Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1400

Педагогтың озық тәжірибесі ерен еңбектің жемісі!

Түркістан  облысы, Бәйдібек ауданы, «Таңатар Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебі»  КММ-сі.

Мектеп, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген экономист атағын иеленген (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы бөлімін басқарған )

 Таңатар Қазақбаев атында.

1991 жылы мектепте бала санының өсуіне байланысты, Тұрмыс-2

8 жылдық мектебі   Тұрмыс-2 орта мектебі болып құрылды. 

Ауыл тұрғындарының өтінішін қолдай отырып, Қазақстан Республикасы ономостикалық орталығы,   2000 жылдың сәуір айының 07 күні Қ. Р. Үкіметінің № 523 қаулысымен «Тұрмыс-2» орта мектебіне  Т. Қазақбаев есімін берді. 

2007 жылы қазан   айында екі қабаттан тұратын, жеке кәсіпкер Қазақбаева Гүлдананың  жеке қаржысына салынған 198 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Мектепте 18 сынып бөлмесі бар, 11 оқу кабинеті жұмыс істеді.2000 -2001 оқу жылынан бастап мектеп компьютерленді. 2003 жылдың ақпан айынан бастап интернет жүйесіне қосылды.

2018 жылдан жаңа типтегі салынған мектепті 

Қынатбеков Бақытжан Әбілхайырұлы басқарып келеді.

2021-2022 оқу жылында мектепте  18 сынып бөлмесі 241 оқушы заман талабына сай, сапалы білім мен саналы тәрбие алуда.Мектепте 50 мұғалім, 30 кіші қызметкер еңбек етуде.

Мектеп әкімшілігінің құрамы: Бакиров Қайсар Өсербайұлы  мектеп директорының оқуісі жөніндегі орынбасары. Құмабеков Мұрат мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Кратова Фируза директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары. 

Бекмұратова Күлшат директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

                                             Мектеп жетістіктері.

 

 2017-2018 оқу жылындағы «Алтын белгі» және грант   иегері.  Өркен Фариза - 104 балл КазУМОиМЯ, Тынысбек Диас - 87 балл ҚӘӘИ . Әбілхайыр Асқан - 126 балл  ОҚМедАкадем. Әуез Аружан -78 балл  Қ. Досмұханбетов Атырау университеті.

2018-2019 оқу жылындағы «Алтын белгі» және грант  иегері   Қалмахан Альфия  -81балл SiIk waу universitу.

2019-2020 оқу жылындағы «Алтын белгі» және грант  иегерлері Өркен Назгүл  - 75 балл   КарТУ. 

2020-2021 оқу жылындағы «Алтын белгі» және грант  иегерлері Қалдыиса Нурила -80 балл                     М. Әуезов атындағы ОҚМУ. Әбу Қарақат -33 (Шығармашылық) КазГАСА. Архарбай Азат -27 (Шығармашылық) М. Әуезов атындағы ОҚМУ.

                                           

      Оқу тәрбие саласындағы жетістіктеріміз.

 2018 -2019оқу жылында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмабеков Мұрат Төлегенұлы  облыстық «Табысты менеджер-2018» байқауында  жүлделі 3- ші дәрежелі дипломымен марапатталды.

2018-2019 оқу жылында мектебіміздің әлеуметтік педагогы Онбаева Ләззат Есмырзақызы  облыстық  «Үздік әлеуметтік педагог» байқауына қатысып, 3-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.

Үсенова Гүлдана Қалдыбайқызы 2018-2019 оқу жылында  сынып жетекшілер бойынша «Тәрбие ісінің үздігі  -2018»  аудандық байқауға қатысып алғыс хат иеленді.

Досалиева Камшат Серікызы   6 «Ә» сынып жетекшісі 2021-2022 оқу жылында «Білімді ұлт- тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық  оқуында, сынып жетекшілердің секциясы бойынша сапалы   баяндама жасап, алғыс хат иеленді. Осы оқу жылында сынып жетекшілер секциясы бойынша аудандық  «Үздік сынып жетекші -2021» байқауына қатысып, алғыс хат иеленді.

Мектеп тәлімгері Талбидинова  Мейрамкүл Тұрманқызы 2021-2022 оқу жылында «Білімді ұлт- тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық   оқуында тәлімгерлердің секциясы бойынша сапалы  баяндама жасап, алғыс хат иеленді.  Осы оқу жылы ішінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын аға тәлімгерлерді анықтау мақсатында «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» тақырыбында өткен аудандық байқауда 2 – ші дәрежелі дипломымен марапатталды.

