Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнін тереңірек түсіне білу үшін ең алдымен пәнге деген қызығушылықтарын оята білу керек деп ойлаймын.Жаңа тақырыпты түсіндіруден бұрын тақырып мазмұнына сәйкес шығармашылық ой-өрісін кеңейтуге арналған логикалық есептер шығартып, балалардың ойлау қабілеттерінің дамыуына жағдай жасап,баланың дербес ойлауына бағыттау керек.
Сабақ барысында ширату тапсырмаларын беріп, жеңілден қиынға қағидасын басшылыққа ала отырып жұмыс жасаған дұрыс.
Логикалық есептердің мәтін мазмұны өмірмен байланысты, балаға түсінікті болғаны жөн. Есепті шешудің тиімді нұсқаларын көрсету.Оқушыларды интеллектуалды дамыту,оларға стандартты емес шарттармен берілген есептерді шығаруға көмектесетін жаңа жолдарды көрсету,арқылы ойлау, есептеу жүйелігін қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалу қажет.
-Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
-Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.
-Талдау жасау арқылы оқушыны өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету.
-Геометриялық пішіндерді өзге фигурадағы пішіндермен салыстыра білу. Әріпті,арифметикалық ребустар шешу.
-Қарапайым шырпы, таяқшаларды,пластик ыдыстарды қолдана отырып фигуралардың,сандардың орнын ауыстыру арқылы басқа фигуралар мен сандар шығара білуге дағдылану.
-Жиындар туралы түсініктерін кеңейту.
Өз тәжірибемде қолданып жүрген мәтінмен берілген логикалық есептердің шығарылу жолдарын түсіндіріп тоқтала кетейін.
Үстел үстінде қатар 5 шам жанып тұр. Оның үшеуін үрлеп сөндірді.Неше шам қалып қойды?
-Есеп не туралы?
-Есепте не белгілі?
-Не белгісіз?
Жанып тұр мен сөндірді сөздерінің мағынасын талдау.
Талдау нәтижесі арқылы есепті өз беттерінше шығаруға жетелеу.
3 еуін үрлеп өшіргені
Неше шам қалғаны
Жанып тұр -5
Өшірді-3
Қалды-?
Яғни үрлеп өшірген шам жанбай сол күйінде қалып қояды. Ал екі шам жанып таусылады.
Жауабы: 3 шам қалды, себебі олар өшіп қалды.
Демек балаларға асығыс шешім қабылдамай есеп мазмұнын түсініп оқыу керектігі ескертіледі
Ширату сұрақтары:
1.Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
2.Алдында сан болмайтын натурал санды ата.
3. Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.Осы үйде ең кемінде және ең көп дегенде неше адам отыр?
1.Түйенің екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы түйенің екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артыңғы аяғы бар. Түйенің барлығы неше аяғы бар?
Түйенің алдыңғы аяғы нешеу?
Артқы аяғы нешеу?
Оң аяғы нешеу?
Сол аяғы нешеу?
Түйенің суретін көрсетіп, сұрақтар қою арқылы есеп сұрағына жауап беру.
Түйенің барлығы неше аяғы бар?
2 аяқ
2 аяқ Барлығы 4 аяқ Жауабы: 4 аяғы бар
Балаларға өлең есептер беру арқылы қызықтыру да оңтайлы тәсілдердің бірі.
1.
Ой,балаларар,балалар,
Бұл қызыққа қараңдар.
Бір кітапта қанша бет?
Білмей отыр Қанатбек.
Отыз парақ санады,
Он бет тағы қалады.
Қане,санап көріңдер,
Досқа көмек беріңдер.
2.
Талғат тапқан
Он жаңғақтан,
Екіден-ақ
Еппен санап,
Әлжан алды,
Қалжан алды,
Балжан алды,
Қанша қалды?
Екі дос бір вагонда келе жатыр. Вагон 9 купелі. Бір жолдасы соңынан 5 купеге, келесісі алдынан 5 купеге отырды. Екі дос бір купеге отыра алды ма?
Оқушыларға берілген сұрақтарға жауапты сызба арқылы таптыру.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1-ден 5-ке дейін санау
9-дан кері қарай 5 вагонды санау
Жауабы: екі дос бір купеге отыра алады.
2. Үш бөрене ағашты аралап 15 шөрке әзірлеген болса ағашты неше рет кескен?
Сызба арқылы оқушылардың өздеріне талдату арқылы есептің жауабын таптыру.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шешуі:
15:3= 5
Жауабы: Әр шөркені 4 рет кесіп 5шөрке әзірлеп, 3 шөркені
12 рет кеседі.Қазіргі заманауи ұялы телефон мен компьютер тетігін меңгерген балаларды таңдандыру да оңай шаруа емес.
Дегенмен осындай ізденістердің арқасында балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып отыру жақсы нәтиже берері сөзсіз.