Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1396

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен біріншіден, үйден отбасынан басталады. Өйткені, ата - аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану,  жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.

  Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы аталған  шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – бастауыш сынып пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Мысалы: өз сабақтарымда оқушыларды сабақтың тақырыптарына байланысты топтарға бөліп,  ойындар арқылы топтарының аттарын тапқызып, оқушыларды қызықтыру үшін ұлттық ойындарды, ребустар, сөзжұмбақтарды пайдаланамын. Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып бойынша өлеңдер, «Сөз ойла, көп ойла», «Өлең шығарайық», «Бес жолды өлең» құрастыру жұмыстарын жүргіземін. Оқушылардың ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «Аквариумдағы алтын балық», «балық сүйегі» әдістерін қолданамын.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.   Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек.  Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда  жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді деген қағидамен, өзім оқып, үйреніп, тәжірибеде пайдаланып келе жатқан сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы зор деген тұжырымға келдім.Әр технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек.  Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда  жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді деген қағидамен,өзім оқып, үйреніп, тәжірибеде пайдаланып келе жатқан «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының маңызы зор.Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау.  Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.Мысалы: бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу сабағы оқушыларды әдебиет әлеміне даярлайтын, сөз өнеріне баулитын алғашқы баспалдақ. Ондағы шығармаларды тек оқытып, жаттатып, мазмұнын игертіп қана қоймай, түрлі әдіс тәсілдер арқылы олардың ой-өрісін арттыратын, қиялын, тілін дамытатын тапсырмалар беріледі.Сонымен сыни ойлау философиясындағы басты мақсат: Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандай да болмасын білімді игереді. Сын тұрғысынан ойлау әрбір оқушының терең ойланып, тұжырым жасауға бағыттайды. Теорияны зерттей келе сын тұрғысынан ойлау жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын  қалыптастырудағы ықпалы үлкен болады деген тұжырымға болжам жасаймын. Қызығушылықты оятудың екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Тақырып бойынша «Ой толғаныс» бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. СТО бағдарламасының философиясын терең түсініп, әдістерін тиімді пайдаланған кездегі жеткен жетістіктерім:

 1.Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды

2. Оқушылар өз бетінше ізденуге, үйренгенін өмірде пайдалана білуге  үйренді.

3. Сұрақ қойып, сұрақтарға өз бетінше жауап беруге машықтанды

4. Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері және сын тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланды.

5.Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты,жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді.

        Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы орайда, қазақ тілін дұрыс үйрете білу өте маңызды. Педагогтің  сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының  алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.

 Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда  Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ  артық болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың функционалды сауатты болуын біз назарда ұстауымыз керек.

679 0
Нұр-Сұлтан қаласы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастуыш сынып мұғалімі Шойбасова Кулшат Калыновна Ұлы дала ұстазы № 002412
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: