Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, қандай әсембезендірілген залға кіріп
отырмыз, бір ертегіге келгендей болып тұрмыз, солай емес пе?
Біз қандай мерекені тойлауға келіп отырмыз? Дұрыс, Жаңа жыл!
Шеңбердің ортасында қандай әдемі шырша тұр, сол шыршаға өз
әнімізді айтып берейік!
Жүргізуші: Ал, енді орнымызға отырайық! Балалар, бір жақсы әуен естіледі,
тыңдаңдаршы! Бізге қонаққа біреу келе жатыр!
(музыка ырғағымен Ақшақар келеді)
Ақшақар: Қар жауады жапалақтап
Толғанады тоқтап-тоқтап
Қалың түсті бүгін қар
Қардың әнін ұғындар
Өнкей аппақ көбелек
Қонып жатыр жерге кеп!
Сәлеметсіңдер ме сүйікті балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Аяз
ата келген жоқ па? Біз осында кездесеміз дегенбіз!
Жүргізуші: Саламатсыңба Ақшақар! Біз өте қуаныштымыз сенің бізге
келгеніне, төрге шық! Аяз ата келгенше, біздің балалар саған
арнап өз өлең жолдарын айтып береді!
(ортаға балалар шығады)
1-бала: Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
2-бала: Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
3-бала: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
4- бала: Бұл шырша, бұл шырша
Қуаныш баршаға!
5- бала: Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға!
6-бала: Әдемілеп біз ілінген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз!
Жүргізуші: Ән шырқасақ көңіл көтеріледі, сондықтан ортаға мен қазір әнщі
балаларды шақырып, солардың әнін тамашалайық!
- «Ән саламыз » - барлық балалар билейді.
Ақшақар: Рахмет жақсы әндеріне! Менің қолымда не бар? СЫЛДЫРМАҚ
Ақшақар: Ал енді осы сылдырмақтармен ойын ойнағым келіп тұр! (көзін
байлайды, балалар қашады, Ақшақар оларды ұстап алуы керек)
- «Сылдырмақ» ойыны – 2-3 рет.
Жүргізуші: Балалар менің микрафоным бұзылып қалған көрінеді. Енді не істейміз. Дауысымыз естілмей қалатын болдығой.
Ақшақар: Сіз алаңдамаңыз. Мұндай құралдарды жөндеуші Фиксиктарды шақырайық. Кәне балалар баршамыз Фиксики деп айқайлайықшы.
Музыка қосылып залға Фиксиктер келеді.
Нолик: Сәлем достар мен Ноликпін мынау менің әпкем Симка
Симка: Сәлем достар бізді неге шақырдыңдар?
Жүргізуші: Біздің микрафонымыз істемей қалды. Осы микрафонмен аяз атамызды дауыстап шақырмасақ бізге кешігіп жатыр.
Нолик: Микрафонба оооой бұл оңайғой.
Симка: Иә бұл өте оңай кәне көрейік. Екеуі көріп микрафонды жөндейді.
1,1,1, міне істеді.
Жүргізуші: Рахмет сендерге енді осы микрафонмен дауыстап ән айтайық аяз ата бізді естіп тез келеді.
Нолик: Жақсы олай болса біз әнімізді орындаймыз сендер бізге қосылып билеңдер.
Би: «Фиксиктер»
Жүргізуші: Балалар, естіп тұрсыңдар ма, шаңғының дыбысы естіледі, Аяз ата келіп қалды, қарсы алайық!
Ақшақар: Бәріміз қосылып Аяз атаны шақырайық!
Бірге: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
(музыка ырғағымен Аяз ата келеледі)
Аяз ата: Боранымен буып белді
Жаңа жылым тағы келді
Берекесің ала келсің
Нұрға бөлеп біздің елді
Келді тағы Жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймын сіздерді!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе, құрметті Аяз ата! Сізді біздің балалар сағына күтті!
Жоғары шығып отырыңыз демалыңыз.
Аяз ата: Балалар, шыршамыздың оты жанбай тұр ғой, ол дұрыс емес!
Бәріміз бір дауыспен айтайықшы: Шырша, шырша күлімде! – 3 рет
Жүргізуші: Рахмет Аяз ата. біздің балалар өз сағынышын сізге деген, ән жолдарымен жеткізуге тырысады! Алдымен мына әдемі шыршамыздың құрметіне «Шырша жыры » әнін орындайық.
Аяз ата: Ой жарайсыңдар балаларым. Енді кім тақпақ айтады.
1-бала:Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
2-бала: Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.
3-бала: Қызыл ала шапанды
Жақсы көрем атамды.
Аяз ата: Үлкен рахмет, сендерге, кішкентай бөбектерім! Күн суық аяз сендер суықтан қорықпайсыңдарма
Балалар: Жоооқ
Тәрбиеші: Аяз ата біздің балалар суықтан қорықпайды. Қалай қорғанатындары туралы әдемі ән айтады. Қабыл алыңыз
Хор: «Тоңбаймыз»
Аяз ата: Жарайсыңдар. Тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: балалармен ойын ойнасақ болама?
Ойын: «Қар лақтыру»
Аяз ата: Ойнадық, биледік, күлдік енді қайту керек! Рахмет сендерге, балалар, жақсы болды барлығы, сау болыңдар!
Ақшақар: Аяз ата, сен ешнәрсе ұмытқан жоқсын ба?
Аяз ата: Жоқ! Тақпақ айттық, биледік!
Ақшақар: Ата, сен сыйлықтарды ұмытып барасың!
Аяз ата: Ой, бой! Ұмытып барам, міне сендерге менің базарлығым.
Жүргізуші: Міне, осындай сыйлықтар бізді топта күтіп тұр! Рахмет Аяз ата
және Ақшақар!!!
Аяз ата: Сау болыңдар кішкентай бөбектерім, көріскенше есен-аман
болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа бақыт, жақсылық үйлеріне қонсын!
Сау болыңдар!!!