Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1389

Сабақтағы кері байланыс – мұғалім жетістігі

Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты – білімді, адамгершілігі жоғары, өзіндік ой-толғамы бар, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, заман талабына сай білікті маман, шебер мұғалім дайындау көзделуде. Жаңа форматтағы мұғалім болып, білімімізді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың жаңартылған білім мазмұны бойынша біршама курстардан  өттік. Бұл бағытта білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің аса маңызды екеніне көз жеткіздік. Осы ретте оқушының қаншалықты білім алғаны емес, сол алған білімін өмірде қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып тұр. Алған білімнің нәтижесін бағалап, бағдарлау сабақ барысындағы кері байланыс кезінде анықталады. Осыған орай «Сабақтағы кері байланыс – мұғалім жетістігі»тақырыбында ой қозғағым келеді. 

Кері байланыс – нақты іс-әрекетке, сұрақтар мен жауаптпрдың дұрыс-бұрыстығына баға беру немесе пікір айту. Кері байланыс оқушының оқыту үдерісі қалай өткені және қалай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін айтуға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында өз бетімен орындалган тапсырмаларының соңында да жүргізіліп отыруы тиіс. Кері байланысты түрліше жүргізуге болады: топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша да, жазбаша да жүргізуге болады.

Кері байланыс әрекетін ұйымдастырудағы басты мақсат:

Оқушының ішкі рефлексиясын даярлау, өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті  болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:

  1. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;
  2. Оқушыға өзінің мықты және осал тұстарын көрсетіп, алға жылжыуға ықпал етеді;
  3. Оқушы бағалауды ғана емес, өз жетістігінен хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады.

      Мұгалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің дұрыс не бұрыс болғанын дәлелдеп қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс-әрекетін зерделейді. Мұғалім ең алдымен оқушыларын кері байланыс жасауға дағдыландырып алуы тиіс. Сонда ғана ол оң нәтиже береді. Оқушы біліім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу үшін оқушыға кері байланыс пен маадақтау қажет, сондықтан кері байланыс жүргізу маңызды әрекет. 

389 0
Дәуіт Арай Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы дала ұстазы № 002405
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: