсіби мәртебені өсіру және сақтау).

Икемді дағдылар мазмұны мен түрлерін талдауға сүйенсек, олар жалпы кәсіби маңызды қасиеттер тобынада, ал олардың кейбіреуі метакәсіби (өзіндік дамуды басқарумен байланысты сапалар) қатарына да ене алады. Өйткені егер икемді дағдыларды міндеттер тұрғысынан қарайтын болсақ, олар кәсіби қызметтің жалпы міндеттерін шешеді, сондықтан да әрекеттік маңызды сапалар қатарына жатады. Бұған қоса, адамның даму және оқыту процесінде алған білімі, біліктілігі, қабілеті және жеке қасиеттері – бұл құзырет негізінде қалыптасатын маңызды шарттар.Сол себепті де бұл тұрғыдан икемді дағдылар құзыреттілік компоненті бола алады деген көзқарастар да орын алуда. 

Біздің пікірімізше, қай қоғамда да әлеуметтік дағдылардың басты басымды жағын коммуникативтік дағдылар немесе қарым-қатынас дағдылары құрайтындығы белгілі. Ол қазіргі таңда әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылған және ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздеген кезенде де өз құндылығын жойған жок. Бүған қоса, көптеген кәсіптердің (әсіресе «адам- адам» тобы) профессиограммасында еңбек нарығында жас мамандардың сұранысқа ие болуының басты критерийлерінің біріне айналып отыр. Осыған орай, тіпті қарапайым кәсіби білімі болғанымен, дамыған әлеуметтік дағдылары бар түлектердің табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болуда. Көптеген жұмыс берушілер кәсіби құзыреттілікті жас маманның нақты лауазымдық міндеттеріне бағдарлай отырып, жетілдіру оңай деп екендігін, ал әлеуметтік дағдылары университетті аяқтаған кезде жеткілікті дамымаса үлкен кедергі бола алатындығын баса көрсетуде. 

            Қорыта келе және жоғарыда ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, келесі тұжырым жасай аламыз:

  1.  Soft skills - бұл дағдылардың синонимі емес, одан да кең ұғым болып табылады.
  2.  Soft skills жеке қасиеттер, зияткерлік ерекшеліктер, әлеуметтік-психологиялық дағдылар, әмбебап дағдылар, кәсіби емес және жүре пайда болатын дағдылардың сипаттамалардың жиынтығы арқылы түсініледі
  3.  Soft Skills тұлғаның кәсіби, әлеуметтік, жеке өмірлік қызметі тиімділігіне әсері мол.
  4.  кәсіби қызметтің ерекшелігіне байланысты емес, әр түрлі кәсіби қызмет түрлеріне бірдей болып табылады.
  5.  Білім алушылардың икемді  дағдыларын қалыптастыру және дамыту –бүгінгі күн талабы сұранысы мен тез өзгермелі қоғам жағдайында бейімдеудің басты көрсеткіші.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ермаков Д. С., Амантай Ж.А. Изучение и развитие «гибких» навыков как психолого-

педагогическая проблема. Материалы международной научно-практической конференции «образование и психолого-педагогическая наука: системность, преемственность, инновационность», посвященной 110-летию со дня рождения академика Т.Т. Тажибаева – Алматы: Казахский университет, 2020. – с.17-19.

  1. Цымбалюк А. Э., Виноградова В. О. Психологическое содержание soft skills //

Ярославский педагогический вестник. – 2019 – № 6 (111). – с. 120-127.

3. Л.Р. Газизулина. Развитие мягких навыков в ходе иноязычной подготовки аспирантов. Ввестник Нижегородского университета им. Н.И. Лобачевского. серия: социальные науки, 2019, № 4 (56), с. 275–279

4. К.С. Еремеев. Направления совершенствования воспитательной работы со студентами в условиях цифровой трансформации общества

 

989 0
Малтабарова Рауза, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 2-курс магистранты Ғылыми жетекшісі –Абильдина С Ұлы Дала Ұстазы № 001595
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: