Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1423

Тәуелсіздік-бәрінен қымбат!

                                     Тәуелсіздік-бәрінен қымбат!

  Еліңнің ұлы болсаң, Еліне жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетін нығайтып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де ,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа (Н.Ә.Назарбаев)

  

  Барлық қауымның жүрегінен орын алған,қаламның ұшыменен жазылған,кең көлемді шарлап, бір ауыздан айтылған ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, барлық уақыттада қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естілетіні сөзсіз.

  Отан – ең басты, ең қымбат, ең сүйікті сөз. Әр адамның өз Отаны бар. Бұл сөз арқылы мектебімізді, отбасымызды, әсем ауылымызды, бүкіл кең байтақ қазақ елін айтып отырмыз. Қазіргі Қазақстанның Тәуелсіздігінің шежіресі мың тоғыз  жүз тоқсан бірінші жылы он алтыншы  желтоқсанда басталады. Бұл- Қазақстан өзін тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялаған күн. Осыдан 30 жылға жуық уақыт бұрын тәуелсіздік алған Қазақстан өз тарихында жаңа белесті  нығайтып, дамуында үлкен жетістіктерге жеткен болатын. Дамудың жаңа даңғыл жолына түскен халқының азаттық туралы ежелден келе жатқан арман-мақсатын жүзеге асырды. 

  Қазақстан-тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, жиырмасыншы ғасырдағы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасы еліміздің тәуелсіздік жолындағы ең соңғы күресі еді. Дүниені дүр сілкіндірген бұл тарихи оқиға- жастарымыздың еркіндікке, бостандыққа, демократиялық жүйеге ұмтылыстың бастауы болды. Ұлан-байтақ жерімізді ат үстінен түспей жанқиярлықпен қорғаған ата-бабалардың ерлік өнегесін, жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде өмір сүрген алаш жастарының қайрат - жігерін осы желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың бойынан көруге болады деп ойлаймын. 

  «Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын, тіпті менің де бойымдағы мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні рас. Таңбасы таста, қаны қара жердің тамырынла жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып, шаттанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Тәуелсіздіктің 30 жылдық шежіресіне жеткен жетістіктері аз емес. Бірақ, әрине, ең маңыздыларының бірі – Сарыарқа даласында елорданың жас қаласы – Нұр-Сұлтанның құрылуы. Нұр-Сұлтан – өркениеттер, діндер мен мәдениеттер тоғысқан достық көпірі, барша халқымыздың жан дүниесінің бір бөлшегі тұратын мекен деп санаймын. Менің Қазақстаным – биік таулар, алтын дала, мөлдір өзен-көлдер. Бұл ақындар мен өнерпаздардың өнері, күйлердің, халық аңыздарының, ертегілерінің музыкасы.

   Бірақ Қазақстанның ең басты байлығы – жер бетінде ұзақ жылдар бойы орнаған бейбітшілік. Өйткені мұнда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады, әркімнің өз тілі, өз әдет-ғұрпы бар.Біздің Отанымыз – бай әрі қуатты мемлекет.Менің ұрпағым азат, тәуелсіз мемлекетті мұра етті. Болашақта өміріміздің қандай болатыны, туған Қазақстанымыздың қандай болатыны өзімізге байланысты! Біз достық пен татулықты қастерлеуді үйренуіміз керек. Қазақстандықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқаны баршаға үлкен бақыт. Біз мемлекетіміздің тарихын білуге, халқымыздың заңдарын қастерлеуге, салт-дәстүрде бізге жеткен халық даналығын ұрпаққа сақтауымыз керек. Сонда ғана біз өмірді босқа өткізбейміз, сонда ғана жердің жомарттығынан, сұлулығынан, молдығынан сауап алатындай жүрегіміз кеуіп, жанымыз қатып қалмайды.

  Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Ендігі кезекте қазақ елін болашақта кемел елге айналдыру барлық азаматтың өмірлік борышы деп білемін. Біз бейбіт заманның ұрпағы Тәуелсіздіктің тартуына тамшы қаяу түсірмей, еліміз үшін, жеріміз үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Ел дамуына түрлі салада үлес қосу арқылы  бәсекеге қабілетті мәңгілік елге айналамыз керек. Тәуелсіздік сөзін мен ең алғаш естігенімде бірден ойыма келетіні тәуелді болмау. Осы орайда Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын беріп, болашақ ұрпағы үшін аянбай еңбек етіп, ат сауысқан әрбір зиялы қауымға, майдангер батырларымызға және т.б ұлы даналарымызға алғысымыз шексіз.Тәуелсіздік дегенде әрбіріміздің жүрек тебіренте еске алар тарихи сәттеріміз көп! Соның бірі және бірегейі ретінде өзімнің жүрек даралық туындайды қабыл алыңыздар! 

Тәуелсіздік Ұранымсың тіршілікте ұмытпас,

Сен арқылы болдым міне, бар әлеммен иықтас.

Атақ даңқын еліміздің шығарған,

Мен өзіңе тағзым етем иіп бас.

Жер қайысқан бел қайысқан күреспен ,

Жапырлаған жаумен табан тірескен.

Қиын кезең қырғын шайқас қанды жол,

Ешқашан да шыға қоймас бұл естен. 

Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

455 0
Гүлмира Темешбекова, Aqbobek internatijnal school музыка пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002040
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: