ҚР "Білім туралы" Заңының қабылдануымен отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның шығармашылық, қызығушылық танытатын өзара әрекеттесуіне алғы шарттар пайда болды. Бұл білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқаруға, білім берудің барлық нысандарының, оның ішінде техникалық білім беруге басымдылық беру бүгінгі күн талабы болып отыр.
Қазіргі заман талабы техникалық білім алу әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде танылады. Еліміздегі білім беру жүйесі өзгере бастады.Бүгінгі мектеп оқушыларының робыттық технологияға қызығушылығы басым.Компьютерден қажетті ақпараттарды өздері іздеп, түрлі деректерді тауып алуға бейім.
Мектебімізде бастауыш сыныптарда ғарыштану пәні факултативтік сабақ ретінде өтеді.Оқушылардың бұл пәнге қызығушылығы өте жоғары.Сабақтың практикалық бөлімінде балалар түрлі ракеталардың,жасанды жер серіктерінің,роботтардың макетін жасап үйренеді.Сонымен қатар сабақта қазақстанның ғарышты игеру саласындағы жеткен жетістіктері туралы толық мәліметтер беріледі.Балалар сабаққа байланысты бейне материалдармен танысып, өз ойларымен кеңінен бөліседі.« Сен білесің бе?» деп аталатын бөлімінде балалар ғарыш әлемінің небір құпия сырларымен танысады.
Шәкірттерімнің осындай қызығушылығын көргенде ұстаз ретінде кеудемді мақтаныш сезімі билейді.
Осындай жүйелі жұмыстар арқылы балалардың жалпы жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндерге деген қызығушылығын арттыруға болады. «Ғарыш-балалар көзімен» деген тақырыпта дәстүрлі түрде сурет көрмесі өткізіліп,қорытындысында жақсы жұмыстар марапатталып отырады.Мектепте ғарышкерлер күніне арнап жыл сайын көрме ұйымдастырылады.Бұл іс-шарадан ата-аналарымыз да тыс қалмайды.Балаларға көмектесіп отырады.Осындай ата-ана, оқушы мен мұғалімдер арасындағы өзара ұйымдасқан үштік одақ әрекеттесуінің арқасында оқу процесін жетілдіруге көп көмек беріледі.Осындай отбасы мен мұғалім тарапынан қолдау тапқан баланың білімі ұшталып, шығармашылықпен еркін дамыған тұлға болып қалыптасып шығатыны сөзсіз.