    Мектеп кітапханашысы Мыңжасарова Айгүл Дүйсенбекқызы   2021-2022 оқу жылында Облыстың білім беру саласына қосқан үлесі мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарған еңбегі үшін және «Мектеп кітапханасында  ақпараттық қызмет көрсету түрлерін кеңейту және жаңа технологиялар арқылы оқу сапасын арттыру жолдары» атты аудандық оқыту семинарында білімділігі мен белсенділік танытқаны үшін Түркістан  облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің алғыс хатымен марапатталды.                                                                                                                              

  2021-2022 оқу жылында мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» тақырыбы бойынша   айлық іс- шара өткізілді. Іс- шара барысында 3 «А» сыныбының жетекшісі Деменова Айман Әсілбекқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы желбіре»,   4«Ә» сынып  жетекшісі Тұрдалиева Гүлвира Үсіпқызының ұйымдастыруымен    «Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында өткізген ашық тәрбие сағаттары жоғары деңгейде  аталып өтіліп, нәтижесінде Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

 Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Бекбенбетова Айнұр Назенқызы  2021 -2022 оқу жылында оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, шығармашылығын арттыру қолдау  мақсатында өткізілген «Түркістан: көне мен келешек көпірі» аудандық шығармашылық өнер фестиваліне өнерпаз шәкірттер дайындағаны  үшін Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.Мектеп оқушылары  сыныптан тыс уақытында «Дзюдо», «Қазақ» күресі, волейбол, кіші футбол секцияларына қатысып аудан облыс көлемінде жетістіктерге жетіп, жас спрортшыларымыз мектеп мерейін үстем етіп келеді.. Мектептегі үйірме жұмыстары бойынша.   Касетов Елік Тастемірұлы жетекшілік жасайтын «Қылқалам» үйірмесінің шығармашылық туындылары аудан, облыс көлеміндегі түрлі байқаулардан жоғарғы дәрежеде көрініп келеді. 2019-2020 оқу жылында А. Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласында   «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдатыруы мен өткізілген 1 республикалық «Абай жаққан бір сәуле» атты ақындар мүшәйрасына шәкірт дайындап, шәкірттері жоғары орыннан көрінгені үшін «Абайтану»  пәнінің мұғалімі Бекетова Гүлжамал Құдайбергенқызы  алғыс хат иеленді

Мектебіміздің 2017—2018   оқу жылындағы мектеп түлегі, 2018 жылы   Арапханұлы Рысбек мектепте берілген саналы тәрбие мен сапалы білімнің нәтижесінде Бәйдібек ауданы бойынша «Жылдың   үздік оқушысы»  Грамфри атағын иеленді.   2017-2018 оқу жылындағы мектеп түлегі Түркістан облыстық «Шәмші әндері» байқауының жеңімпазы Сатман Мәди Жұмабиұлы 2021жыл Бәйдібек ауданы бойынша «Жылдың үздік әншісі» Грамфри атағын иеленді.

    Білім көзі бастауышта демекші, мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша, оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Бекмұратова Күлшат Кеңсебепқызы 2019 -2020 оқу жылында «Ең үздік оқу орынбасары-2019»  аудандық байқауға қатысып 3-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.   Бастауыш сыныптар бойынша,сынып оқушыларының пәндік олимпиадасында 2020-2021 оқу жылында   2-ші сынып оқушысы  Арапхан Бекнұр 3-ші орын, 3-ші сынып оқушысы, Ауез Ақмаржан 2- ші орынды иеленді. 

2020-2021 оқу жылында бастауыш сыныптар бойынша аудандық мұғалімдер олимпиадасынан Қабылбек Айымкүл Тұрарбекқызы 3-ші орынды иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2018-2019 оқу жылында «Ясауитану» Халықаралық байқауына шәкірт әзірлеп, Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау ісіне атсалысқаны үшін тарих пәнінің мұғалімі Бакиров Қайсар Өсербайұлы алғыс хат иеленді.

2019 -2020 оқу жылында   6-11 сынып оқушылары арасында өткен дәстүрлі «Ясауитану» облыстық байқауының «Ерекше қабілет»номинациясы бойынша Құттыбай Дариға Жәнібекқызы марапатталды. 2021-2022 оқу жылында 6-11 сынып оқушылары арасында өткен дәстүрлі    «Ясауитану» облыстық байқауында білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына қалыптастырған жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұстаздық шеберлігімен және  үздік білімімен танылған тарих пәнінің мұғалімі   Бакиров Қайсар Өсербайұлы алғыс хат иеленді.

Мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша  аға буын ұстаздар, атап айтар болсақ, математика пәні бойынша   Қалдыбекова Жаңыл Оңғарқызы, Қадырбаева Раушан Жолдасбекқызы. Химия және  биология пәні   бойынша Үрістембекова Жаңылхан Үрістембекқызы. Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша Исабаева Гүлмира Үсенбекқызы, Оңалбекова Гүлдархан Ұласбекқызы. Тарих пәні бойынша  Ташболатова Қалдықыз Ермекқызы, әріптестеріміз, ұзақ жылдардағы еңбегінің нәтижеснде аудандық,  облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктерді, білім алып жатқан шәкірттерімен бірге иеленіп келеді. 

                                                            

293 0
Бақытжан Қынатбеков Таңатар Қазақбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Қайсар Бакиров директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мұрат Құмабеков директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Фируза Кратова директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Күлшат Бекмұратова директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары МОК № 001524
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: