Мақсаттары:
Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету
Өз білімін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыстану арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру
Жас мамандарды командалық жұмысқа дағдыландыру
Мобильді, ізденімпаз,іскер болуға бағыттау
Күтілетін нәтиже:
Жас мамандар кәсіби шеберлікке, командалық жұмысқа бағытталады
Жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және ізденімпаз маман ретінде қалыптасады
Жас мамандардың педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде дамиды
Креативті, шығармашыл,мобильді маман ретінде қалыптасады
Білімді, мәдениетті,іскер маман ретінде білім кеңістігінде жаңалықтар еңгізуге, өз білімін жетілдіру қажеттілігін түсінеді, жұмыстанады
№ | Тақырыбы | Мерзімі | Түрі | Жауапты |
1 | Жас мамандарға тәлімгерлерді тағайындау. Нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс | Тамыз | Құжаттармен жұмыс | Мектеп әкімшілігі
|
2 | Жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарын құрып , бекіту | Тамыз | Жоспар бекіту | Владимирова Ж.В. Бексейтова В.Н. |
3 | Мектептің құжаттарымен:
пән және сынып жетекші міндетімен таныстыру | Қыркүйек | Практикум | Бексейтова В.Н. Нуфтенова Қ.С.
|
4 | Нормативтік-құқықтық және оқу бағдарламалық құжаттармен таныстыру Электронды журнал жүргізу ережесі Дәптерлерді және күнделіктерді тексеру талаптары
| Қыркүйек | Практикум | Владимирова Ж.В. Бексейтова В.Н. Нуфтенова Қ.С. |
5 | «Жаңғыру жолындағы жас маман» семинар-коучинг | Қыркүйек | Семинар-коучинг | Владимирова Ж.В. Бексейтова В.Н. Нуфтенова Қ.С. |
6 | «Жаңартылған білім беру мазмұны» «Сабақта тәртіпке қалай қол жеткізуге болады?» | Қазан | Коучинг Құжаттармен жүмыс Пікірталас | Бексейтова В.Н. Нуфтенова Қ.С. |
7 | Жас мамандардың күнделікті сабақ жоспарын қадағалау. | Үнемі | Сабаққа қатысу | Владимирова Ж.В. Бексейтова В.Н. Тәлімгерлер. |
8 | Мұғалім портфолиосы. Портфолио мазмұны. Портфолио презентациясы (жас мамандарға әдістемелік құжаттарын жабдықтауға көмектесу) | Қараша | Семинар
Портфолио жасақтау | БексейтоваВ.Н. Нуфтенова Қ.С. |
9 | Ұрпақтар сабақтастығы: «Педагогикалық имидж» | Желтоқсан | Дөңгелек үстел | Мектеп әкімшілігі Ардагерлер кеңесінің мүшелері |
10 | Жас мамандарды психологиялық қолдау | Жыл бойы | Тренингтер, саулнамалар,кеңестер | Сержанова А.Ж. Педагог-психолог |
11 | «Бауырмалдық –құнды қасиет» | Қаңтар | Тренинг | Дарменова Б.Т. Бексейтова В.Н. Ергалиева А.А. |
12 | «Шебер-сынып», дөңгелек үстелдер, практикум, семинарлар, іскерлік ойындар ұйымдастыру. | Ақпан | Тәжірибе алмасу | Владимирова Ж.В. Бексейтова В.Н. Нуфтенова Қ.С. |
13 | «Үйренерім көп менің» өзге мектептермен тәжірибе алмасу | Үнемі
| Семинарларға қатысу Тәжірибе алмасу | Мектеп әкімшілігі |
14 | «Мұғалім тәжірибесін зерттеу» | ІІ-ІІІ тоқсан | Тренерлік курс Тәжірибеден өту | Владимирова Ж.В. |
15 | «Біз бір командамыз» Ұраны:«Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін!» | Наурыз | Тимбилдинг | Владимирова Ж.В. |
16 | «Үздік жас маман-2022» байқауын өткізу | Наурыз | Байқау | Владимирова Ж.В. Бексейтова В.Н. Нуфтенова Қ.С. |
17 | «Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім» | Сәуір | Дөңгелек үстел | Мектеп әкімшілігі Бексейтова В.Н. Нуфтенова Қ.С. Сержанова А.Ж. Жас мамандар |
18 | «Мен не үйрендім» -жас мамандардың жыл бойы жүргізілген жұмыстары бойынша есебі. | Мамыр
| Жас мамандар есебі | Жас мамандар |
Жас мамандар мектебінің жұмысын қорытындылау. Келесі оқу жылының жоспарын жасау | Маусым | Тәлімгерлер есебі
| Бексейтова В.Н. Нуфтенова Қ.С. |
Жас маманға жаднама
- Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз. Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне (тұрып) жол табыңыз, жағымды психологиялық орта орнатыңыз.Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.
- Электронды журналды қоңыраудан бұрын ашып қойыңыз.
- Сабақты ерекше жігермен бастаңыз. Сабақты әрбір оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз.Аз кідірістер, баяулық, жұмыссыздық, сабақта тәртіпсіздік туғызады.
- Оқушыларға материалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға бағыттаңыз. Оқуында кедергісі бар оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз. Бүкіл сыныпты қадағалаңыз.
- Білім бағасын іскерлікпен дәлелдеу арқылы бағалаңыз. Жоғары баға алу үшін не нәрсені көбірек білу керек екенін айтыңыз.Критерийлерді атаңыз.
- Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз.
- Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз.
- Оқушыларды қолдаңыз, сыйлаңыз.