Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1411

МЕКТЕП, ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН ӘЛЕУМЕТТІК БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ПЕДАГОГТЫҢ РОЛІ

   Қоғамымыздың ілгері дамуының өзі ғылым мен білімге тікелей байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларды ата - ана баланы қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр», - деген болатын. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- дейді Мағжан Жұмабаев. Сонда сол халықтың қаны мен жанын, рухын бойына сіңіреді.                                                                    Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде бүгінгі ұрпақтың қоғамымыздағы жаңару процесін жүзеге асырудағы жүргізген жұмысы ұшан -теңіз. Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқа сүйері де осынау жас ұрпақ арасынан шықпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттыққа баулып өсіру міндетті.                                                                                                                                  Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім. 

    Отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет – қызмет бөлінісі, кіріс – шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т. б болмыс – тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы  құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар – намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір – біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз – ата - ана. 

- Адамгершілік

 -бауырмалдық

- татулық

- қайырымдылық

- әдептілік

- инабаттылық сияқты жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды.                                                                                                                                                                   Баланы жақсы тәрбиелейтін құрал - еңбек. Сондықтан ата – аналар баланы жастайынан еңбекке баулу керек. Сәл ғана қолынан келетін нәрсесі болса, көңіл бөліп дарынын, талабын тыңдауға ықпал ету қажет. Ата – бабамыздың тарихын, салт – дәстүрін үнемі құлаққа құйса, ұлы Абайдың бес асыл ісімен дос (талап, еңбек, терең ой, қанағат,рахым) болуын, бес дұшпанмен (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) қас болып жүруін айтып отырса, бала оң бағыт танытпайды. Қазір ұл қыздың тәрбиесіне кері әсер ететін жат әдеттер өте көп. Ең бірінші баланың қалыптасатын ортасын бақылап отырған жөн. Бала тәрбиесі ешқандай үзілісті бір сәт те назардан тыс қалдыруды қаламайды.                             - өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу,                                                - оның үйренуіне көмектесу,                                                                                                                                               - берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуын төзімділікпен бақылау,                                                         - істеген ісін ұқыпты, тындырымды орындауына бағыт беру,                                                                                                                     - жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру.                                                                                                            «Дүниенің ең тамаша туындысы- тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» деп халық айтқандай. Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық, гуманитарлық және демократиялық өзгерістерге байланысты жеке тұлғаның дербестік дамуы маңыздылық сипатқа ие болуда. Қазіргі таңда біздің елімізде тұлғаны тәрбиелеу мәселесіне ерекше жағдайда көңіл бөлінуде. Яғни, мектеп оқушыларының бойында шығармашылық қабілетін, бағыт бағдарын, өмірлік ұстанымын, өзіндік сенімін, қызығушылығын, танымдық процестері мен психологиялық қасиеттерін дамытатын мүмкіндіктерді жасауды қажет етіп отыр. Қоғамдағы әр түрлі жаңғырулар мен өзгерістердің ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік тұсы – бала.Сондықтан әлеуметтік педагогика баланы басты обьект ретінде қарап, баланың білім алуына, тәрбиеленіп,әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы, білім, қоғамдық институттардың тигізетін әсерін зерделейді.Әлеуметтік педагогтің негізгі нысаны да балалар мен жасөспірімдер болып табылады.                                          Қазіргі кезде қоғамда орын алған кейбір келеңсіз жайттар, шешімін табу қиын болып келетін күрделі әлеуметтік мәселелерді жоққа шығаруға болмайды.                                                Еліміздің әл-ауқаты артып, басқа салардағы сияқты жүргізіліп, әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылудамыз. 

    Қазақстанның ертеңгі болашағы – бүгінгі білімді ұрпақты тәрбиелеу ісінде әлеуметтік педагогтың атқарар рөлі зор. Мектептерде педагог – психолог, қосымша білім беру педагогі, тәлімгер, әлеуметтік педагог мамандары пайда болды. Бұлардың әрқайсысының білім беру үрдісінде өзіне ғана тән қызметтік мазмұны мен өзіндік орны бар. Қоғамға, мектепке керек бұл мамандықтың қыр-сыры, қызмет ерекшелігі жан-жақтылықты талап етеді. Ең алдымен жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагог жұмысына арқау болатын негізгі міндеттерінің бірі. 

    Атап айтқанда, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда отбасындағы қолайсыз жағдайлар, өмір сүру қабілетінің жоқтығын емес өз қатарларымен дұрыс қарым – қатынас жасай алмауы, отбасы мен мектептің байланысы, ата – ананың баласының жеке тұлға ретінде қалыптасуына тиімді бағыт – бағдар беруіне ықпал етуге ұйымдасқан жұмыс қажеттілігін дәлелдеп келеді. Әлеуметтік педагог пен психологтың бірлескен іс- әрекет жұмыстарын жоспарлағанда төмендегі бағыттар ескеруі тиіс: 

   - жасөспірімдермен жұмыс жасауда оның дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу бағыты, яғни оқушылардың бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, оны болдырмау;

  - бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына педагогикалық тұрғыдан ықпал ету; 

  - психологиялық алдын алу және түзету жұмыстарын жүзеге асыру; 

  - отбасымен жұмыс, «қиын топтағы» оқушылармен жұмыс жүргізу. 

   Әлеуметтік педагогтың мектепте іс – әрекетінің мынандай бағыттары болады. Олар:диагностикалық, ұйымдастырушылық, болжамдық, алдын алу, ұйымдық байланыстық, қорғаушы, әлеуметтік – психологиялық. 

   «Ерекше назардағы» балаларды «қиын топ»ретінде емес, қайта қоғам тарапынан көмек қажет етуші бала ретінде түсіну қажет. Біздің мақсатымыз осындай балалар мен жеке жұмыс жасап, олардың себебін дұрыс түсіне отырып, педагогикалық – психологиялық көмек беру. Қорыта келе, өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғалық қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындау тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі шарттары болып табылады деуге болады. 

    Отбасы тәрбиесі және оқушының әлеуметтік аман – саулығы.

   «Адам баласын аман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі»дегендей Абай атамыз айтқандай жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы өте зор. Осы орайда оқушының аман-саулығы көрсеткішін анықтайтын матрицасы. 

   Әлеуметтік педагогикадағы «отбасы» түсінігі әлеуметтік педагогтың қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, басқа да нормативтік актілер мен  құжаттарды басшылыққа алады. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді. 

    Отбасы – жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір сүру ортасы. Ол мынадай өлшемдермен анықталады: әлеуметтік –мәдени, әлеуметтік –экономикалық. Осыған орай әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізілетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен ынтымақтаса, оларға кәсіби педагогикалық көмек көрсетеді. Педагог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндетінің бірі қалыптастыру болып табылады. 

   Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастырудағы мүмкіндіктер: өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық потенциалын анықтау мақсатында отбасын зерттеу; өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік, әлеуметтік мүмкіндіктеріне қарай отбасыларын топтарға бөлу; халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата - аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау; өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы нәтижелерді зерттеу; әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтауы тиіс: ата – аналар мен балалар өзін зерттеу обьектісі ретінде сезінбеуі тиіс; зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі жүргізілуі тиіс; зерттеу әдістері дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс; әлеуметтік педагогтың ата-анамен жұмыстарының нәтижелері: ата-ананың бала тәрбиесінде жауапкершілігін арттыру; ата-ана бала құқығын, өз құқықтарын қорғауды пайдалануда кәсіби сауаттануы; ата-ананың психологиялық, педагогикалық тұрғыдан сауаттылық деңгейінің жоғарылауы; ата-ананың мектеппен, сыныппен қарым-қатынасының жақсаруы; баланың зиянды әдеттерден аулақ болуының жауапкершілігі жоғарылауы, яғни ата-ана баласына салауатты өмір салтын үнемі насихаттауы. 

    Қорытындылай келе, бүгінгі қоғам алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тҽрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесі мен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. 

   Жаңартылған білім мазмұнындағы ерекшеліктерді түсіндіру мақсатында ата-аналармен өткізілген жиналыстың үлгілік жоспарын назарыңызға ұсынамыз. 

   Тақырыбы: «Табысты оқушы – заман талабы» 

   Мақсаты: ата –аналар бағалау түрлерімен (критериалды бағалаудың түрлері-қалыптастырушы (формативті) жҽне жиынтық (суммативті) бағалаудың түрлерімен танысады, жаңаша бағалаудың тиімділігі туралы ақпарат алады.

   Күтілетін нәтиже: ата – аналар бағалаудың түрлерімен танысады, мұғалімдер пайдаланатын бағалау түрлері туралы біледі. 

  Негізгі ұғым: қуаныш сезімін ояту. Балаларының теріс әрекетке түрткі болатын жаман әдеттен арылту жолдарын қарастыру.

 - ата-аналарға балаларына ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту,

 - балаларын бағыттау, бағалаудағы әдістер туралы түсініктерін қалыптастыру. 

   Ресурстар: интернет-ресурстар, презентациялар 

   Құрал- жабдықтар: АКТ, маркерлар, плакаттар, бояу, слайд 

   Жұмыс кезеңі: 

   Күн тәртібінде: 

1)1.1. Ата-аналармен тренинг: Амандасу. 

1.2. Топқа бөлу. 

1.3. Топ ережелерімен таныстыру. 

2) Ой қозғау «Сиқырлы сандар» 

3) Топпен жұмыс. 

4) Сергіту сәті. 

5) Бағалау. 

6) Постер. 

7) Рефлексия. 

1.1. Тренинг: «Бумба-Юмба» жаттығуы. 

   Біз сіздермен Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір кең шеңбер жасаймыз. Бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып, екі қолдарыңызды жоғары көтеріп алақандарыңызбен бір –біріңізді үйкелейсіздер. 1.2.Топқа бөлу. 

2.1.Бес түстен тұратын таспабау арқылы топтарға бөлу. 

2.2.Топ ережелерімен таныстыру.

 Жұмысқа кірісер алдында мен сіздерді мынадай ережелермен таныстырып кетсем:

 -Әр ата- ананың сөйлеуге құқы бар, 

- Барлығымыз ортақ жұмыс істегендіктен, біздер де көрермендер жоқ.

 - Балаларымыз бір сыныпта оқыған соң барлығымыз доспыз, тәрбиелі де мәдениетті адамдармыз.

 -Өзіміздің де өзгенің де құпияларын сақтай аламыз.

 - Біз бір- бірімізге сенеміз.

 3.Ой қозғау: «Сиқырлы сандар» (1-5 сандар) Сіздердің өмірлеріңізде бұл сандар қай жерде кездеседі?

 Мұғалім: Жаңағы сәтте өздеріңіздің балалық шақтарыңызды, студенттік шақтарыңызды және кұнделікті өмірдегі бір сәттеріңізді еске алып көрдіңіздер. 

1-топ: Ең алғашқы алған бағаларыңызды еске түсіріп көріңіздерші.

 Сол кезде қандай сезімде болдыңыздар? Ойлаңыздаршы, ондай сезім неден туындады. 

2-топ: Ата- аналарыңыз төмен баға алғанда қалай қабылдады?

3-топ: Сіздердің кездеріңізде мұғалімдер қандай сөздер айтып, қалай ынталандыра білді? Осындай сөздерді естігенде қалай сезіндіңіздер?

 4-топ: Ұстазыңыздан алғаш естіген қандай мадақтау сөздері естеріңізде қалды? 

Топта ақылдасуға 1 минут уақыт беріледі. Әр топтың бір мүшесі өз ойымен бөліседі.(Мадақтау) 

4.Топпен жұмыс: 

1-топ:Бағалау дегеніміз не?

 2-топ:Бағалау не үшін қажет?

 3-топ: Білім не үшін керек?  

4-топ: Білімді оқушы қандай болу керек?

 (Мадақтау)

 5.Сергіту сәті: Қызыл гүлім-ай

 6.Тапсырма: Ата-аналар, сіздер қазір көбелектің суретін саласыздар. 5 минут қана уақыт беріледі, алдарыңыздағы бояудың сан түрін пайдаланып, әдемі көбелектің суретін бейнелеңіздер.

 Ендігі кезеңде суреттеріңізді бір -бірлеріңізбен ауыстырып бағалаңыздар. 

-Бағалаңыздар. Топтар қойған бағаларды қорғайды.

 -Неге осындай баға қойылды?

 -Баға қойғанда неге көңіл бөлінді?

 Мұғалім: Ата-аналар,сіздердің салған суреттеріңіздің ішінен ең жақсы бағаға лайығын тауып, өз бағаларыңызды бердіңіздер. Ал мұғалім үшін де оқушы еңбегін, жұмысын бағалау өте қиын іс. Барлық талапқа сай келсе ғана оқушы жақсы баға алады. Дегенмен кейбір кеткен кемшіліктер үшін де оқушы еңбегіне сай бағаланады. Баға бала көңіліне әсер етеді. Осыны жеңудің жолы қандай? Көбінесе жақсы баға қоймаған мұғалімді кінәлап жатамыз. Ал оқушыны қалай бағалау керек?

 -Келесі сәтте тақтаға назар аударыңыздар.

 Критериалдық парақты пайдаланып тағы бір рет баллдарды қоюларыңызды сұраймын. Көбелек суретіне қойылатын критерий: (слайдтан көрсетіледі)

 1. Суреттің бетте орналасуы-1 ұпай 

2. Суреттің көлемі-1 ұпай 

3. Бояуының қанықтығы, дұрыс боялуы-1 ұпай 

4. Қанаттарының симметриялы болуы-1 ұпай 

5. Барлық мүшелерінің болуы-1 ұпай 

6. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнында атап көрсетілген «Бағалау критерийі» бойынша бастауыш сынып мұғалімі Ахбалина Рахима Оспанқызына сөз кезегін береміз. 

7. Постер жасау.ъ

   Құрметті ата –аналар, бүгінгі жиналысымызда бағалаудың бір неше түрлерімен танысып жатырсыздар. Осы түсінген ойларыңызды жинақтай отыра постер жасауларыңызды сұраймыз. Әр топ постерларын қорғайды.

 8. Байлаулы бала (тренинг)

  Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады. 

  Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады) Қарасаңыз  балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады) Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады) 9.Рефлексия. 

  Мектеп-кеме, білім - теңіз. Осы білім теңізіндегі кемеде әр қайсылыларыңыздың балаларыңыз бар екен. Әр ата-ана өз баласының біліміне алаңдаулы. Қай ата –ана болса да өз баласының болашақта білімді азамат болуын қалайды. Сондықтан, бәріміздің тілегіміз білімді тұлға қалыптастыру.Көптің тілегі - көл демекші, өзіміздің жүрегімізде,көңілімізде жүрген тілектерімізді балаларымызға жолдасақ. Жүрек- ол сезім, алақан – ол жылулық, күн – ол жарық сәуле.Олай болса алдарыңызда жатқан күннің,жүректің, бейнелеріне балаларыңызға тілектеріңізді жазып, білдірулеріңізді сұраймыз.

 «Күн шуағы» өздерінің тілектерін жазады.

 «Бала» моделін құру. 

Плакатқа «Бала» моделін жасау. 

Ата-аналар жиналысының қаулысы:

 1.Оқушыда сапалы білім мен тҽрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажеттігін басшылыққа алынсын;

 2.Критериалды бағалау бойынша әрбір ата-ана тарапынан балаға қолдау көрсетілсін. 

 

 

 

Әдебиеттер: 

1. Баймұқанова М.Т. Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс. - Астана , 2005. - 21 б. 2. Ибраимова Л.Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі. –Алматы, «Нұрлы әлем», 

2005. – 56б

3. Әуелбай М.А. «Ақбастау» рухани тазалық бағдарламасының авторы. Жанұя мен мектептегі тәрбие. 2011-2. 4.

4.Жарықбаев Қ. Ақылдың кені. –Алматы: Қазақстан,1991.-256 б.Б.Қ.Игенбаева. 

5. Мен –Адаммын.-Алматы: Дәуір, 2000.-128 б.

 

 

314 0
Мирамгул Бактыгереева, Салтанат Давлеткалиева Орал қаласының № 40 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Ұлы Дала Ұстазы № 001584
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: