Əр дəуірдің өз талап-тілегі бар . Бүгінде әлем елдерінің өмірінде цифрлық технологияның дамуы шешуші рөл атқарады. Ол экономиканың барлық саласын қамтыған, онсыз ілгерілеу жоқ. Өркениет көшбасындағы мемлекеттердің барлығы дерлік сандық жүйеге ертелі-кеш көшіп алған. Қазақстан да тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде бұл бағытта біршама табысқа қол жеткізді. Заманнан қалмаймыз деп уақыт талабына бағынған қазақ технологиясы қарқынды дамып келеді. Сол қарқынды дамудың бірінші қадамы -цифрлы Қазақстан болып табылатындай. Цифрлы технологияларды қолдана бастай отырып, индустрияныда өркендетіп,өршітуіміз қажет. Бұл болашаққа деген бір сенім мен күш беретін кешенді міндет болып есептелінеді. “Цифрлы Қазақстан” адам капиталын жақсартуға, жан-жақты дамуға, инфақұрылымды дамытуға өз үлесін қосып жатыр. “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасы негізгі 4 бағыттан тұрады. Олардің ең алғашқысы ауыл-аймақты қарқынды желімен қамтамасыз ету, ауылдың транзиттік мүмкіндігін арттыру. Екінші бағыты-көлік,логистика сияқты экономикалық салаларға цифрлы технолгоияны енгізу арқылы оны одан əрі дамыту. Үшінші бағыты-мемлекттік органдардың жұмыс саласындағы сапасын арттыру. Соңғы бұрылар бағыты - IT мамандарын болашаққа даярлау. Осындай 4 бағыттан тұратын бұл технологияның болашақта алып келер пайдасы өте зор.
Қазақстанға бұл технологияның енгізілуі қолға алына отырып, болашаққа алып келер пайдасының зор екеніне сенім көп. Интернеттің дамуына да өзіндік үлес қосқан бұл технология жаһанданудың басты көзіне айналғандай. Қазіргі таңда интернет саласына цифрландыру технологиясының қосылуы қарастырылуда. Нақты айтқанда,бұл технологияның басты мақсаты -қазақстандағы өмір сапасын арттыру жəна ұлттық экономиканы цифрландыру.
Цифрлы экономиканың артықшылықтары:
Цифрлы экономика, атап айтқанда жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы, әрине, адам өміріне позитивті әсер етеді. Цифрлы технологияларды дамытудың арқасында тұтынушы өзіне қажет қызметтерді жылдам ала алады, арзан бағамен интернет-дүкендерде өнімді сатып алу арқылы ақша үнемдейді. Сонымен қоса, кітаптың электронды нұсқасы да адамдарға басып шығарылған аналогынан бірнеше есе арзанға түседі. Интернеттен көтерме бағамен сатып алу кезінде, басқа тұтынушылармен келіссөздер жүргізу арқылы азаматтар оффлайн сауда нүктелерінде сатып алулардан көрі көбірек үнемдейді. Осылайша, тұтынушы интернеттегі бизнесті бастап, үйінде отырып кәсіпкер бола алады.
«Цифрлы экономиканың» кемшін тұстары:
Сандарды және электронды сауданы өмірге енгізудің бірқатар кемшін тұтстары да жоқ емес. Атап айтсақ, олардың арасында жеке деректерді қорғау проблемасымен байланысты киберқауіптердің пайда болуы. «Цифрлы құлдық» - бұл адамдардың мінез-құлқын бақылау арқылы миллиондаған адамдар туралы деректерді пайдалану. Сонымен қоса, еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың өсуі, өйткені кейбір мамандықтардың, тіпті өндірістердің жойылып кету қаупі артады. Бұдан бөлек адамдардың цифрлы білімнің әртүрлілігі, ғяғни цифрлы білім берудегі алшақтық, цифрлы қызметтер мен өнімдерге қолжетімділік, нәтижесінде, бір елдегі немесе әртүрлі елдердегі адамдардың әл-ауқат деңгейіндегі алшақтық пайда болмақ.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс.
Елбасы: «Болашақ жастардың қолында екенін жиі айтады. Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Сондықтан цифрлық Қазақстанға қол жеткізу үшін жастарға артар үміт зор», ‒ деді.