Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1410

Математика ақыл-ойдың озығы

Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
 Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

 Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2030 бағдарламасында «Елімізді ілгері жылжытатын, экономикасын көтеруге өз үлесін қосатын біздің келешек ұрпағымыз, қазіргі жастарымыз»- деп жастарға үлкен үміт артады. Елімізді барысқа айналдыратын осы жастардың қолында деп атап көрсетті. Ал бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттерді жүктейді. Ол міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» мен басқа мемлекеттік білім беру стандартында нақты көрсетілген.

 1. Бұған Елбасымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел.
 2. Қай жерде жұмыс істесекте, әр мұғалімнің алдында қойған мақсаты: жан – жақты білімді, кез келген қиындықтардан өзін алып шыға алатын, ақылды да, парасатты бойында адамгершілік қасиеті мол, тәрбиелі оқушыны мектеп қабырғасынан оқытып шығару.
 «Мектептің жақсы болуы – ұстаздар қауымынан»- дегенде сөз бар. Сондықтан әр мұғалім оқытудың қазіргі жаңа технологиясын, немесе жаңа әдіс – тәсілдерін сабаққа тиімді пайдаланса ғана, келешек ұрпақтың жүйелі білім алуына, дамуына жол ашылмақ.
 Логикалық ойын – балалардың оқуға,еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады;бала зейінінің,жадының қалыптасуына,ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді.

Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.Логикалық ойлау – адамның интеллектуалды қабілеттерінің негізін құрайды.Ақыл-ойды тәрбиелеуде және ой-өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады.
 Мен өз сабағымда дамыта оқыту технологиясымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланамын. Бұл технологиялардың нәтижесінде, ең алдымен білім алушылар өз бетімен жұмыс істеу әрекеті мен қазіргі заманға сай ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы, интерактивті тақтамен жұмыс істеу біліктілігі және қызығушылық белсенділігі артады.
 Біз сабақты қанша сапалы, білімді, шеберлікпен өткізсек те, ал бала – оқушы тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
 Кезінде, өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен қосымша алуы керектігін айтады. Бұдан біз 20 - 30 жылдардың өзінде – ақ А. Байтұрсынұлының дамыта оқыту теориясында оқушының өзбетіндік танымдық әрекетінің рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз.

 Дамыта оқытудағы мұғалімнің міндеті - балаға орындалатын жұмыс түрлерін білім дәрежесіне байланысты шағындап беру, және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт бағдар беру, көрсету, үйрету. Білім алушылар қызықты математикалық мақал-мәтелдерді естігенде толқиды, таң қалады, яғни эмоция туады. Әсіресе жеке таным үшін таңқалу сезімінің рөлі күшті. Педагогикалық тәжірибеде «эмоцияналдық жұқтыру» ұстанымына аса мән беріледі. Яғни жағымды эмоцияның бүкіл сынып оқушыларына берілуі ЭЖ, әдетте дискотекада, дидактикалық ойын негізінде орын алады. Осыдан шығатын қорытынды: мұғалім сабақ үстінде оқушыларға жағымды эмоция туғызуға ұмтылуы тиіс. Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін әртүрлі тапсырмалар беруге болады.
 Мысалы: 5 сыныпта математика сабағында«Жасырынбақ» берілген өрнектерді дұрыс шығарып орнына әріптерді қойсақ мақал шығады. өрнек тарауында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда сөйлем құрауға тапсырма беріледі, .
 Келесі тапсырмада математикалық сауаттылық:
 1. Санның соңғы цифрларын анықтау.
 2. Сандар арасындағы байланыстар туралы.

Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау,қайталау,кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану,баланың белсенділігін арттырады.Оқу іс-әрекетінің құрылымының көлемі,мазмұны бағдарламаға сай,балалардың жас ерекешліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.Математика оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін.Қызықты жаттығулар,шығармашылық тапсырмалар қолданамын.Оқу іс-әрекетін өткізу барысында жұмбақтар жасырып,өлеңдер,тақпақтар,логикалық ойлауға арналған тапсырмалар,сөзжұмбақтар ды әрдайым қолданып отырамын.Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін артырады.
 9 сынып «логикалық  есептер» тақырыбында жұмбақтарды пайдалануға болады.

 Логикалық тапсырмаларды үнемі қолданып отырсақ,біз балалардың тек пәнге қызығушылығын ғана емес,логикалық ойлауында мынадай тәсілдер арқылы дамыта аламыз;

Ұғым қалыптастырудың логикалық тәсілдері:

Талдау-бұл нәрселерді бөліктерге жіктеу және олардың белгілерін айқындап көрсету.Мысалы: «Апельсин» біздің ойымызша ол дөңгелек,бұдырлау,түсі-қызғылт сары,ішкі құрылымы кішкене бөліктерге бөлінген.

Салыстыру-талдау нәтижесінде алынған белгілерін,бөліктерін ойша біртұтас бүтінге біріктіру.Мысалы:Ол –көкөніс.

Өз тәжірибемде балалардың қиялына қанат бітіріп,ойлау,таным қабілеттерін жетілдіруге,тапқырлыққа мән беремін.

Жеке оқушымен жұмыс барысында:

1. Алгоритмдер жазылатын дәптер.

Өзінің қателіктерін түсіну және оларды жою үшін оқушылардың қолында ереже, формула немесе есептердің шешу алгоритмі болу керек. Мектеп оқушылары 5- сыныптан бастап алгоритмі бар дәптер жүргізеді, онда ережелер, алгоритмдер және зерттелген тақырыптар бойынша қолдануға арналған мысалдар жазады. Дәптер мектепті бітіргенге дейін сақталады. Алгоритмге арналған дәптерге жазба жасаған кезде оқушылар есте сақтайды, көзбен көреді және моториканы қолданады.

2. Бақылауға арналған және жұмыс дәптерлерінде жүргізілетін қатемен жұмыс.Қателерді түзету- оқушылардың білімі мен біліктілегіндегі олқылықтарды жоюдың негізгі формаларының бірі. Бұл жұмыс үнемі мұғалімнің назарында болғанда ғана тиімді. Қатемен жұмыс жасау да пайдалы, өйткені кез келген қатемен танысып, оны талдай отырып, бала болашақта бұндай қателіктердің қайталануынан өзін белгілі деңгейде сақтандырады. Қателер бойынша мақсатты жұмыс оларды жүйелеуді қажет етеді. Бұл жағдайда негізгі рөлді олардың пайда болуының жалпы себептерімен, олармен жұмыс істеудің жалпы әдістерімен біріктірілген қателіктер тобы атқаруы керек. Қателіктерді осылай жүйелеу оларды түзетудің жолдарын көрсетуге және болашақта бұл қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.

3. Олқылықтарды жоюға берілген өзіндік жұмыстарға арналған дәптер. Ешкім басқа адамның ойларының дайын жазылған түрін оқып ойлануға үйренбейді. Тек қана өзіңіз туралы, өз іс әрекеттеріңізді талдау арқылы ғана ойлануға үйренесіз. Білімдегі олқылықтарды жою бойынша өзіндік жұмыс барысында оқушы мыналарға мүмкіндік алады:

- Ол үстірт оқыған және қателесуге әкелген теориялық материалға назар аударады;

- Оқу және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге;

- Сыныптастарымен де, мұғаліммен де қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға және жетілдіруге( тест жұмысынан жоғары балл алған оқушылар қанағаттанарлық немесе төмен деңгей алған оқушыларға кеңес берушілер болады)

- Түзету тапсырмаларын орындау кезінде бұрын зерттелген алгоритмдерді қолдану дағдыларын жетілдіруге;

- Тапсырмаларды орындау кезінде өзін-өзі бақылау дағдыларын жетілдіруге, ақыл-ой операцияларын дамытуға: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау.

4. Оқушылардың қалауымен мүмкіндік болса сыныптан тыс сағаттарда немесе каникул кезінде қосымша сабақтар жүргізу.

Бұл сабақтар өткізілетін уақыт әр түрлі оқушылар үшін әр түрлі болу керек. Ол олқылықтардың сан мен оларды жоюдың сәттілігімен анықталады. Қосымша сабақ позитивті, қуанышты жағдайда өтуі керек. Оқушылар бұл сабақтан көтеріңкі көңіл күймен, қанағат сезімімен қайтуы керек. Олар өз жұмысының оқ нәтижесі туралы нақты сенімді болу керек, өйткені оқу іс-әрекетінде сәттіліктің болмауы және оң ынталандырудың болмауы үлгермеушіліктің себептерінің бірі болып табылады. Мұндай сабақтардағы жұмыс әр оқушының жеке қарқынын және жеке қабілеттерін ескере отырып, тығыз кері байланысты қолдана отырып жүзеге асырылуы керек.

Біз қиындықтардың уақытша сипатына, оқушының оны жеңе алу қабілетіне деген сенімділігін қалыптастыру үшін психологиялық режим құруға тырысуымыз керек.

Осы жүргізілетін жұмыстар бірсарынды болып оқушыларды жалықтырмас үшін әр түрлі әдіс -тәсілдерді қолданған дұрыс. Мысалы:

- Қатені тап;

- Ойын әдістері;

- Білімді түзету карточкалары;

- Жаңа технолгияларды, АҚТ, жеке тұлғаға бағытталған әдістер;

- Деңгейлік тапсырмалар және т.б.

Танымдық қызығушылық – адамның туа біткен танымдық қажеттілігіне негізделген ішкі мотив. Көптеген зерттеулер қызығушылық ерік пен зейінді ынталандыратынын, есте сақтауды тезірек және кұшті етуге көмектесетінін дәлелдеді. Бұған проблемалық элементтер мен оқушыларға бағытталған оқыту ықпал етеді.

Кез келген жұмыс тиімді және нәтижелі болу керекаулу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді сабағымда қолданамын.

Қорыта келе,мектеп жасына дейінгі балалар оқу үрдісінде «логикалық ойын»түрлерін пайдалану,біріншіден,балалардың білімін берік меңгерту құралы болса,екіншіден,олардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын ,белсенділігін арттырып,білім сапасын көтеру болып табылады.Логикалық тапсырмалар баланы жан-жақты дамытып,білімді толықғырық меңгеруге көмектеседі.Еліміздің ертеңі,тәуелсіздігіміздің тұғыры-бүгінгі ұрпақ.Сондықтан,бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,жігерлі,білімді,өресі биік,денсаулығы мықты,парасатты азамат тәрбиелеу педагогтардың ең алғашқы міндеті.

Математика бүгінде қоғамдық өмірдің бүкіл салаларына енуде. Қазіргі кезде кез-келген мамандықты игеру үшін математикадан белгілі бір білім қажет. Компьютерлік сауаттылық та математикамен байланысты. Сонымен қатар математика міндетті түрде бітіру емтиханы мен ҰБТ-дағы міндетті үш пәннің біреуі. Сондықтан үлкен жауапкершілік жүгі математика пәнінің мұғалімінің мойнына түседі.

 

 

179 0
Мадина Шликеева Арнаулы кәсіптік колледжі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика және физика пәнінің оқытушысы Ұлы Дала Ұстазы № 001583
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: