Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1416

Қазақтың көне жәдігері – қамшы

Қамшы— атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшы — ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі.

Қамшының өрiмi сабынан бiр жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретiнде қолданылған. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуындатып, кейде өрiмге талшық сымтемiр салып өрген. Ондай қамшылар ыңғайына және қамшы иесiнiң қалауына қарай өрiлiп отырған. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектелiп өрiледi. Қамшы өрудiң көптеген түрi қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн түрi кiредi. Өрiмдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келедi.

Қамшы — қазақтың ғасырлар бойы ұстаған ұлттық нысандары­ның бірі болды . Қазақ аттан түсіп жаяу қалғасын, қолына қамшы ұстауды да қойды. Қолына қамшы ұстаған қазақ айбарлы, сәнді көрінуші еді. Ат пен қамшыдан айырылған жай қазаққа айналды. Адамзат жылқыны қолға үйретіп мінісімен аттың өзін жүргізу және алдындағы малды айдау үшін қандай да бір құрал қажет болған. Алғашында атқа мінген адам қамшы ретінде әртүрлі шыбық, ағаш қолданған. Уақыт өте келе бұл құралды малдың шикі терісінің өзінен жасаған, бертінірек өрме өнері шыққанда шикі қайысты өріп, өрменің санына байланысты қамшылар үш таспа өрім, төрт тас­па, алты таспа, сегіз таспа, он екі, жиырма төрт, қырық сегіз таспа өрім болып бөлінген. Қамшының ең алғаш қандай бөліктерінің қалай аталғанын жазған Ш. Уәлиханов.

Қамшы — ұстаған адамының қайрат- қуаты артып, жамандықтан, тіл- көзден сақтап жүретінін, сал- серілердің серілігін танытатын, отбасының, отағасының  қорығы екенін білдіретін қазақ мәдениетінің киелі сыйы. Қазақ  шаңырағының төрінде ілулі тұратын  қамшыны көргенде, таспадай тіліп өтетін тілі бар, қамшының өріміндей бедерлі берекесі бар, қазақтың қанына біткен қайсарлығы бар  азаматтың шаңырағы екенін түсіндіреді. Ал, қасиеті мен құрметі ерекшеленген адамдардың киесі мен қуаты қамшыға ауысып отырады. Қамшы мен емші бірін- бірі толықтырып отыратын киелі құдірет екенін ырымшыл халық мойындаған. Қамшының тарихын, негізгі бөліктерін зерттеу арқылы, оның пайдасы мен халқымыздың тұрмысындағы орнының айқындалуы жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Сонымен, ел алдында жүрген жақсы адамдардың, қуатты адамдардың қамшысын ырымдап отырған. Қамшы- қазақ халқының шаруашылық, мәдени өмірінде кеңінен қолданған ежелгі құралдарының бірі. Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Ол үлкен екі бөліктен тұрды: өрімі және сабы. Қамшы сабы көбінесе 4 — 7 тұтам тобылғыдан, ырғайдан, еліктің, таутекенің мүйізінен жасалып, барынша әсемделеді. Оның терімен қапталған қолға ұстайтын бөлігі — тұтамы (тұтқасы), оған тесіліп өткізілген қайыс таспа- бүлдіргісі деп аталады. Шеберлер қамшы сабына ерекше көңіл бөліп, оны жез бауырлап, мойнақтап, металмен, былғарымен, қайыспен орап тастайды. Өрім мен алақанның қосылған жері- шежемей. Оның үстінен түйнектеп қайыс шашақ тағып қояды. Елік, киік сирағынан металл, терімен мойнақтап, орам салып, шашақталған қамшы өте сәнді де бағалы.

281 0
Талант Қамиев "Б.Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ – нің көркем еңбек пәніінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001589
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: